Кіріспе. Фармакология тарихы. Жалпы рецептура Фармакология



бет43/43
Дата13.05.2020
өлшемі412 Kb.
#67818
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   43
Байланысты:
1. 1-Тақырып

Аэрозольдер – Аеrosola

(Аэрозоль – Nom.sing. Aerosolum, Асс. sing. Аеrosolum)

Аэрозольдер - дисперсті ортасы ауа, газ немесе газдардың қоспасы, ал дисперсті фазасы қатты және сүйық заттардан тұратын өлшемі 1 мкм-ден аспайтын аэродисперсті жүйе. Медициналықтәжірибеде аэрозольдерді ингаляциялау үшін немесе сырт тәнге қолданады. Аэрозольдер рецепте қысқартылған түрде жазылады:

Рецепт үлгісі

«Беродуал» аэрозолының (Аеrosolum «Berodual») 1 қорабына жазыңыз. Тәулігіне 3 рет ингаляция үшін.

Rр.: Аеrosolum «Berodual» N.1

D.S. Тәулігіне 3 рет ингаляция үшін.



Аэрозольды препараттарды сырт тәнге ерітінді, линимент, көбік, пластикалық қабықша және т.б. түрінде пайдаланады. Ондай аэрозольдер дерматологияда, хирургияда, гинекологияда қолданылады.


Дәрілік түрлер

Сұйық

Микстуралар

Жаңа галенді препараттар

Сығындылар

Тұндырмалар

Қайнатпалар

Тұнбалар

Эмульсиялар

Суспензиялар

Шырыштар

Ерітінділер

Жұмсақ

Линименттер

Суппозиторийлер

Пасталар

Жақпа майлар

Қатты

Капсулалар

Ұнтақтар

Домалақтар

Таблеткалар



Тақырыптарды бекітуге арналған тапсырмалар


  1. Тақырып материалдарын конспектілеу

  2. Рецепт жаз.




  1. Ұнтақ құрамында 20 мырыш тотығы (Zinci oxylum), 20,0 тальк (Talcum) және 10,0 крахмалы (Amylum) бар. Сыртқа себелеп қолдану үшін.

  2. Аминазиннің (Aminazinum) 30 домалағы 0,1-нан, 1 домалақтан күніне 2 рет тамақтан кейін ішу үшін.

  3. 10 таблетка құрамында 0,25-нан анальгині және амидопирині бар. 1 таблеткадан күніне 2 рет ішу үшін.

  4. "Цитрамон"-12 таблеткасы 1 таблеткадан бас ауырғанда ішу үшін.

  5. 20,0 стрептоцидтің (Streptocidum) өте ұсақ ұнтағы жараға себелеп қолдану үшін.

  6. 10 мл – 3 % бор қышқылының спирттегі ерітіндісі. Түнге қарай 3 тамшыдан құлаққа тамызу үшін.(Acidum boricum)

  7. 10 мл - 10 % камфораның (Саmphora) майдағы ерітіндісі. Түнге қарай жылытып сыртқа компресс жасау үшін.

  8. Жалбыз жапырағының (Folium Salviae)тұнбасы 15,0 – 200 мл. Күніге 3 рет тамақты шаю үшін.

  9. 0,25% -10,0 оксолин (Охоlinum) жақпа майы

  10. 20,0-0,5% преднизолон (Prednisolonum) жақпа майы. Зақымданған жерге күніне 2 рет жағу үшін



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   43




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет