Кіріспе Микробиологияның даму тарихы



бет54/69
Дата18.12.2023
өлшемі206,68 Kb.
#197486
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   69
Байланысты:
микробиология лекция

Ферментативті қасиеті. Clostridium novyi Cl.perfringens – ке қарағанда белсенді: глюкоза мен мальтозаны қышқыл мен газға дейін ашытады. Белок ыдырату қасиеті: сүтті жәй ұйытады, желатинді жәй ерітеді, индол мен күкіртті сутек құрамайды. Патогенді ферменттен фосфолиназа анықталған.
Антигендік құрылымы. 4 серовары бар: А, В, С, Д.
Токсин түзуі. Бірнеше токсиндері бар: λ, β, γ, т.б. Олар некроз, гемолиз және летальді әсер етеді.
Қоршаған орта факторына төзімділігі. Споралары қоршаған ортада көп жылға дейін сақталады ( 25 – 30 жыл).
Қайнатқанда 40 – 60 минуттан кейін, күн сәулесі 1 тәуліктен кейін жояды. Дезинфекциялаушы ерітінділер 15 -20 минуттан кейін өлтіреді.
Жануарлардың қабылдаушылығы. Теңіз шошқалары, кроликтер, тышқандар, құстардан – көгершіндер сезімтал.
Clostridium septicum
Clostridium septicum 1877 жылы Л.Пастер ашқан.
Морфология. Clostridium septicum полиморфты таяқша, қозғалмалы перитрихтар. Споралары субтерминалды орналасады, капсула түзбейді. Грам оң.
Культивирлеу. Clostridium septicum – анаэробтар. 37 – 43 градус температурада рН 7,4 – 7,6 ет және казеин ортасына 0,5% глюкоза қосып жақсы өседі, қанглюкозагарда айқасқан жіпше тәрізді колония құрады, айналасында гемолиз аймағы бар. ЕПС біркелкі лайланған, артынан тұнба және газ бөлінген колония құрады.
Ферментативті қасиеті. Қантыдырату қасиеті: глюкозаны ыдыратады, лактоза мен мальтозаны қышқыл мен газға дейін ыдыратады. Маннит пен глицеринді ферменттемейді.
Белокыдырату қасиеті: желатинді ерітеді, сүтті жәй ұйытады. Нитратты нитритке айналдырады, белокты күкірттісутек пен аммиакқа дейін ыдыратады. Индол түзбейді.
Антигендік қасиеті. О және Н антигені бар. Н – антиген бойынша 6 серовары бар.
Токсинтүзуі. Экзотоксин түзеді.
Қоршаған орта факторларына төзімді.
Жануарлардан ірі, кіші қара малдар ауырады. Тәжірибеліктен : теңіз шошқалары ауырады.
Clostridium histolyticum
1916 жылы Вейнберг анықтаған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   69




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет