(Ж: 20Дж; 2,5Дж) Массасы 80кг парашютші әуеде қозғалыссыз тұрған тікұшақтан 200м-ге құлап, 50м/с жылдамдыққа ие болды. Ауаның кедергі күшінің жұмысы (Ж: 60кДж)
Массасы 2т ұшақ горизонталь бағытта 50м/с жылдамдықпен ұшып барады. 420м биіктікте ол двигателін өшіріп, төмендей бастады да, 30м/с жылдамдықпен аэродром жолына келіп жетті. Ұшақ қалықтап төмен түскенде ауаның кедергі кұшінің жұмысы (g=10м/с2) (Ж: 10МДж)
Үстіндегі адамды қоса есептегендегі массасы 100кг қолшана биіктігі 8м, ұзындығы 100м төбешіктен сырғанап түсті. Егер төбешіктің етегінде шананың жылдамдығы 10м/с және бастапқы жылдамдығы нөлге тең болса, қозғалыстың орташа кедергі күші (g=10м/с2) (Ж: 30Н)
Массасы 3т автомобиль горизонталь жолда 2м/с2 үдеумен қозғала бастады. Үйкеліс коэффициенті 0,02. Двигательдің 2с ішінде істейтін жұмысы. (g=10м/с2)