1.2 Бастапқы және қосымша шикізаттарға сипаттама
Негізгі шикізаттарға нан дайындауға ең қажетті бидай ұны, қарбыз дәні ұнтағы, ашытқы, тұз, су, ал қосымша шикізаттарғасүт, жұмыртқа, май, қант жатады. Дайын нан және нан өнімдерінің сапасына осы шикізаттардың, әсіресе, ұнның сапасы едәуір әсер етеді.
Ұн – бидайды ұнтақтау нәтижесінде кебекпен немесе кебексіз шығатын ұнтақ тәрізді өнім. Ұнды түрге, типке және тауарлық сортқа бөледі. Ұнның негізгі тұрлеріне бидай және қара бидай ұндары жатады. Әр түрлі типті ұн бөлшектерінің үлкендігі, химиялық құрамы, технологиялық ерекшеліктерімен ерекшеленеді. Бидай нанын пісіретін ұнды бес тауарлық сортқа бөледі: майда ақ ұн, жоғарғы, бірінші, екінші, ерекше тартылған қара бидай ұны.
Достарыңызбен бөлісу: |