Кіріспе Микробиологияның даму тарихы



бет61/69
Дата18.12.2023
өлшемі177,17 Kb.
#197487
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   69
Байланысты:
микробиология лекция (копия)
zharaskyzy, ҚТЖ - 6 ДТ, накты талдау, Мат.анализ под редакцией Демидович, aza-tlnen-10-synypa-arnalan-orytyndy-test-tapsyrmalary, микробиология лекция, Латын, мейіргер ісі сөзжұмбақ
Туляремия қоздырғыштары.

Туляремия қоздырғыштары 1921 жылы Мак – Кой мен Чепин сарышұнақтардың ауруын зерттегенде ашқан, Туляра деген жерде. 1921 жылы американ зерттеушісі Э. Френсис біл аурумен адамдар да ауыратынын дәлелдеген. Сондықтан Francisella tularensis деп атаған.


Морфология. Туляремия қоздырғыштары ұсақ бактериялар 0,3 – 0,6 * 0,1 – 0,2 мкм, полиморфты: шар тәрізді, жіпше тәрізді т.б. Қозғалмайды, спора түзбейді, нәзік капсуласы бар. Грам теріс.
Культивирлеу. Туляремия қоздырғышы факультативті анаэробтар. Қоректік затқа бай орталарда өседі: сарыуыз ортасы, ет- агар, ет балық ортасы. Тығыз қоректік ортада жақсы көбейеді, бірақ жай өседі, 4-14 күнде 36-37 градус температурада рН 6,8 – 7,2. Олар ұсақ, ақ түсті, томпақ, жалтыр , тегіс шеттері бар, d- 1-3 мм колониялар құрады.
Ферментативті қасиеті - аз дамыған, арнайы қоректік орталарда бөлінеді. Глюкозаны, мальтозаны, маннозаны, левулезаны қышқылға дейін ыдыратады.
Токсин түзуі. Эндотоксин түзеді.
Антигендік құрылымы. S – түрлі туляремия бактериясының түрлі қарсытегі болады: О және Vi. Вируленттігі мен иммуногендігі Vi антигеніне байланысты.
Қоршаған орта факторына төзімділігі. 100 градус температурада туляремия бактериялары бірден өледі. 60 градус температурада 20 минутқа дейін сақталады. Салқын температура мен ылғал топырақта 4-5 айға дейін сақталады. 1 градус суда 9 айға дейін, нанда- 14 күн, етте 30 күн сақталады.
Дезинфекциялаушы ерітінділерде 10-15 минуттан кейін өледі. Көптеген антибиотиктерге сезімтал.
Жануарлар қабылдаушылығы. Көбінесе кемірушілер және кеәбір құрт – құмырсқалар ауырады. Тәжірбиелік жануарлардан теңіз шошқалары мен ақ тышқандар сезімтал.
Инфекция көзі. Кемірушілер, үй тышқандары, атжалмандар, күзендер, қояндар. Сонымен қатар су, тағамдар, шөптер болуы да мүмкін нәжістермен ластанған.
Таралу жолдары. Трансмиссивтік, ауа шандары, тұрмыстық- жанасу тағамдар.
Патогенез. Туляремия бактериялары зақымданған және зақымданбаған тері және кілегей қабаты арқылы енеді. Ену түріне байланысты бактериялар теріде, ішектің, көздің, тыныс жолдарының кілегей қабаттарына жайылады. Одан лимфа түйірлеріне түсіп, көбейеді. Қанға тарйды. Жиналған жерінде- бірінші бубон пайда болады.
Аурудың әртүрлі клиникалық түрлері болады:
1. бубонды
2.ангинозды бубонды
3.көз бубоны
4.өкпе, іш және кеңтараған түрі.
Ауыртпалығына қарай: 1. Жеңіл
2. ауыр түрі


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   69




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет