Электролиз жағдайы. Өнеркәсіпте сынаптық катоды бар көлденең орналасқан электролизерлер пайдаланылады. Тиісінше анодтар да көлденең орналасады. Анодтарды дайындау үшін материал ретінде графит, және де ОРТА (оксидті рутений-титанды анодтар) қолданылады. Графитті анодтың тозуы 4кг/т хлорды құрайды. Тозу нәтижесінде электрод арасындағы қашықтық үлкейеді, ол электролизердегі кернеудің өсуіне әкеліп соқтырады. Бұл қажетсіз құбылысты болдырмас үшін ол іске қосылғанда графитті анодты түсіруге арналған құрылғы бар. Заманауи элетролизерде топтық автоматтандырылған анодты түсіру қолданылады. графитті анодтарды аз тозатын ОРТА жайлап ығыстыруда.