Кіріспе Қазақстанның экономикалық жағдайы Ұлы Отан кейін ауыр еді, одан өнеркәсіп және ауыл шаруашылығы дами бастады. Тың игеру жүргізілді. Оның дұрыс және бұрыс жақтары, пайдасы мен зияны да болды. Одан кейін реформалар ұйымдастырылды


Қазақстанның соғыстан кейінгі әлеуметтік-экономикалық жағдайы



бет3/7
Дата29.03.2022
өлшемі4,96 Mb.
#137190
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Бердибаева Жанат ФӨТ 18-003-2

Қазақстанның соғыстан кейінгі әлеуметтік-экономикалық жағдайы
Болат өндіру, цемент, қара және түсті металл өндірісі жабдықтарын шығару, кемір және тау-кен кәсіпорындарын дамыту жақсы жолға қойылды.
Ақтөбе темір балқыту, Теміртау металлургиялық зауыттарының жаңа қуатты бөлімдері іске қосыл-ды. Өскемен қорғасын-мырыш комбинаты алғашқы өнімін берді. Балқаш мыс балқыту зауыты өнім шығаруды үлғайтты. Ембі бассейінінде - Қаратон мен Мұнайлыда жаңа кәсіпорындар іске қосылып, 1950 жылы мунай өндіру соғыс-қа дейінп кезеңмен салыстырғанда 52%-ға өсті. Қаратау тау-кен химия ком-бинаты құрылысының бірінші кезегі аяқталды. 1954-1958 жылдары Қазақ-стан бойынша Өскемен, Актөбе, Шымкент, Қарағанды, Семей, т.б. ірі қала-ларда 730 өнеркәсіп орны мен цехтар құрылып, іске кірісті. Жеңіл өнеркәсіп саласында 65 кәсіпорын ел игілігі үшін жұмыс істеді.
Байланыс саласында Мойынты-Шу, Жамбыл-Шолақтау теміржолдары салынды. 1958 жылы Қазақстан аумағындағы барлық жолдар желісін бір жүйеге келтірген «Қазақ теміржолы» құрылды. Алматы қаласында автомат-ты телефон станциясы іске қосылды. 1960 жылы Қазақстан электр қуатын 1945 жылмен салыстырғанда 10,5 есеге көп ендірді
1954 жылы 23 ақпан мен 2 наурыз аралығында Компартия ОК пленумы болып, онда «Елде астық өндіруді ұлғайту мен тың және тыңайған жерлерді игеру» женінде қаулы қабылданды. Бұл КСРО-да нан тапшылығын жою үшін жасалды. Астық мәселесін шешудің теориялық түрғыда екі бағыты болды: 1. Интенсивтік бағыт - экономиканы реттеудің нарыктық қатынасына көшу. Бірақ та бул социализм идеологиясына қайшы келетін еді. Егер Кеңес Ода-ғында тың игеруге дейінп астық өндіруде гектарына 1 центнерден қосса, онда бул өнім бұкіл игерілген тың жерлердің енімімен пара-пар болар еді. 2. Экстенсивтік бағыт - астық өнімін жаңа жерлерді жырту, тың жерлерді игеру арқылы арттыру жолы. Азық-түлік мәселесін шешуде Кеңес үкіметі осы екінші жолды таңцады. Кеңес Одағы бойынша 1954 жылы 13,4 млн гектар тың және тыңайған жерлер жыртылды. Оның 6,5 млн гектары, яғни 50%-ы Қазақстанда. Осы-лайша жаппай тың және тыңайған жерлерді игеру қозғалысы басталды. Тек 1954-1955 жылдары бір жыл ішінде Қазақ өлкесінде жаңа 337 совхоз құрыл-ды. Жаңадан құрылған совхоздардың атауларының өзі кеп жайтты аңғар-тып тұрса керек: «Мәскеу», «Ленинград», «Киев», «Ростов», «Одесса», «Кан-темировец», «Тамановец» совхоздары құрылды. Олар Ақмола, Кекшетау, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстарында құрылды. 1954-1955 жылдары бүкіл Кеңес Одағы бойынша 29,7 млн га тың және тыңайған жер, оның ішінде Қазақстан бойынша 18 млн га, яғни 66,6% жер жыртылды. Тың және тыңайған жерді игеру нәтижесінде Кеңес Одағында жан басына шақ-канда 2 мың кг астық өндіру мүмкін болды. Ал дүниежүзілік тәжірибеде жан басына 1 мың кг астық жеткілікті болатын.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет