Кіріспе Ақпарат тасушылар дәуіріндегі қадам оптикалық дисктер



бет15/34
Дата31.05.2023
өлшемі4,32 Mb.
#178056
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   34
Байланысты:
Диплом Наурызбай Қатты дискілерге техни

2.10 Қатқыл дискіні тазарту



Қатқыл дискі, деректер қоймасы ретінде, көптеген қажетті және қажетсіз мәліметтерді қамтиды. Солардың ішінде, қолданылатын және пайдалы болып келетін тек қана 10–20%. Қалғаны тек орын алатын қажетсіз жүк. Кейбіреулерінде бұл операциялық жүйе мен офистік бағдарламалар, басқаларында – ойындар, суреттер, музыка, бейне және т.б.
Сонымен қатар, біз бұл ақпараттың қайдан шығатынын білмейміз және оның қажетсіз екеніне күмәнданбаймыз. Бұл дегеніміз, оның жоюға болатынын білдіреді.
Алайда қазіргі қатқыл дискілер артық ақпараттарды қиындықсыз «шыдайды». Басқа мәселе – қажетті ақпараттарға жету жылдамдығы.
Қатқыл дискідегі жаңа файлдар, ескі файлдардың жойылуы сияқты, жиі пайда болып отырады, және олар қатқыл дискі пластинасының айналуы кезінде қажетті файлдарды бөлік-бөліктерден жинап, ретсіз жазып отырады. Дәл осы - файлдарға жету жылдамдығына, сонымен қатар жүктеу жылдамдығына және бағдарламалардың жұмысына кері әсер етеді.
Сондықтан, қатқыл дискіні жүйелі түрде тазартып тұрып, оның қажетсіз «қоқыстарын» кетіріп, файлдардың дефрагментациясын жүргізген жөн. Қатқыл дискінің дұрыс жұмыс жасауы үшін, оның жай ғана қалпын тексеріп тұру керек. Оның мәліметтеріне қарап, әр түрлі нәтижелер жасауға немесе белгілі бір іс-әрекет орындауға болады.
Дискіні тазарту – профилактиканың бірінші кезеңі. Бұл, дискіні тазарту алдындағы файлдарды дефрагментациялаудың мәні жоқ, себебі файлдар мен каталогтардың қайтадан бұзылуы мүмкін, сосын оны тағы дефрагментациялау керек. Сондықтан алдымен қажетсіз файлдарды кетіруден бастайық.
Қатқыл дискіні тазарту мен ізденіс үрдісін жеңілдететін әр түрлі көптеген бағдарламалар бар. Осындай бағдарламаның бірі-The Mop утилитасы бола алады. (Ол бағдарламаны интернеттен көшіруге болады.)
Бағдарлама әр түрлі форматтағы файлдарды, бос қалталарды, қажетсіз объектілерді (бұрын құрылған, алайда жүйе мен бағдарламалардың жұмысында қолданылмайтын объектілер), әр түрлі қоқыс файлдарды іздейді. Бұл обьектілер тізімге қосылғанда автоматты түрде жойылуға белгіленеді. Алдағы уақытта, керек кезде осы тізімді қарап, жоймастан бұрын жалауша іспеттес белгілерді алып тастауға болады.
Дефрагментациялау
Керексіз мәліметтерді жоюға қарағанда, дискінің дефрагментациясы көп үлкен пайда әкеледі, себебі ұзаққа болмаса да, дискі жүйесінің өнімділігін көтереді. Алайда, дискіні тазарту қиын емес және қандай жағдайда да пайдалы.

Сурет 2.7. Дискіні дефрагментациялау утилитасы
Дискінің дефрагментациясын жасау үшін, көптеген бағдарламалар бар. Соның ішінде жиі пайдаланылатыны Windows операциялық жүйесінің стандарттық бағдарламасы – дискіні дефрагментациялау утилиты жатады (Пуск→Программы→ Стандартные →Служебные →Дефрагментация диска). Бірақ та, Windows Vista және Windows 7 операциялық жүйесіндегі утилитында дефрагментация уақыты мен орындаған жұмыс пайызын көрсететін визуалды интерфейс жоқ. Сондықтан көптеген адамдар шетел өндірістерін қалайды, себебі олардың бағдарламалары сапалы және тез жасайды. Сонымен қатар, пайдалы істер жүргізуге, талдауға және реестрді тазалауға болады.
Көптеген қолданушылар дискінің дефрагментациясын жасау үшін Raxco PerfectDisk бағдарламасын қолданады.
Бұл утилит қарапайым және ойластырылған интрефейсті қамтиды. Көптеген қолданылатын әрекеттер бағдарлама терезесінің сол жағында орналасқан, алайда олардың көбі басты мәзірде жасырулы тұрады. Терезенің оң жағында компьютердің дискісі мен талдау нәтижесі көрсетіледі. Microsoft Exchange-бен бірге жұмыс жасау кезіндегі қосымша ерекшеліктерінің бірі-желілік компьютерге қосылу және тапсырманы жоспарлау.
Файл жүйесінің қазіргі қалпын бағалау үшін алдымен дискінің талдауын жасау қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   34




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет