Кіріспе 3 I тарау Жастардың әлеуметтік сипаты


I Тарау Жастардың әлеуметтік сипаты



бет3/8
Дата07.02.2022
өлшемі110,5 Kb.
#82111
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Жастар әлеуметі курстық жұмыс

I Тарау Жастардың әлеуметтік сипаты.
1.1 Жастарды әлеуметтанушылық зерттеудің бағыттары: психоаналитикалық, құрылымдық-функционалдық, мәдени.
Психоаналитикалық бағыт З. Фрейд пен оның оқушылары және ізін жалғастырушылары идеяларына негізделеді (Р. Бенедикт, Л. Фойер, Л. Шелефф, Э. Эриксон). Олардың еңбектерінің арқасында “эдип комплексі” теориясы дүниеге келді, онда ұрпақтар арасындағы жанжал табиғатын түсіндіруге көмектесетін гендерлік іс - әрекет үлгісі, жастардың өмір сүріп жатқан әлеуметтік тәртіпке қызуқанды қарсы шығу себептерін анықтауға көмектеседі.
Л. Фойердің тұжырымдауынша, “ұрпақтар жанжалы адамзат тарихының тамаша тақырыбы. Ол адамзат табиғатының ең бастапқы мінездемелеріне сүйенеді, мүмкін, таптық күреске қарағанда маңызды тарихи итермелеуші күш болуы да ықтимал... Барлық өмір сүруші қоғамның тарихы ұрпақтар арасындағы күрестер тарихы болып табылады.”
Осы тақырыпта ғалымдардың Л. Архангельский, С. Иконникова, И. Кон, В. Лисовский, В. Ольманский, Д. Фельдштейн, В. Щердаков тағы басқа ғалымдардың еңбектерінде бар.
70 ж.ж. жинақталған тәжірибе мен білім жастардың әлеуметтенуін толық зерттеу жасауына үлес қосты, онда әсіресе, әртүрлі әлеуметтік қабаттардың ерекшеліктерін көрсетіп берді. Дәл осы психоаналитикалық бағыт арқылы жастар сана сезімінің терең тамырын анықтауға, жас жеке тұлға ерекшелігін түсінуге, әлеуметтік бөлінуді жеңу мен өз - өзін дамытуға көмек беруді айқындады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет