Кіріспе оқырмандарға ұсынылып отырған «Криминалистикадан электронды оқу құралы» қазіргі заманғы оқу үрдісіне енгізілген кредиттік технология ерекшелігін ескере отырып құрастырылған көрнекі оқу құралы болып табылады



бет201/243
Дата07.02.2022
өлшемі0,68 Mb.
#90324
түріСабақ
1   ...   197   198   199   200   201   202   203   204   ...   243
Байланысты:
46f35a43-0889-11e7-bfa7-a692e7d05c5eкриминалис.нускау

Х А Т Т А М А
оқиға болған жерде көрсетпелерді тексеру мен нақтылау туралы

16 қазан 2010 ж. Алматы қаласы


13 сағат 10 минут басталып 15 сағат 00 минутта аяқталды.


Алматы қалалық ІІД-нің тергеу басқармасының аға тергеушісі, полиция майоры Ахметов Н., Қазақстан Республикасы ҚІЖК-нің 203, 238-баптарының талаптарына сәйкес, төменде аттары аталған айғақтардың қатынасуымен:


1. Марат Еркебұлан Маратұлы 1988 ж.т., мекен жайы: Алматы қаласы Салтыкова №12/3 пәтер;
2. Турлыбеков Дастан Бакытұлы 1987 ж.т. мекен-жайы: Алматы қаласы Жандосов көшесі 124 үй тұрғыны қатынасуымен қылмыстық іс бойынша сезікті Исжанов Данабек Сейдуллаевич өз еркімен оқиға болған жерді көрсету туралы ерік білдірген соң осы тергеу әрекетін жүргіздім.
______________________Исжанов Д.

Сонымен қатар, тергеу әрекетіна сезікті Исжанов Д. қорғаушысы Аукенбаев А. қатынасуымен.


Және де, сарапшы маман Алматы қалалық ІІД-нің криминалдық тексеру басқармасының сарапшы криминалисі __________________________ қатынасуымен жүргізілді.
Тергеу әрекеті басталмас бұрын айғақтарға ҚР ҚІЖК-нің 86-бабында көрсетілген құқықтары мен міндеттері түсіндірілді.

Куәгерлер: 1.


2.

Сонымен қатар маманға ҚР ҚІЖК-нің 83-бабында көрсетілген құқықтары мен міндеттері және оның жауапкершілікке тартылатындығы ескертілді. ________________________/______________________/
Оқиға болған жерде көрсетпелерді тексеру мен нақтылау тергеу әрекеті кезінде мына төмендегі жағдайлар анықталы: Алдымен сезікті Исжанов Д. өзінің 2008 жылы қазан айының 27-нан 28-на қараған түні Алматы қаласының Саин көшесі мен Райымбек көшелерінің қилысындағы жанар май бекетіне қарақшылық жасағанын толығымен айғақтардың көзінше мойындап, қылмыстың қалай жасағанын өз еркімен көрсетуге тілек білідіріп, Алматы қалалық ішкі істер департаменті ғимараты алдынан «Газель» маркалы қызметтік автокөлікке отырып, Масаншы көшесімен Райымбек көшесі мен Саин көшесінің қилысына қарай жүруін сұрады. Аталған көшелердің қилысына келген уақытта Райымбек көшесінің бойындағы үлкен көпірден өтіп барып Райымбек көшесінің оң жағында «АР Мұнай» жанармай бекетінің қасына барып машинаның тоқтауын сұрады. Осы жерден машинадан түсіп «Ар мұнай» жанар май бекетінің артқы жағындағы есігін көрсетіп осы есіктен ішіне кіріп, ішінде отырған екі күзетшіні және оператор қызды өздерімен бірге алып барған ойыншық қарумен қорқытып сол жерде 8500 тенге ақшаны және сол жерден күзетшінің дубинкасын тартып алып кеткені туралы айтып көрсетті. Сонымен қатар жанармай бекетінің ішінен шығып Райымбек көшесімен жоғарлап кетіп қалғандарын көрсетті.
Тергеу әрекетін жүргізу кезінде тергеу әрекеттері «канон» фотоаппаратына сүретке түсірілді.

Хаттама дауыстап оқылды дұрыс жазылды, қатынасушылардан шағым арыз талап тілектер түскен жоқ.


Айғақтар: 1. Марат Е.



  1. Турлыбеков Д.

Сезікті: Исжанов Д.
Қорғаушы: Аукенбаев А
Тергеуші: Ахметов Н.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   197   198   199   200   201   202   203   204   ...   243




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет