Кіріктіріп оқыту әдістемесінің негізіндегі оқу үрдісінің ерекшеліктері Мақсаты



бет4/4
Дата25.09.2024
өлшемі30,19 Kb.
#205080
түріСабақ
1   2   3   4
Байланысты:
глилл әдісі

Танымдық сынақ. Оқушылар функционалды тілді ғана жаттықтырмай, онымен бірге басқа пәндердің танымдық, академиялық негіздерін оқып, сол жайында қарым-қатынасқа түсе білуі қажет. Бұл арада оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыту қолдауды қажет етеді.

Оқушыларға тірек негіздерді беру, яғни қажетті мазмұн және тілдік ортамен қамтамасыз ету кейде маңызды, алайда уақыт өте келе ол көмекті азайту қажет. Мысалға, болжамды қажет етілуі мүмкін деген тілдік минимумды тақтада топтарға бөліп, кесте түрінде беру оқушыларға өз білімдерін жинақтауға, ойларын айтуға көмектеседі. Қажетті тірек негіздермен қамтамасыз ету оқушыларға қажет көмек көлемімен және ұзақтылығы бойынша әрқилы болуы мүмкін.

  • Ойлау қабілеттерін дамыту. Мұғалімдер сабақта оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыту үшін ойлау қабілеттерінің төменгі сатыларын дамытуға (lower order thinking skills - LOTS) не? қашан? қайда? қанша? деген сұрақтарын қояды. Алайда, ойлау қабілетінің жоғарғы деңгейінде ойлану қабілеттерін дамыту үшін оқушыларға неге? және қалай? деген сұрақтарды қоюы тиіс. Бұл сұрақтардың жауабын беру үшін (Higher order thinking questions - HOTS) оқушыларға әлдеқайда көбірек тілдік минимум қажет болады.

Қорытындай келе айтарым, пәндерді екінші тілде оқыту оқушы жетістігі мен дағдыларын дамытуға кері әсерін тигізбейді, керісінше тілдерді академиялық деңгейде меңгеруге, пән саласы бойынша қосымша ақпарат көздерін кеңінен қолдануға, өзге мәдениетті түсінуге мүмкіндік береді, екіншіден, өз елінің экономикалық, саяси, әлеуметтік, экологиялық жағдайын, географиялық орнын жан-жақты зерттеп, потриоттық сезімді қалыптасыруды көздейді.
CLIL – оқушылардың өзге тілде әрі оқу мәнмәтінінде лингвистикалық және коммуникативтік құзыреттіліктерін қалыптастыратын, білім мен дағдыны дамытатын дидактикалық әдістеме.
Тек жаңашыл ұстаз ғана білімді, әрі өмірде өз орнын таба білетін тұлға даярлай алады. Жақсы ұстаз – тек сапалы білім беріп қана қоймай, баланың бойындағы асыл қасиеттерді қалыптастырып, шет елдің мәдениетін өз елімен салыстыра отырып, ұлттық құндылықтарды қадірлеуге үйретеді, өздері таңдаған мамандықтарын меңгере алатын, өмірге икемді, теориялық алған білімін өмірінде тиімді пайдалана алатын тұлға даярлауға міндетті.
Мемлекеттік болашағы тікелей мектептегі білім беру әдістемесіне, ұстаз қабілетіне байланысты болады. Қазіргі заманда өскелең ұрпаққа шексіз мүмкіндіктер берілген. Бәсекеге қабілетті дамыған мемлекет болу үшін біз сауаттылығы жоғары ел болуға талпынуымыз қажет. Сондықтан шет тілдерін, әсіресе маңызы асып тұрған шақтағы ағылшын тілін оқытудың маңыздылығы мен тиімділігіне баса назар аударып, білім беру әдістемесін соған қарай құру маңызды болып табылады.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет