Зерттеу объектісі: бастауыш сынып оқушыларына ағылшын тілінде сөйлеуге үйрету ерекшеліктері.
Мақсаты: бастауыш сынып оқушыларына ағылшын тілінде сөйлеуге үйрету ерекшеліктерін бөлу және олардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, олардың ағылшын тілінде сөйлеу процесін ұйымдастыру, бастауыш сыныптарда ағылшын тілінде сөйлеуге үйрету жаттығуларының кешенін өңдеу.
Міндеттер:
жұмыстың тақырыбын зерттеу;
анализ жасау;
бастауыш сыныптарда ағылшын тілінде сөйлеуге үйрету ерекшеліктерін бөлу;
белгілі бір қорытынды жасау.
1. Бастауыш сынып оқушыларын ағылшын тілінде сөйлеуге үйрету
1.1. Бастауыш сынып оқушыларының психологиялық ерекшеліктері
Бастауыш сынып оқушылары шамамен 6-10 жас аралығындағы оқушылар. Олар бейнелі-көркем ойлауымен ерекшеленеді. Бұл жас оқушылары үшін мнемоникалық әрекет нәтижесінде еріксіз есте сақтау тән. Сабақтың қызықты мәліметі олардың назарын тез аударып алғанмен, олар осы қызығушылықпен ұзақ уақыт жұмыс істей алмайды, себебі олар шаршап кетеді. Жалпы осы жас кезеңі байсалды әрі біркелкі даму кезеңі болып табылады, яғни бұл кезеңде оқушы миының жүйелік толық жетілуі болады. Бастауыш сынып оқушылары арасында оқу дағдысы жетекші рөлді атқарады, бірақ олардың ойынға деген қызығушылығы жоғалмайды. Сондықтан да оқушылардың сабаққа деген қызығушылығы мен материалды қабылдау деңгейі төмен түспеу үшін, мұғалімнің тапсырмаларды ойын түрінде таңдап алғаны жөн. Осы ойын арқылы шет тілдегі материалдың айтарлықтай бөлімі еріксіз есте қалады. Р.И.Жуковскийдің тәжірибелеріне қарағанда бала балалық шағынан бастап өлеңдер мен түрлі ұйқастарды оңай оқып үйренеді. Ал С.Л.Рубинштейннің пікірі бойынша өлеңмен жазылмаған материалға қарағанда, өзінің ұйқасы мен ырғағы арқасында өлеңдер тез есте сақталады. Сондықтан да бастауыш сынып оқушыларының сөйлеуін дамыту үшін, тез жатталынатын өлеңдер мен ұйқастарды таңдау керек. Сондай-ақ осы жастағы оқушылар қарым-қатынасқа бейім және тез әсерленгіш келеді. Олардың назарын жаңа әрі кенеттен болған жағдайлар қызықтырады. 6-10 жасар оқущылардың ақыл-ой мүмкіндіктері әжептәуір кең. Олардың пікір алмастыруға, шешім қабылдауға, ойша пайымдауға, заттар мен құбылыстарға анализ жасауға мүмкіндіктері қалыптасқан. Сондай-ақ бастауыш сынып оқушылары мұғалімнің қойған бағасына сезімтал келеді.[2.65]
Достарыңызбен бөлісу: |