Тақырып. Тергеу қарауының тактикасы – 2сағат
Дәріс және СОӨЖ (СӨЖ) сабақтарының негізгі мазмұны.
Тергеу қарауының түсінігі, мәні, түрлері және міндеттері. Оқиға болған жерді қарау – тергеу қарауының анағұрлым күрделі түрі. Оқиға болған жерді қарау – тергеудің бастапқы кезеңінде (кідіртпей) жүргізілетін тергеу әрекеті. Қарауға дайындық. Оқиға болған жерге шықпай тұрып жүргізілетін тергеу әрекеті және келісіммен жүргізілетін дайындық шаралары.
Арнайы білімі бар мамандарды қарауға қатынастыру. Оқиға болған жерді қараудың тактикалық әдістері мен кезеңдері. Оқиға болған жерді шолып қарау. Қараудың бағытын белгілеу және кезектілігін анықтау. Жекеленген заттарды, іздерді мұқият, қарау. Қараудың шекарасын анықтаған кездегі болжамның ролі. Негативті жағдайлар және олардың маңызы. Инсценировканы танып білу. Қарауға қатысқан адамдардың арасындағы қарым-қатынастар, олардың тиімділігін анықтайтын фактор ретінде. Қарау нәтижелерін бекіту. Оқиға болған жерді қарау жөнінде хаттама жазу, фотосуретке, бейнежазбаға түсіру жоспарын жасап, схемасын сызу.
Қуәландыру тергеу қарауының ерекше түрі ретінде: түсінігі, міндеттері және тактикасы. Қуәландыру нәтижелерің бекіту және оларды бағалау.
Заттай дәлелемелерді қарау. Қарауының міндеттері, тактикасы. Құжаттарды қарауының ерешеліктері, маңызы. Қарау нәтижелерің бекіту және оларды бағалау.
Достарыңызбен бөлісу: |