Жазылымның қысқартылған түрінде рецепте
Rp.: Дәрілік түрдің Emulsi (Эмульсиялар), майдың аты, мөлшері, жалпы көлемі
Жазылымның толық түрінде майдың, эмульгатор мен судың мөлшерлері бөлек-бөлек жазылады. Одан соң M.f. emulsum (Misce ut fiat emulsum – Эмульсия түзілгенше араластыр.) деп көрсетіледі. D.S. сөзімен латын бөлімі аяқталады.
Рецепт үлгісі
30 мл балық майынан (Oleum jecoris) тұратын 200 мл эмульсияға жазыңыз. Ас қасықпен күніне 2 рет ішуге.
Жазылымның қысқартылған түрі
Rp.: Emulsi olei jecoris 30 ml-200 ml
D.S.Ас қасықпен күніне 2 рет ішуге
|
Жазылымның толық түрі
Rp.: Olei jecoris 30 ml
Gelatosae 15,0
Aquae purificatae ad 200 ml
M.f. emulsum
D.S.Ас қасықпен күніне 2 рет ішуге
|
Достарыңызбен бөлісу: |