Кіріспе Қазақстанның экономикалық жағдайы Ұлы Отан кейін ауыр еді, одан өнеркәсіп және ауыл шаруашылығы дами бастады. Тың игеру жүргізілді. Оның дұрыс және бұрыс жақтары, пайдасы мен зияны да болды. Одан кейін реформалар ұйымдастырылды



бет4/7
Дата29.03.2022
өлшемі4,96 Mb.
#137190
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Бердибаева Жанат ФӨТ 18-003-2

Қуғын-сүргіннің жаңа толқыны


40 жылдардың екінші жартысы мен 50 жылдарды қамтиды. Бұл кездегі саяси қуғын-сүргіндердің тоқпағы алдымен тағы да интеллигенцияға қарсы бағытталып, елдің зиялы қауымын қудалау және жәбірлеу буржуазияшыл ұлтшылдар мен тексіз (отансыз) коспополиттермен деген ұраншылдықтың аясында жүргізілді.
Соғыстан кейінгі жылдарда, бір өкініштісі, зиялы қауымға қарсы сталиндік қуғын-сүргін саясатының жаңа толқыны басталды. Ленинград пен Мәскеуде идеологиялық тапсырма непзшде қолдан жасалған «Ленинград ісі", «Дәрігер-лер ісі», ал Қазақстанда «Бекмаханов ісі» ұйымдастырылды. Е. Бекмаханов талантты тарихшылардың бірі еді. Соғыс жылдарында белгілі ғалымдармен, тарихшылармен бірге ғылыми шығармашылық жұмыспен белсенді айналыс-ты. Мысалы, соғыс жылдары А. Кучкин, А. Панкратова, Б. Греков, Н. Дружи-нин сынды белгілі ғалымдар енген авторлық ұжымның құрамында «Қазақ КСР тарихын» жазуға қатысты. Бұл аса құнды еңбек 1943 жылы жарық көрді. 1947 жылы Е. Бекмаханов «XIX ғасырдың 2о10 жылдарындағы Қазақстан» атты іргелі ғылыми монографиясын дайындады. Алайда еліміздің идеоло-гия саласын басқарып отырған адамдар Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық кетеріліске қатысты ғалымның көзқарасы ұлтшыл әрі саяси зиянды деп бағалады. Сол себепті 1952 жылы Е. Бекмаханов 25 жылға сотталып, тек И. Сталин өлгеннен кеиін ғана, 1954 жылы көктемде ақталды. Саяси айып тағылып, ғалымдар қатарында А. Жұбанов, Қ. Жұмалиев, Б. Сүлейменов, Қ. Мұхамедханов, жазушы Ю. Домбровский және т.б. қудаланды. Қ. Сәтбаев пен М. Әуезов саяси қысымның нәтижесінде еріксіз Қазақстаннан Мәскеуге кетуге мәжбүр болды
Ермұхан Бек­ма­ханов Во­ронеж пе­даго­гика инс­ти­тутын бітірген та­рих­шы ғалым бол­ды. Е. Бек­ма­ханов 1943 жы­лы «Қазақ ССР та­рихы» ат­ты еңбек жа­зып, 1946 жы­лы док­торлық дис­серта­ция қорғады. 1947 жы­лы дис­серта­ци­ясын «XX ғасыр­дың 20–40 жыл­да­рын­дағы Қазақстан» тақыры­бын­да мо­ног­ра­фия етіп шығар­ды. Е. Бек­ма­ханов бұл еңбек­терінде 1837–1847 жыл­дардағы Ке­неса­ры Қасымұлы бас­таған көтеріліс ту­ралы кең көлем­де жазған бо­латын. Осыған бай­ла­ныс­ты Е. Бек­ма­хановқа Ре­сей­ге қар­сы көтерілісті жақтаған, Ке­неса­ры қозғалы­сын ақтауға ты­рысқан бур­жу­азияшыл, ұлтшыл де­ген айып тағыл­ды. 1950 жыл­дан бас­тап ком­му­нистік пар­тия бас­пасөз арқылы Е. Бек­ма­ханов­ты ашық айып­тай бас­та­ды.
1951 жы­лы ҚазКСР-нің Жоғарғы со­ты Е. Бек­ма­ханов­ты айып­ты деп та­уып, 25 жылға бас бос­тандығынан айыр­ды. Ол Гу­лаг ла­геріне жа­засын өте­уге жіберілді. Е. Бек­ма­ханов 1954 жы­лы ақта­лып түрме­ден бо­сады. Оның бос­тандыққа шығуына А. М. Панк­ра­това, А. П. Куч­кин сияқты ғалым­дар көп көмек көрсетті. Е. Бек­ма­ханов ақта­лып шыққан­нан кейін, өзінің ғылы­ми пе­даго­гика­лық жұмы­сын жалғас­тырды. Е. Бек­ма­ханов 1966 жы­лы қай­тыс бол­ды.
Саяси жазалау науқаны Қазақ КСР ҒА президенті, академик Қ. Сәтбаевты, ғұлама ғалым Ә. Марғұланды да айналып өтпеді. Сонымен қатар, биология, медицина, геология ғылымының ғалымдары да қуғынға ұшырап, университеттерден шығарылды.
Әдебиет, ғылым, мәдениет өкілдеріне, зиялы қауымға бағытталған «ұлтшылдыққа» айыптау, қудалау науқаны қазақ қоғамын өз тарихы мен мәдениетіне, өз ұлтының ұлы тұлғаларына күйе жағуға мәжбүрледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет