Хабарламаларөлшемін кішірейту. Веб – беттерді А4 форматына пропорционалды етпеңіз. Сайтты келіп көрушілер мүмкіндігінше көп ақпарат алғаны маңызды және басқа беттерге айналдыру жолағын пайдаланбастан өтсе тіптен жақсы болады. Келіп көрушілер өздерінің мақсатына неғұрлым жылдам жететін болса, солғұрлым олардың сіздің сайтыңызға қайта оралуы ықтимал болып табылады.
Әсіресе көлемі үлкен болып келетін және пайдасыз ақпараттардан құралған беттер сайтыңызды көрушілердің жынына тиеді. Сайттағы сыртқы тартымджы эффектілі көрініс және тиелу жылдамдығы арасындағы белгілі бір тепе – теңдікті табуға тырысыңыз. Есте сақтаңыз, сіз өз сайтыңызды анағұрлым жылдам компьютерде құратын болсаңыз, ал сайтыңызды көрушілердің кмпьютерлерінің ондай мүмкіндігі болмауы мүмкін.