Бокс – гараждар
ТТБ-ның еңбекті қорғау және техника қауіпсіздігі
«Өзенмұнайгаз» акционерлік қоғамына қарасты №5 Скважиналарға қызмет көрсету басқармасында 16-қазанда белгіленген кестеге сәйкес «Өрт болған жағдайда жеке құрамның әрекеттері» атты тақырыпта оқу-жаттығу өткізілді. Бұл шараға инженер-техникалық қызметкерлері мен жөндеу механикалық цехы, бас механикалық бөлімінің жұмысшылары қатысты. Жаттығудың мақсаты: жұмысшыларды өрт сөндіру құралдарымен таныстыру, өрттің түрлері мен оны сөндіру кезіндегі қызметкердің қауіпсіздігі туралы түсінік қалыптастыру, өрт болған жағдайда жеке құрам мен қызметкерлерді жедел әрекет етуге үйрету болып табылады. Оқу жаттығу бағдарламасы бойынша, сағат 15-00-де «Өрт шықты»-деген дабыл соғылып, оқиға орнына өрт сөндіру қызметі жеткенге дейін құтқарушылар алғашқы өрт сөндіру құралдарымен өрт ошағын сөндіруге кірісе бастады. «Тілсіз жау» басқарма ғимаратының бірінші қабатында тұтанып, жан-жағына тарай бастады. Адамдар құтқару қызметі келгенше, қауіпсіз жерге көшірілді. Жеңіл жарақат алғандар да бар. Эвакуакциялық орындарға жеткізілген адамдардың тізімі жасалды. Апат болған жерге сағат 15:03-те «Семсер – Өрт сөндіруші» ЖШС «Камаз» арнайы көлігі келіп, өрт сөндіруге кірісті. Бір цистернаға су, екіншісіне көбік шашылды. Сағат 15:05-те «Медикер плюс» ЖШС жедел жәрдем қызметі келді. Тез арада төтенше жағдай салдарынан жарақат алған, бас механикалық бөлімінің инженері Қ.Дүйсенбаевқа алғашқы медициналық көмек көрсетілді. Өрт сағат 15:30-да толықтай өшірілді. Оқу жаттығу барысында қатысушыларға өрт сөндіргішті қолдану, қауіпсіздік ережесі туралы нұсқаулық жүргізіліп, кеңінен түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Оқу-жаттығу кезінде 1 дана өрт сөндіру техникасы, 1 дана жедел-жәрдем автокөлігі, басқарма жеке құрамынан 19 адам жұмылдырылды. Мұндай оқу-жаттығулар жұмыскерлерді төтенше жағдайларда дұрыс және шұғыл іс-әрекет етуге дайындайды, кемшіліктерді алдын-ала анықтап, сақтандыру шараларын жасауға көмектеседі.
Қорытынды
Бұл, өндірістік тәжірибені қорытындылайтын болсақ, Тарихы тереңде орналасқан киелі Маңғыстаудың байлығы , «Өзенмұнайгаз» АҚ –ның жұмыс барысымен, тарихымен таныс болдық. Технологиялық Транспорт Басқармасы мекемесінде өндірістік тәжірибеден өтіп,мен көп тәжірибе жинадым деп айта аламын. Тәжірибенің әр күні мен үшін жаңа қызықтарға толы болды.
Алдағы уақытта мен алде де өз білімімді дамытып, теория мен тәжірибені ұштастыра отырамын.
Пайдаланылған әдебиеттер:
«ӨзенМұнайгаз» жаршысы газеті
Өзен жаршысы газеті
WWW.Ozenmunaigaz.kz
Қазақстан Республикасы білім мен ғылым министрлігі Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті
Техникалық факультет
«Көлік техникасы, тасымалдауды ұйымдастыру және құрылыс» кафедрасы
Өндірістік практика бойынша
Есебі
Орындаған: Әбдірейім Расул
Қабылдаған: _____________
Ақтөбе қ.
2020 жыл
Достарыңызбен бөлісу: |