Кіріспе. Пәннің мақсаты мен негізгі мәселелері «Квалиметрлеу»



бет1/10
Дата10.06.2020
өлшемі244 Kb.
#72860
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
Квалиметрия лекция


№1 дәріс

Тақырыбы: Кіріспе. Пәннің мақсаты мен негізгі мәселелері


«Квалиметрлеу» термині «квали» - сапа және «метрия» - өлшем немесе бір нәрсенің сандық бағалауы деген екі сөзден тұрады.

Сапа бұл жалпы ғылыми категория, оның мәні әрбір объектінің мазмұнын анықтау немесе мәндік анықтамасын табу деп есептеледі. Сапа оның барлық қасиеттерінің, белгілерінің жиынтық бағалауымен және басқа объектілермен қатынастарымен ерекшеленеді.

Квалиметрлеу – ғылыми сала, ол әртүрлі объектілердің сапасын сандық әдістермен бағалауын біріктереді. Квалиметрлеудің негізгі мәселелері: өнімнің және қызметтің сапасын сипаттайтын көрсеткіштердің номенклатурасын негіздеу; жобалау кезінде объектілердің сапа көрсеткіштерін анықтау әдістерін дайындап шығару; объектілердің сапа деңгейін оптимизациялау; бұйымдардың параметриялық қатарларын оптимизациялау; жинақтық сапа көрсеткіштерін құру принциптерін дайындап шығару және оларды стандарттау, сапаны басқару мәселелерінде қолдану шараларын негіздеу.

Квалиметрлеу – бұл качествоведениенің (сапа жөніндегі кешенді ғылым) құрамына кіретін бөлек ғылым. Качествоведение квалитологиядан, яғни сапа жөніндегі жалпы теориясынан, квалиметрлеуден және сапаны басқарудағы әдістер мен құралдар жөніндегі ілімнен тұрады.

Квалиметрлеудің объектілері ретінде «сапа» түсінігі жататын барлық объектілер бола алады. Бұл қарастыруға, зерттеуге келетін тұтас нәрселер де болады.

Квалиметрлеудің пәні деп сапаны сандық жағынан бағалауды айтады.

Квалиметрлеу үш бөліктен тұрады:

1 – жалпы квалиметрлеу немесе квалиметрлеудің жалпы теориясы, мұнда керекті мәселелер және сұрақтар, сонымен қатар өлшеу және сапаны бағалау әдістері қарастырылады;

2 – объектілердің үлкен топтарының (кластарының) арнайы квалиметрлеуі, мысалы, өнімдерді, процестерді, қызметтерді квалиметрлеу, адамдардың өмірінің сапасын квалиметрлеуге дейін барады;

3 – өнімдердің, процестердің, қызметтердің бөлек түрлерінің пәндік квалиметрлеуі, мысалы, машинажасау өнімдерін квалиметрлеу, құрылыс объектілерін квалиметрлеу, мұнай өнімдерін квалиметрлеу, тоқты квалиметрлеу, азық-түлік тауарларды квалиметрлеу, өндірістік процестерді квалиметрлеу, еңбекті квалиметрлеу, білімді квалиметрлеу.

Тұтыну (пайдалану) объектісінің сапасыадамдардың белгілі қажеттіліктерін қанағаттандыратын қасиеттердің жалпы сипаттамасы. Сапа жөніндегі мұндай түсінік қолданбалы немесе тұтынушылық сипатта жүреді және сондықтан да тар немесе арнайы деп саналады. Бұған қоса сапа жөнінде шектеулі түсініктер де бар, мұндай жағдайда объектінің барлық сипаттары емес, тек қана адамдар үшін маңыздылары ғана қарастырылады. Атап кетсек, нысан пайдасының адамдардың қолдануына арналған немесе қолданысқа енген субъективті бағалауы мен сондай-ақ объективті қасиеттері тұтыну объектісінің сапасы жөніндегі ұғым ретінде қарастырылады.

«Квалиметрлеу және сапаны басқару» пәні бойынша келесі терминдер мен анықтамалар кездеседі.

Квалиметрлеу – сапаны басқару және стандарттау кезінде қабылданатын шешімдерді дәлелдеу үшін пайдаланатын сапаны бағалаудың сандық әдістерін бірлестіретін ғылыми сала.

Өнім – анықталған қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін арналған халықшаруашылық қызметінің заттылық нәтижесі.

Өнімнің қасиеті – жасау, пайдалану немесе тұтыну кезінде көрінетін оның объективті ерекшелігі.

Өнімнің сапасы – белгіленуіне сәйкес өнімнің анықталған қажеттіліктерді қанағаттандыру жарамдылығын негіздейтін өнімнің қасиеттерінің жиынтығы.

Сапа (өнім сапасының) көрсеткіші - өнімнің бір немесе бірнеше қасиеттерінің сандық сипаттамасы.

Өнім сапасының жекеленген (даралық) көрсеткіші - өнімнің қасиеттерінің бірін сипаттайтын көрсеткіш.

Өнім сапасының кешенді көрсеткіші - өнімнің бірнеше қасиеттерін сипаттайтын көрсеткіш.

Өнім сапасының базалық көрсеткіші ­ сапаны салыстырмалы бағалау кезінде эталон ретінде қабылданған объектінің сапа көрсеткіші.

Өнім сапасының салыстырмалы көрсеткіші ­ салыстырмалы бірлікте көрсетілген бағалынатын өнімнің сапа көрсеткішінің сапаның базалық көрсеткішіне қатынасы.

Өнім сапасының интегралдық көрсеткіші ­ объектінің сапасын оның жалпы тиімділік көзқарасынан сипаттайтын және объектіні белгіленуі бойынша пайдалануынан сомалық пайдалы тиімді объектіні жасау және белгіленуі бойынша пайдалану шығындарына қатынасымен көрсетілетін сапаның кешенді көрсеткіші.

Жинақтап қорытылған (жалпыланған) көрсеткіш ­ барлық жекеленген (даралық) көрсеткіштерін есепке алу негізінде сапаны формальдық сипаттайтын өлшемсіз көрсеткіш.

Басқару объектісі (тұтас басқаруға қатысты) ­ сала, кәсіпорын, жұмыс орны.

Басқару объектісі (нақты бір кәсіпорынға қатысты) ­ өнімнің өмірлік циклы.

Басқару субъектісі ­ ұжымдарды, техникалық құрылғыларды, материалдық құралдар мен ақпарат ағындарын енгізетін басқару жүйесі.

Басқару принциптері ­ басқару шешімдерді қабылдау және қандай болсын факторларға басқару әсерлерді қалыптастыру, сондай-­ақ өнімнің техникалық деңгейі мен сапасын арттыруға жағдай қалыптастыру.
№ 2 дәріс

Тақырыбы: Сапа мәселелері жөніндегі ғылыми зерттеулердің әдістемесі


Сапа нысандарының және олардың қасиеттерінің мәнінің сипаттамасы ретінде адамдар үшін тәжірибелік маңызы зор болды. Сондықтан сапаны бағалау сұрақтары өте маңызды болып саналады.

Өнімнің сапасын ең алғашқы бағалауы біздің дәуірімізге дейін 15 ғасырда жүргізген еді. Сол кезде Крит аралының гончарлары өздерінің бұйымдарын арнайы белгімен таңбалады, бұл белгілер өндірушінің кім екендігін және өнімнің жоғары сапалы екендігін көрсетті.

Бұл «атаулар шкаласы» бойынша сапаны бағалау деп есептелді. Фирмалық таңбалар және тағы да басқа сапа белгілері қазірдің өзінде өнім сапасының бағалау қасиеті ретінде жүреді.

Біраз уақыт өткен соң өнімнің сапасын бағалаудың сараптық әдісінің түрі ретінде басқа әдіс қолданды, ол тұтынушылардың жалпы тәжірибелеріне негізделді, мұндай әдіс «ұжым даналығы» деп аталды. Ежелгі кезде сапаны сарапшылық бағалауына мысал ретінде шараптарды дегустациялауды жатқызуға болады.

Халықаралық сауданың дамуымен өнімдерді сапа категориялары бойынша жіктеу керек болды, ол үшін өнімнің бөлек қасиетерін ғана өлшемей, сонымен қатар оның сапасын барлық негізгі тұтынушылық қасиеттері бойынша сандық бағалау жүргізу керек болды. Соған байланысты Еуропада және АҚШ-та 19 ғасырдың соңында 20 ғасырдың басында өнімнің сапасын бағалау әдістерін қолданды, әсіресе балдардың көмегімен.

Квалиметрлеудің негізгі мәселесі - өнімнің, қызметтердің құжаттамаларына енгізуге жататын сапа көрсеткіштерінің номенклатурасын анықтау. Квалиметрлеудің бұл аспектісі сапа көрсеткіштерін нормалау бойынша тәжірибесімен бірге пайда болды, Кеңес Одағында оның пайда болуын 1923 жылмен байланыстырады, осы жылы стандарттау бойынша бірінші басылым «Эталондар мен стандарттар Комитетінің бюллетені» басылып шықты. Комитеттің өзі 1922 жылы өлшемдер мен таразылардың бас палатасы негізінде құрылды.

Квалиметрлеудің тағы да басқа маңызды аспектілерінің бірі бұл сапаның априорлық бағалауы, яғни техниканың күрделілігінің өсуіне байланысты белсенді дамуы. Пайдалы шешімді табу үшін жаңа өнімді жасау кезінде оның өмірлік циклының ең алғашқы кезеңінде іздеу керек. Әсіресе сапаны бағалаудың есептік әдістеріне көңілді бөлу керек. Аттестациялау жүргізгенде бағаланатын өнімді отандық және шетелдік аналогтармен салыстыру қажет. Ол үшін сәйкес әдістемелері болуы шарт.

50 жылдардың басында техникалық құралдардың сенімділігін қамтамасыз ету мәселесі өзіне көңілін аудартты. Соған байланысты осы жылдары сенімділікті бағалау әдістері жақсы дамыды.

Аталған жағдайлардың бәрі әртүрлі нысандардың сапасын бағалау жөніндегі мәселелерді шешу әдістерін бір білім саласына біріктіруге әкелді, ол квалиметрлеу деп аталды. Біріктіруді Ресей мамандықтарының тобы ұйымдастырды, оның негізінде стандарттау жөніндегі ғылыми-зерттеу институтының қызметкерлері болды. Бұл бірлестік 60 жылдардыњ соңында басталды.

Келесі жылдары, бірыңғай терминологияны орнататын салааралық нормативтік және әдістемелік құжаттардың үлкен жинағы шықты. Бұл жинақта квалиметрлеудің әртүрлі мәселелерін шешуге арналған ұсыныстар болды. Әсіресе маңыздыларына мыналар жатады:

МЕСТ 15467-70 «Өнімнің сапасы. Терминдер»

Ұ 50-149-79 «Өнеркәсіптік өнімнің техникалық деңгейін және сапасын бағалау бойынша әдістемелік нұсқаулар»

Ұ 50-64-84 «Біртекті өнімдер топтарының сапа көрсеткіштерінің номенклатурасын орнататын мемлекеттік стандарттарды жасау жөніндегі әдістемелік нұсқаулар». Осы құжаттың негізінде «Өнімнің сапа көрсеткіштеріні жүйелері» атты мыңға жуық стандарттар әзірленді, олар нормативтік құжаттамада өнімнің сапасын регламенттеудің квалиметрлеудің негізінде жатады.

Шетелде квалиметрлеудің дамуы фирмалардың бәсекелестігіне қарай өнімді өндірушілер (дайындаушылар) максималды түрде пайда табу үшін тұтынушылардың қажеттіліктерін қамтамасыз ету керек болды. Өнімдерді өндірушілер (дайындаушылар) бәсекелестердің өнімдерін талдау үшін бағалау әдістемелерін керек етті. Көптеген елдерде, мысалы АҚШ-та өнімнің сапасын жобалық бағалау сапаны қамтамасыз етудің жалпыға белгілі принциптерінің бірі болып табылады. Квалиметрлеудің негізгі мәселелері 1971 жылдан бастап сапаны бақылау бойынша Еуропалық ұйымның халықаралық конференцияларында ұнемі талқыланып отырады.


№ 3 дәріс Тақырыбы: Сапа деңгейінің динамикасы
Сапа жөніндегі түсінік құбылып тұрады. Былтыр ғана тұтынушыны қанағаттандыратын сапа осы жылы оның талаптарына сай келмеуі де мүмкін. Қоғамның дамуының әрбір кезеңінде сапаға деген талаптар жоғарылап келеді. Бұрын сапа ақаулардың жоқтығымен сипатталса, қазіргі кезде сапамен табыс, рухани құндылығының өлшенетін көрсеткіштері және өмірдің сапасын жоғарлату сияқты категорияларды байланыстырады.

Сапаның жапон концепциясы бойынша сапаның 4 деңгейі болады, олар туралы түсінік 20 ғасырдың 50 жылдарынан бастап қазіргі күнге дейін өзгеріп тұрады.

Бірінші деңгейі – «стандартқа сәйкестігі». Өнімнің сапасы стандарттың сәйкес келетін немесе сәйкес келмейтін талаптары бойынша бағаланады. Ол үшін алдымен талаптарды айќындап, стандарттарды жєне µнімніњ сапасын салыстырып-тексеру тәртібін бекіту керек. Бұл деңгейдің кемшілігі – сапаның міндетті бақылауын жүргізу қажеттілігі мен тұтынушының (нарықтың) талаптарын есептеуінің жоқшылығы.

Екінші деңгейі – «қолдану сәйкестігі». Өнім тек қана стандартқа сай болмауы керек, сонымен қатар пайдалану талаптарын да қанағаттандыру керек. Сонда ғана өнім нарықта сұранысқа ие болады. Өнімді пайдаланудың барлық түрлеріне сәйкес болуы үшін, оның сапасы жөнінде фирманың, кәсіпорынның өндірістік бөлімшелері ғана емес, олармен бірге маркетинг, зерттеулер және дайындау, жоспарлау, сапаны бақылау сияқты бөлімдері де өз күштерін салулары қажет. Нарықтың талдау және қызметаралық басқару әдістері Жапонияда 60 жылдардың соңында – 70 жылдардың басында меңгерілген болатын.

Үшінші деңгейі – «нарықтың талаптарына сәйкестігі». Бұл деңгейді төменгі бағамен жоғары сапалы өнімді алуға болады деп түсінеді. Оған жету үшін ақаусыз өндірісті ұйымдастыра білу керек. Мұнда өнімнің сапасы сапа бойынша тексерумен немесе жоғары сапалы құрал-жабдықтармен жетілдіріледі. Яғни өнімді өндіру процестеріне қатысатын әрбір жұмысшының сапаны жоғарлатуға деген ниеті болуы керек.

Төртінші деңгейі – «жасырылған (көзге көрінбейтін) қажеттіліктерге сәйкестігі». Дамыған елдерде, мысалы, Ұлыбританияда, АҚШ-та, Жапонияда нарықта сапа деңгейі бойынша ерекшеленбейтін, тұтынушының айқын талаптарын ғана қанағаттандыратын өнімдер көп. Сондықтан өнімді сату кезінде, тұтынушылардың жасырылған қажеттіліктерін де ескеру қажет. Тұтынушы өзі де білмейді оған не керектігін. Оған әдемі, алам деп ойламаған нәрсе, өнімді ұсынса, ол тұтынушыға ұнап, соны сатып алуы мүмкін. Дүниежүзінде көркейіп келе жатқан фирмалар осы деңгейге жетуге әзір.

Сапа бәсекегеқабілеттіліктің белсенді көрсеткіші ретінде отандық экономиканың тұрақты дамуының маңызды факторларының бірі болып табылады. Сапа деңгейі жоғарылғанда ғана Қазақстан өзініњ ең басты стратегиялық мақсатына (Дүниежүзілік сауда ұйымына кіру) жете алады, яғни шикізатты беруші ел ғана емес, сонымен бірге дамыған, технологиялық деңгейі жағынан жоғары ел ретінде танылса.
№ 4-5 дәрістер

Тақырыбы: Өнеркәсіптік өнімдердің жіктелуі.





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет