К Р И М И Н А Л И С ТИ К А
пәні бойынша диплом жазуға әдістемелік нұсқау
Бұл диплом жұмысты жазудағы студенттің алдына қойылатын жалпы міндет пен мақсат, басқа курстық жұмысты жазудағыдай. Бірақ өзіндік ерекшеліктері бар. Диплом жұмысты жазуда, арнайы оқулықтармен ғана шектеліп қоймай, студент өзі тұратын жерде болған қылмыстық істерді оқып, тергеу практикасын пайдалана білуі қажет. Бұл келтірілген сот немесе тергеу тәжірибесі, осы аудандағы, облыстағы аталған қылмыс түрімен күрес жүргізуде қандай нәтижелер берді, курстық жұмыста мысал ретінде жазылуы тиіс.
Диплом жұмысқа пайдалану үшін зерттелген ізденістер тізімі қолданылған әдебиеттерден кейін тіркеледі.
Қортындыда студент әрбір танысқан іс бойынша тергеу жүргізу кезінде тактикалық дұрыс шешілген мәселені, сондай-ақ тергеушінің техникалық құралдар мен әдіс-тәсілдерді қолдануда кеткен кемшіліктерді көрсетеді.
Диплом жұмысының бірінші бетінде баяндалатын тақырыпқа сәйкес жұмыс жоспары құрылады. Криминалистика пәнінен диплом жұмысын жазуда, студенттердің көпшілігі мазмұны жағынан негізгі тақырыптан әлдеқайда ауытқуы байқалады, осы кемшіліктерді болдырмауға баса назар аударылуы қажет.
Диплом жұмысты жазу барысында міндетті түрде ғылыми деректерге сүйеніп, жұмыстың атауын, қолданылған әдебиеттердің шығарылған баспасын, жылын және бетін нақты көрсетіп жазу керек.
Егер оқулықта баяндалатын мәселе туралы әртүрлі көзқарастар, пікірлер болса, онда студент олардың әрқайсысын дәлел ретінде көрсетін, өзінің қай көзқарасқа қосылатынын не қосылмайтынын білдіреді.
1.Тақырып. Криминалистиканың теориялық және әдістемелік негіздері
Криминалистиканың пәндік түсінігі. Криминалистиканың басқа ғылыми пәндермен байланысы.
Криминалистиканың жүйелі бөлімдері: криминалистиканың теориялық және әдістемелік негіздері, криминалистік техника, криминалистік тактика, жеке қылмыстарды тергеу әдістемесі.
Достарыңызбен бөлісу: |