Кіріспе. Биохимия пәні. Биологиялық химия тірі ағзадағы заттардың химиялық табиғатын зерттейтін ғылым


Гормондардың химиялық құрамы, жіктелуі



бет19/20
Дата27.12.2023
өлшемі1,46 Mb.
#199696
түріҚұрамы
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20
Байланысты:
Биохимия конспекты лекции

1. Гормондардың химиялық құрамы, жіктелуі.
Гормондар (гр.hormao — қоздырамын, қозғаймын) — эндокринді бездер немесе эндокриндік қызметке қабілетті жекеленген жасушалар бөлетін белсенді органикалық биологиялық заттар. Аталмыш бездер мен жасушалардың шығару өзектері болмағандықтан, олар өздері бөлетін гормондарын организмнің ішкі сұйық ортасына (ұлпа сұйығы, қан, лимфа) бөліп шығарады. Гормондар химиялық табиғатына байланысты: стероидты гормондарға (жыныс гормондары, бұйрекүсті безі қыртысты заты гормоны), протеиндік және пептидтік гормондарға (гипофиз, қалқанша без, қалқаншамаңы безі, бұйрекүсті безінің бозғылт затының гормондары), ал нысандарға әсер ету қызметіне қарай: бірыңғай салалы ет құрылымдары мен бездерге салыстырмалы қысқа мерзім ішінде әсер ететін кинетикалық гормондарға (окситоцин, вазопрессин, адреналин, норадреналин), организмдегі зат алмасу процестерін реттейтін метаболдық гормондарға (тироксин, кальцитонин, паратгормон, инсулин, глюкагон) және жасушалар, ұлпалар мен мүшелердің өсуі мен жетілуін бақылайтын морфогенетикалық гормондарға (соматропты гормон, фолликулды жандандырушы гормон, эстрогендер, тестостерон) бөлінеді.
Гормондар - ішкі секреция бездерінен бөлінетін ұлпалар мен мүшелерге әсер ететін биологиялық белсенді заттар. Гормондардың барлығы ағзалық заттар, себебі, олардың біреуі нәруыздан, екіншісі аминқышқылдарынан, үшіншісі майтектес заттардан құралған. Гормондар ішкі секреция бездерінен бөлініп, қан, лимфа, ұлпа сұйықтығы арқылы басқа мүшелерге жеткізіледі. Ішкі секреция бездерінің қызметін реттейтін орталық - аралық мидағы гипоталамус. Оны көру төмпешікасты бөлімі деп те атайды. Гипоталамус пен гипофиздің қызметі бірімен-бірі тығыз байланысып, гипоталамустен гипофиздік жүйе құралады. Жүйке ұлпасынан бөлінетін гормондар - нейрогормондар деп аталады. Олар қан құрамының тұрақтылығын және зат алмасудың қажетті деңгейін қамтамасыз етеді. Осы арқылы ағза қызметінің әрі рефлекстік, әрі гуморальдық реттелуі жүзеге асады.
2. Пептидтік және ақуыздық гормондардың химиясы.
Гипоталамустың гормондары. Гипоталамустың 10-нан астам гормондары болады. Олардың ішінде тиролибериннің, люлибериннің, соматостатиннің амин қышқылдық құрамы және біріншілік құрылымы анықталған.
Тиролиберин (Пиро-Глу-Гис-Про-NH2):

C-C C-C-
C C-CO-NH-CH-CO-N C


O N CH2 C
H CO-NH2
C-C
NNH
C
Тиролиберин трипептид болып таблады. Ол пироглутамин (сақиналық) қышқылдан, гистидиннен, пролинамидтен құралған. Бұл амин қышқылдары өзара пептидтік байланыспен байланысқан. Әдеттегі пептидтерге қарағанда айырмашылығы – оның молекуласында амин және карбоксилдік топтары бар N- және С- соңдары болмайды.
Люлиберин – он амин қышқылдарының қалдықтарынан құралған декапептидтік гормон (Пиро-Глу-Гис-Сер-Тир-Гли-Лей-Арг-Про-Гли-NH2). Оның молекуласында С-соңғы глицинамид бар.
Соматостатин – өзара пептидтік байланыспен қосылған 14 амин қышқылдарының қалдықтарынан құралған тетрадекапептид. Оның құрылымы төменде келтірілген.
S S
 \
H2N-Ала-Гли-ЦисЛиз-Асн-Фен-Фен-Три-Лиз-Тре-Фен-Тре-Сер-Цис-ОН

Бұл гормонның алдыңғы екі гормондардан ерекшелігі: 1) құрылысы тұықталған, пептидтің N- соңында пироглутамин қышқылы болмайды және оның орнында аланиннің H2N- тобы, С- соңында цистеиннің СООН тобы бар және 3-ші көміртегі және 14-ші көміртегі атомдары дисульфидтік байланыспен жалғанады. Бұл гормон бірнеше лабораторияларда синтезделген (сонымен бірге эксперименттік эндокринология және гормондардың химиясы Институтында, 1979 жылы). Гормонның сызықтық аналогы соматостатиннің көрсететін белсенділігіне ие. Олай болса, соматостатиннің молекуласындағы дисульфидтік көпірдің маңызы айрықшы емес деп тұжырымдауға болады.


Гормонның адам ағзасындағы кездесетін орындары. Соматостатин гипоталамустан басқа бас миының басқа да бөліктерінде, асқазан астының безінде, ішектің қабырғаларында табылған.
Гормонның биологиялық әсері. Бұл гормонның биологиялық әсерінің спектрі кең. Атап айтсақ, Лангерганстың аралшықтарына және аденогипофиздің жасушалық элементтеріне тікелей әсер етеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет