Кіріспе Қантүзілу



бет2/5
Дата19.05.2022
өлшемі26,61 Kb.
#143940
1   2   3   4   5
Байланысты:
Кіріспе ант зілу

Қантүзу мүшелері (organa haemopoetica, гр. organon — мүше, haima,
haemo — қан және poiesis - түзу) — қан жасушалары түзілетін мүшелер.
Қантүзу мүшелеріне сүйектің қызыл кемігі, тимус (айырша без), лимфа
түйіндері, көкбауыр, құстарда фабриций қапшығы, ас қорыту және
басқа да түтікше мүшелердің кілегейлі қабығында орналасқан лимфа
түйіншелері ( митоздық миндалина — бадамша без, ішек лимфа
түйіншелері) жатады. Орталық қан жасау мүшелеріне сүйектің қызыл
кемігі, тимус, фабриций қапшығы, ал қалғандары шеткі қан жасау
мүшелеріне жатады. Қантүзу мүшелерінің негізін (строма) ретикулалы
ұлпа, ал тимусты-торлы эпителий құрайды. Қантүзу мүшелеріндегі діңгекті және жартылай діңгекті жасушалардан қан жасушалары ( эритроциттер, лейкоциттер, тромбоциттер) дамиды.Қантүзу мүшелерінде — қантүзу процесімен қатар қорғаныс қызметі де жүзеге асады.
Қан түзуші мүшелердің жастық ерекшеліктері
Гемопоэздың эмбриональдық және постэмбриональдық түрлерін ажыратады.
• Эмбриональдық гемопоэз – қанның тін ретінде дамуы.
• Постэмбриональдық гемопоэз - қанның физиологиялық және репаративті қалпына келуі.Даму жасушаларының түріне байланысты келесі түрлерін ажыратады: эритроцитопоэз, гранулоцитопоэз,тромбоцитопоэз, моноцитопоэз, лимфоцитопоэз.
• Эритропоэз —эритроциттердің дамуы. Даму барысындағы эритроциттердің мөлшеріне байланысты олар екіге бөлінеді: нормобласттық және мегалобласттық.Нормобласттық эритропоэз барысында көлемі, құрылысы
және құрамы қалыпты ядросыз эритроциттер дамиды(нормоциттер), бұл онтогенез барысында эритропоэздің басым түрі. Мегалобласттық эритропоэз барысында көлемі үлкен эритроциттер дамиды (мегалоциттер),құрамында эмбрионалдық гемоглобин болады.Эритропоэздің бұл түрі ерте эмбриогенезге тән, ол тезнормобласттық қан түзуге алмасады. Эритропоэздің
мегалобласттық түрі постнаталды кезеңде қаназдықтың әр түрінде кездесуі мүмкін (пернициозды және т.б.)
Эмбриональдық гемопоэз
• Мерзіміне және өту орнына байланысты 3 кезеңге бөлінеді:
• 1. Ұрықтан тыс - эмбриогенездің 1-2 айы
• 2. Гепато-тимо-лиенальды - эмбриогенездің 2-5 айы
• 3. Медуло-тимо-лимфатикалық - эмбриогенездің 5-10 айы


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет