4. Қазақстандағы радиоактивті ластану проблемасы
Өнеркәсіптік, тұрмыстық қалдықтарды залалсыздандыру, көму және утилизация – қазіргі заманғы өте толғандыратын проблемалардың бірі. БҰҰ –ның қоршаған ортаны қорғау жөніндегі материалдарында ( Рио-де-Жанейроның 1992 жылғы және Йосенбург 2002ж) басқа ғаламдық проблемелармен қатар қалдықтарды бақылау мәселелерінің қарастырылуы-осының дәлелі.
Өнеркәсіп кешені минералды шикізатты өндіру мен өңдеуге бағытталғандықтан, қатты өнеркәсіп қалдықтарының жиналып, көбеюі алаңдатады. Республикамызда оның мөлшері 19 млрд. тоннадан астам. Улы қалдықтарды қоса алғандағы, өнеркәсіп қалдықтары бүгінгі күнге дейін экологиялық нормалар мен талаптардың бұзылуымен сақталады. Осының нәтижесіндегі еліміздің ашық және жер асты су көздеріне қатты ластану қауіпі төнуде: Ақтөбе облысында – алты валентті хром, Жамбыл обл. – фтор және фосфор, Шығыс қазақстан облысында – ауыр металдардың тұздарымен,әсіресе Қарағанды, Шығыс қазақстан, Қостанай, Павлодар облыстарындағы түсті металургия қалдықтарымен ластану үлкен қатер туғызып отыр.
Еліміздің территориясындағы уранды өндіру мен өңдеудің нәтижесінде пайда болған болған радиоактивті қалдықтардың төндіретін қауіпі де аз емес: олардың 100-ден астам көмілген жерлерінде 50 млн. тоннаға жуық қалдық бар. Оларды зиянсыздандыру үшін өте үлкен қаржы жұмсалады. өкінішке орай, бұндай қаржыны мемлекет қазынасынан алу мүмкін емес.
Республикамызда 13 млн. тоннадан астам қатты тұрмыс қалдықтары өңделмей және жағымсыз санитарлық эпидемологиялық жағдайдың қалыптасуына себеп болып тұр.
Үстіміздегі жылдың ақпан айында шетелдік радиоактивті қалдықтарды Қазақстан Республикасы территориясына көшу туралы заң лқыға түсті. Мәліметтер бойынша еліміздің территориясын толығымен тазалап шығу үшін 1 млрд. 110млн. доллар аржы қажет екен, ал жерімізге шет мемлекеттердің радиоактивті қалдықтарын көму 20-30 млрд. доллар пайда әкеледі деген пікір бар. Алайда бүгінгі таңдағы экономикалық жағдайда 10-15 жылға бағдарланып отырған бұл жобаның тікелей және қосымша шығындарын қалай есептеуге болады? Бұл заңды қабылдай отырып біз ұзақ мерзімді саяси және экономикалықжауапкершілікті өзімізге аламыз. Ал бұл жауапкершілікті тек біздің замандастарымыз ғана емес, келер ұрпақ, тіпті олардан кейінгі буында орындауға мәжбүр болады. Парламент бұл жобаны қабылдай отырып, бүгінгі буынды ғана емес, келешек ұрпақты да қауіпті бизнестің тұтқынына түсірер еді. Бұл заңды қабылдау арқылы еліміз өз территориясын « радиоактивті қалдықтар моласына » айналдырған ең бірінші мемлекет болар еді.
Радиоактивті қалдықтарды еліміздің территориясына көшу табиғи су көздерін ластап, ауыз су проблемасын туғызып, жер қыртысына үлкен нұқсан келтірмек еді. Семей полигонының нәтижесін көзбен көре отырып, ядролық қарудың зардаптарын біле тұра және радиоактивті қалдықтардың адамдардың денсаулығына әсері жайлы мәліметтен хабардар бола отырып, радиоактивті қалдықтардыкөшуге келісім беру – келешек алдындағы үлкен қылмыс болар еді. Аталған заңның қабылданбауы белгісіздікке басылған қате қадамнан аман алып қалды.
Қазіргі кезде дүние жүзіндегі барлық ядролық қаруларды сынауға қарсы «Невада – Семей –Моруруа – Лабнор – Жаңа жер» халықаралық одағы құрылды.бұларға қосымша Қазақстандағы экологиялық жағдайды жақсарту мақсатында қоғамдық негізде «Елім – ай» халықаралық экологиялық қоры және «Эко – Қазақстан» экологиялық ассоциациясы құрылды.
Қазіргі кезде Қазақстанның көптеген өңірі экологиялық апатты аймақ деп аталады. Соның бірі Семей полигоны болып табылады. Бұл 18 мың км аймақты алып жатыр. Бұл өңірде 1949 жылдан 1989 жыл аралығында бұл жерде 510 рет ядролық жарылыс болып, сынақтар өткізілген. Осындай жойқын әрекеттерден Семей аймағының табиғаты мен халқы өте ауыр зардап шегуде. Мұндай сынақ аймақтары Қазақстанның 34 нүктесінде болғандығы да белгілі болып отыр.
Қазақстанда атом энергиясын халық игілігі үшін пайдалану мақсатында игілікті істер жүргізілуде. 1963 ж. Ақтау қаласында теңіз суын тұщыландыру мақсатында арнайы атом энергиясын пайдаланатын қондырғы салынды. Ол қондырғы «54 – 350» деп аталады (жылдам нейтрондар). Онда тәулігіне 120-150 мың текше метр теңіз суын тұщыландырады.
Достарыңызбен бөлісу: |