Кіріспе 3 І бөлім. ОҚыту заңдылықтары мен принциптері және оларға сипаттама



бет10/15
Дата21.05.2022
өлшемі67,66 Kb.
#144436
түріСабақ
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15
Байланысты:
stud.kz-68713

Тәрбиенің идеялылығы мен мақсаттылығы. Тәрбиенің алдына қоғам болашағына берік сенімі бар азаматтарды қалыптастыру міндеті қойылады.Мектептің бүкіл іс – әрекеті, қоғамдық өмірі осыған қызмет етуі керек.Кез – келген тәрбие жұмысының құндылығы оқушылар ұжымының идеялық өмірін байытумен, оқушылар сапасын ғылыми білімнің дұрыстығына берік сендірумен, қоғамдық саяси белсенділігін, жоғары моральдық және азаматтық сапаларын қалыптастырудағы ықпалымен бағаланады.
Тәрбиенің өмірмен, еңбекпен, қоғам құрылысының практикасымен байланыс принципі. Бұл принциптің мәні қоғамның әкономикалық, әлеуметтік және рухани қатынастарын, өмір шындығының моралі және әсемділікке көзқарасын тәрбие ісінде қолдану болып табылады.Оқушыларды еңбектік іс – әрекеттің түрлеріне қатынастарын, әрекеттің қоғамның түпкі мүддесі үшін, материалдық және рухани игіліктерді байыту үшін күресетін құрамды бөлігі екенін қабылдайтындай етуіміз керек.
Ұжымда және ұжым арқылы тәрбиелеу. Бұл тәрбие жұмысының жетекші принциптерінің бірі.А.С.Макаренко ұжымды адамның біртұтас түрлі сапалары жаттығып, қалыптасатын гимнастика залы, сондықтан тәрбие жүйесі «ұжым болып» ұйымдастырылған педагогикалық іс – әрекет процесін басқаларынан жоғары қояды,-деп көрсетті.Бірлескен іс – әрекетте, орынды ұйымдастырылған ұжымдық қозғалыста ғана өзара тәуелді, өзара жауапкерлікті қатынастар туындайды, баланың тәжірибесі және ұжымдық өмір дағдыларын жинау процесі жүреді, оның қоғамдық мәнінің ұжымшылдық сапалары қалыптасады.
Тәрбиеленушінің тұлғасына қойылатын талаптар мен көрсетілетін құрметтің бірлігі. А.С.Макаренко кезінде «Егер бәреу – мәреу педагогикалық тәжірибенің мәнін қысқаша формуламен қалай анықтар едіңіз деп сұрай қалса, мен оған адамға мүмкіндігінше үлкен талап қою және құрмет көрсету деп жауап берер едім»,-деген екен.Мұғалім осы принципті басшылыққа алып, оқушы күш – қуатына ерік беретін,орынды әрекеттеріне және қылықтарына тербеліс туғызатын, өзінің құлқын сезінуін және өз тәртібіне жауапкерлігін ұғындыратын өзіндік өрнегі мен сарыны бар қатынастарды таңдап алады.Егер талап ету ізденумен, қате түсінікпен, уақ – түйнекпен байланыссыз болса, ол адамға деген құрметтің ең жоғары өлшемі болып табылады. А.С.Макаренконың айтуына қарағанда, белгілі бір
шамада қателесу бола тұрса да, адамға үміт болжамы тұрғысынан қарау керек.Оқушы бойындағы орынды – рухани нәрсені жобалай біліп,оған сүйеніп, оның сеніміне иек артуымен қатар, мұғалім оқушының өз тәжірибесін дамытумен айналысуға дайындығын іске қоса білуі керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет