Кiрiспе. 30 тамыз 1995 ж. ҚР жаңа Конституциясын қабылдау. Конституция құрылымы. Жоспар



бет40/42
Дата07.02.2022
өлшемі1,04 Mb.
#86401
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   42
Байланысты:
лекция

Бақылау сұрақтары:
1) Энергетикалық қорлар?
2) 1997 ж. 1 қазанда не қабылданды?
3) ХХI ғ. қарсаныңдағы қазақстан?
39 тақырып.
Бейбітшілік қоғамдағы Қазақстан.
Жоспар:
1) Бейбітшілік.
2) Қоғамдағы бейбітшілік орны.
3) Қазақстан бейбітшілігі.
АСТАНА. 12-қыркүйек. Kazakhstan Today. "130-дай ұлт пен 40 -тан астам конфессия өкілдері тұратын көп ұлтты Қазақстанда тәуелсіздік жылдарында баянды бейбітшілік, келісім мен бір-бірін құрметтеу қарым-қатынасы бекем орнықты". Бұл туралы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев бүгін Астанада әлемдік және дәстүрлі діндер жетекшілерінің ІІ сьезінде сөйлеген сөзінде мәлімдеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі. "Осының арқасында ғана біз Қазақстанға тән даму моделін жоспарлы түрде жасап, экономикамызды модернизациялауда ұлығаусар жетістіктерге қол жеткіздік",- деді мемлекет басшысы. "Ядролық қарудан өз бетімізбен бас тарту арқылы біз Қазақстанды бейбітшілік пен тұрақтылық аймағына айналдырдық, ал айналамыздағы барлық көршілерімізбен достық байланыстар орнату арқылы біз ғаламдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде аймақтағы көшбасшы елге айналдық",- деді Н.Назарбаев. "Осының бәрі жинақтала келе бізге бейбітшілік сүйгіш барша қауымның сеніміне ие болуға мүмкіндік беріп, бізге түрлі діндер мен халықтардың рухани шырақшылары - сіздерді шақырып, аса беделді форумды бастауға жол ашты",- деді ол.
Кез келген елдің тілегі де, оның арманы да халқының бейбітшілігін сақтау екені сөзсіз. Елінің экономикасын дамытып, халқының қауіпсіздігін нығайту арқылы ішкі тұрақтылықты қамтамасыз етеді. Өйткені, бейбіт өмір бақыт, береке, бірлік әкелумен бірге, өрлеу мен өркендеуге жол ашады. Дана халқымыз: «Байлық байлық емес, бірлік – байлық», – деп бекер айтпаса керек. Бұқара халық әрдайым ты­ныш­тықта, мәңгілік бейбіт өмір сүруді армандайды. Ал ұрпағы­ның амандығы келешегінің кемел­дігін білдіреді. Өткен тарихқа көз салсақ, адамзат небір сұрапыл соғыстардан көз ашпады. Қаншама елдер соғыс зардабынан құлдырап, азып-тозды. Талай жазықсыз жандар сол зұлматтың зардабын шекті. Мұның барлығы бейбітшілік кеткен жерді берекесіздік жайлай­тындығын тайға таңба басқандай етіп анық көрсетуде. Бейбітшілікті сақтау, соғыс отын тұтатпау, бейбітшілік үшін күресу қазіргі ХХІ ғасырдың да ең өзекті мәселелерінің біріне айналды. Содан болар, халықаралық қоғамдастық бейбітшілікті жал­пыадамзаттық құндылықтар қата­рына қосып отыр. Сауатты да саналы, парасатты елдің ұрпағы өткеніне көз жіберіп, ата-бабасының жолынан сабақ алары ақиқат. Сонысымен тарихын бағамдап, келешегін кемелдей түседі. Біз де өткенімізге үңіле қарайықшы. Қазақ халқы да тағдырдың қатал сынын басынан кешті. Осының салдарынан жер бетінде ұлт ретінде жойылып кету қаупі әлсін-әлсін қайталанды. Соғыстар, көтерілістер, онан қалды ашаршылықтар – мұның барлығы халықтың қырылып, азып-тозуына әкеліп соқты. Әйтсе де, «мың өліп, мың тірілген» бабаларымыз бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығарып, еліміз бен жерімізді сыртқы жаулардан азат ету жолында аянбай күресті. Тіпті, мына бір мысалдың өзі осыған нақ айғақтай. Он төрт жасында Қазыбек би Тәуке ханның белгілі би-батырлары бастаған елшілігіне ілесіп, алғаш рет қалмақ қоңтайшысына барған екен. Қылышынан қан тамған қаһарлы қалмақ ханының алдында: «Дат, тақсыр!», – деп жұлқынып алға шығып: «Қазақ деген мал баққан елміз, ешкімге соқтықпай жай жатқан елміз. Елімізден құт-береке қашпасын деп, жеріміздің шетін жау баспасын деп, найзасына жылқының қылын таққан елміз. Дұшпан басынбаған елміз, басымыздан сөз асырмаған елміз. Достығымызды сақтай білген елміз, дәм-тұзын ақтай білген елміз. Бірақ, асқақтаған хан болса, хан ордасын таптай білген елміз. Атадан ұл туса, құл боламын деп тумайды, анадан қыз туса, күң боламын деп тумайды, ұл мен қызын жатқа құл мен күң етіп отыра алмайтын елміз. Сен темір болсаң, біз көмірміз, еріткелі келгенбіз, қазақ-қалмақ баласын теліткелі келгенбіз. Танымайтын жат елге танысқалы келгенбіз, танысуға көнбесең, шабысқалы келгенбіз. Сен қабылан болсаң, мен арыстан – алысқалы келгенбіз, тұтқыр сары желіммен жабысқалы келгенбіз. Бітім берсең, жөніңді айт, бермесең, тұрысатын жеріңді айт!», – деген екен. Сонда қалмақ ханы жас баланың сөзінен бас алыспақ батырлықты да, ынтымаққа шақырған ізгілікті де аңғарып, шешендігі мен өжеттігіне риза болған көрінеді. Міне, осындай ата-бабаларымыздың ерен ерліктері мен шын тілеулері бүгінгі Тәңір сыйлаған тәуелсіздікке қол жеткізіп, өзгелермен тең дәре­жедегі бейбіт елге айналдырды. Бейбітшілікте, есендікте өмір сүруге ұмтылу – қазақ халқының қанына сіңген асыл қасиеттерінің бірі екені сөзсіз. Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың: «Қазақ халқы сан ғасырлар бойы өзінің егемендігі мен тәуелсіздігі үшін күресіп келді. Өзінің ең жақсы қасиеттерінің: қатер төнген сәтте бірігіп, ұйымдаса білуінің, сондай-ақ, басқа халықтармен бейбітшілік, келісім мен тату көршілік жағдайында тұруға деген ынта-ықыласының арқасында ол тарих тасқынының астында қа­лып қоймай, өзінің мемлекетті­гін қалпына келтіре алды», – деген сөзі кешегі мен бүгінгі тарихымызды ұштастырып тұрғандай. Мұсылман бала­­­сының бір-бірін көргенде қол алып, құшақ жая сәлемдесуінің өзі бауыр­ластықты, бейбітшілікті меңзейді. Қасиетті Құранда: «Алла құзы­рындағы дін – тек Ислам ғана», – делінеді («әл-Имран» сүресі, 19-аят). Аталған аят Ислам­ның жер бетінде бейбітшілік пен тыныштықты орнату үшін жіберілген соңғы дін екенін көрсетуде. Шынында, Ислам бейбітшілікке үндейді. Ал мұсылман баласы сол бейбітшілікті өзінің іс-әрекетімен, пайым-парасатымен, көркем әдебімен көрсете түседі. Міне, сонау ықылым заманнан мұсылманшылықты ту еткен халқымыз өмір болмысында татулыққа бекем болған. Дініне берік болып, өзара бөлінбеген, бірігіп ел бола білген. Өкініштісі, қазіргі кезеңде ел ынтымағын бейбіт діннің атын жамыла отырып ыдыратқысы келетіндер де аз емес. Тіпті, үй ішінен үй тігіп, ынтымағы жа­расқан мұсылмандардың арасына іріткі салып, бәзбір діни ағымдарды дін етіп көрсеткісі келетіндердің жымысқы әрекеті қоғамның бір-лігіне әжептәуір ­зиян­ын тигізуде. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) өз хади-сінде: «Сендерге бірге болуларыңды өсиет етемін. Бөлініп шығудан өте қатты сақ болыңдар. Себебі, шайтан жеке-дара өмір сүрген кісіге жақын болады. Бірге болған екі адамнан алыс тұрады. Кімде-кім жәннаттың дәл ортасында өмір сүргісі келсе, көпшілікпен бірге болуға мән берсін», – дейді. Ал Алла тағала қоғамның ты­ныштығын бұзатын бүлік пен іріт­кі салушылыққа қатаң түрде тыйым салады. «Алла бүлік шыға­ру­шыларды сүймейді», – делінген («Мәйдә» сү­ресі, 64-аят). Тағы бір хадис­те: «Кімде-кім бағынудан бас тартып, жамағаттан бөлініп кет­се әрі сол кеткен күйінде өлетін болса, онда ол надандық өліммен өлген болып есептеледі», – дейді. Шын­дығында, Ислам – мейірім, сы­пайы­лық, көркемдік және әдемілік діні.Ислам – жеке тұлғаның, отба­сының, қоғамның, қала берді бүкіл ғаламның бақыты мен бейбіт­шілігін қалайтын дін. Үлкен­дер­­ге құрмет көрсету, кішілерге мейірімді болу, ата-анаға бойсұ­нып, туған-туысқандармен жақсы қарым-қатынасты нығайту дініміз­дің нақ әмірі. Ал оны орындаған кісі кіші отаны болған отбасының бақытын қамтамасыз етеді. Өзіне, отбасына пайдалы болған әрбір жан өзі өмір кешіп жатқан алтын ұясы – Отанының бейбітшілігін сақтай түседі. Отанының аманды­ғын қалаған адам әлемнің бейбіт­шілігін тілері сөзсіз ақиқат. Елбасы Қазақстан халқына арнаған биылғы Жолдауында: «Мәңгілік Ел – ата-бабамыздың сан мың жылдан бергі асыл арманы екенін барлығымыз білеміз. Ол арман әлем елдерімен терезесі тең қатынас құратын, әлем картасынан ойып тұрып орын алатын тәуелсіз мемлекет атану еді… Біз бұл армандарды ақиқатқа айналдырдық. Мәңгілік Елдің іргесін қаладық… Мен Мәңгілік Ел ұғымын ұлтымыздың ұлы бағ­дары, «Қазақстан-2050» Стра­тегиясының түпқазығы етіп алдым. Тәуелсіздікке қол жеткізгеннен гөрі, оны ұстап тұру аса қиын екенін барлығымыз білеміз. Бұл – әлем кеңістігінде ғұмыр кешкен талай халықтың басынан кешкен тарихи шындығы. Өзара алауыздықпен жан-жаққа тартқан берекесіздік талай елдің тағдырын құрдымға жібергенін де білеміз. Тіршілік тезіне төтеп бере алмай, жер бетінен ұлт ретінде жойылып кеткен елдер қаншама? Біз өзгенің қателігінен, өткеннің тағылы-мынан сабақ ала білуіміз керек», – деген-ді. Исламға негізделген қазақы болмысымыз да, дәстүріміз де, мәдениетіміз де ынтымақ пен бірлікті қашан да жоғары қояды. Ынтымақ пен бірлік – бақыттың бастауы. Бірлігі жарасқан елдің берекесі артатыны әмбеге аян.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   42




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет