Перфорацияланған таспа
Бұл деректерді сақтау үшін тесіктер тесілген ұзын қағаз жолағы. Ол 20-ғасырдың көп бөлігінде телепринтер байланысы үшін қолданылған.
1.2 ЭЕМ-нің жедел жады
Оперативті есте сақтау құрылғысы немесе ЭЕМ-нің жедел жады (RAM) және де тұрақты есте сақтау құрылғысы (ROM) компьютерлердің ішкі жадын құрайды, осы екеуімен процессор жұмыс кезінде мәлімет алмасып отырады. Өңделуге тиісті кез-келген мәлімет алдымен компьютердің сыртқы жадынан (магниттік дискілерден) жедел жадына көшіріледі.
Сурет 1.12 – Оперативті жад
Компьютердің жедел жадында осы мезетте дереу өңделуге тиіс мәліметтер мен программалар ғана сақталады. Ақпарат керек кезінде магниттік дискіден жедел жадқа көшіріліп, өңделген соң олар қайта сыртқы жадқа жазылып қойылады.
Компьютердің жедел жадының көлемі өскен сайын оның есептеу жылдамдығы да артады. Ақпарат көлемін өлшеуде сегіз биттен (бір мен нөл тізбегі) тұратын байт бірлігі қолданылатыны белгілі. Осы өлшем бірлігі арқылы жедел жадтағы не магниттік дискідегі сақталатын инфор-мация 360кб, 720кб немесе 1,2Мб болып жазылуы мүмкін. Мұнда 1кб (1 килобайт)=1024 байт, 1Мб(1 мегобайт)=1024Кб, ал винчестер деп аталып жүрген қатты дискіде 500Мб, 1000Мб (1 Гигабайт) және одан да көлемді ақпарат жазылып сақталады.
Компьютердің жедел жадынан өзгеше оның тұрақты жады бар, ол өзгертілмейтін мәліметті сақтайды, ешкім оны өшіріп қайта жаза алмайды, ол мәліметті тек оқуға болады. Әдетте тұрақты жадтың көлемі шағын 32-64Кб шамасында. Тұрақты жадқа керекті программалар оны шығаратын заводта жазылады, олар көбінесе компьютерді токқа жалғаған кезде оны тексеріп іске қосу үшін қажет.
Компьютерлердің көлемі 1 Мб болып келетін жедел жады екі бөлімнен тұрады-алғашқы 640 кб қолданылатын программалар мен операциялық жүйе үшін, ал қалған мөлшері төмендегідей мақсаттарға қолданылады:
операциялық жүйенің компьютердің жұмысқа жарайтын текстерін және төменгі деңгейдегі қарапайым енгізу-шығару жұмыстарын атқаратын бөлігі;
экранға бейнелер шығару үшін;
компьютердің қосымша құрылғыларымен бірге келетін операциялық жүйелердің кеңейтілген бөліктері.
Процессордың өте жылдам істейтін тағы бір шағын көлемді жады бар, оны кэш-жад (Сash) деп атайды. Ол жедел жад пен процессор арасында дәнекерлік рөл атқарып, жалпы жұмыс өнімділігін арттыру қызметін атқарады.
Ішкі жад
Компьютердің ішкі жады негіз болып табылады, өйткені процессор тек сонымен ғана тікелей жұмыс істейді. Процессорды ақпаратпен қаматамсыз етіп, үнемі жұмыс істейтін болғандықтан, оны жедел жад деп те атайды.
Ішкі жадта еске сақтайтын (жадтайтын) құрылғының екі түрі бар: тұрақты жадтайтын құрылғы (ТЖҚ) және жедел жадтайтын құрылғы (ЖЖҚ).
ТЖҚ тұрақты программалық және анықтамалық ақпаратты сақтау үшін қолданылады.
ЖЖҚ ақпаратты (программалар мен деректерді) уақытша жазуға, сақтауға және есебін алуға арналған. Компьютерді өшіргенде жедел жадтағының ішіндегісі де өшеді.
Компьютердің ішкі жады реттелген электрондық элменттердің жиынтығынан тұрады. Әрбір элемент екі тұрақты қалыптың бірінде ғана бола алады. Яғни, ол екілік разряд болып табылады немесе басқаша айтқанда бір бит ақпарат сақтай алады.
Компьютердің ішкі жадының әр байтының өз нөмірі болады.
Байттар жағдайларға байланысты екіден, төрттен, сегізден бірігіп, ұяшықтар деп аталатын жад участкелерін құруы мүмкін. Мұнда кіргізілген байттардың біріншісінің нөмірі ұяшықтың да нөмірі болады. Мысалы, егер ұяшық 3, 4, 5 нөмірлі байттардан құрылған болса, онда ұяшықтың нөмірі 3 болады. Ұяшықтың нөмірі ұяшықтың адресі деп аталады.
Достарыңызбен бөлісу: |