Кинетикалық әдістері - Талдаудың бұл әдістерінде талданатын заттың концентрациясын кинетикалық теңдеу негізінде оның дифференциалдық та, интефалдық та түрлерін пайдалана отырып есептейді. Ол үшін индикаторлық көбінесе талданатын заттың әр түрлі бастапқы концентрациясына сәйкес индикаторлық реакциянын жылдамдығы немесе индикатордың әр түрлі бастапқы концентрациясы пайдаланылады. Кинетикалық теңдеулерден байқағанымыздай ізделініп отырған концентрацияны үш түрлі жолмен: реакция жылдамдығы, уақыты және ондағы заттардың біреуінің концентрациясы бойынша анықтайды. Индикаторлық реакцияда пайдаланылатын заттардың қасиеті мен сипаттамасына қарай тангенстер, белгіленген уақыт, белгілеген концентрация әдістері қолданылады. Кейбір жағдайларда есептеудің басқадай әдістері, мысалы, тікелей дифференциалдау әдісі, жанама жүргізу әдісі және т.б. қамтылады.
Достарыңызбен бөлісу: |