1 жұмысты өткізуге берілетін әдістемелік шарттар
Жұмыс мақсаты. Байер әдісімен бокситтен глиноземді алудың басты үрдістердің технологиялық және физико-химиялық негіздерін зерттеу.
Бокситтерді сілтілеу, алюминаттық ерітіндінің ыдырау және алюминий гидроксидінің кальцинация үрдістерін зертханалық жағдайларда өткізу.
1.2.2 Материалдар мен жабдықтар.
1) Материалдар: бокситтер – аз кремнийлі, жоғары кремнийлі, гидраргилитті; әктас (реактив); айналмалы ерітінді (бастапқы).
2) Жабдықтар: бокситті автоклавсыз сілтілеу үшін арналған қондырғы; бокситті автоклавты сілтілеудің қондырғысы (2 сурет); кептіргіш шкаф; Киптің жабдығы; пульпаны сүзгілеу қондырғысы; кальцинациялық пеш; алундтық тигельдер; техникалық таразы, колбалар, мензуркалар, өлшеуіш цилиндрлер.
1.2.3 Жұмысты орындау тәртібі. Байер бойынша аз кремнийлі және жоғары кремнийлі (теңестіру үшін) бокситтердің сілтілеуін жүргізу. Концентрациясы 150-300 г/дм3 Na2Oк болатын айналмалы ерітіндіні дайындау. Нақты шарттарды оқытушы көрсетеді. Айналмалы ерітіндіні, концентрациясы Na2Oк – 400 г/дм3 және αо – 3,5-4 болатын, бастапқы қаныққан ерітіндіні сұйылту жолымен алады. Сұйылту кезіндегі қосып салатын судың мөлшерін (15) формула бойынша есептеленеді.
(15)
мұндағы, Vв – бастапқы концентрациядан С1 керекті
концентрациясын С2 алу үшін 1 дм3 ерітіндіге қосатын
су мөлшері.
Бокситтің құрамы және айналмалы ерітіндінің есептелген құрамы бойынша ерітіндінің 50 см3-ге келетін бокситтің салымын, ал автоклавсыз сілтілеу үшін ерітіндінің 100 см3-ге салымын, αа=1,9 деп алып, (9) формуламен есептеу. Есептеуді (8) формуламен тексеру керек.
Гидраргиллиттік бокситті 20, 50 және 1000С температурада 2 сағат, ал қиын ашылатын бокситтерді автоклавтарда температура 50, 100, 120, 160, 200, 2400С болғанда сілтілейді. Жоғары температуралы сілтілеу 2900С температурада 5, 10, 60 және 120 мин жүргізеді.
Сілтілеудің нақты шарттарын оқытушы береді. Кейбір тәжірибелерде бокситтің массасына шамамен 4% ізбесті салады.
Бокситтің салымын автоклав (3) салып (1-сурет), айналмалы ерітіндінін 50 см3 құяды да метал немесе шыны таяқшамен жақсылап араластырады. Автоклавты жауып, рамаға (4) термостатты (1) орналастырады. Тәжірибе біткеннен кейін автоклавты суық сумен жақсы суытып, ашады.
Достарыңызбен бөлісу: |