Оқу - оқыту процесіндегі оқушылардың іс-әрекеті.
Оқыту процесінің логикасы мен құрылымын анықтайды, ал құрылымына оқыту процесінің звенолары - танымдық іс-әрекетінің кездері кіреді:
таным міндеттеріне жете түсіну;
жаңа материалды қабылдау;
ұғыну - жаңа оқу материалдарын түсініп жинақтау процесі;
білімді, іскерлікті және дағдыны бекіту және жетілдіру;
білімді, іскерлікті және дағдыны практикада қолдана білу;
- оқушылардың жетістіктерін талдау, білімін, іскерлігін және дағдысын тексеру, бағалау. /11/.
Таным міндеті түсінікті болса, оны оқушылар өз бетімен ізденіп шешуге тырысады, оқыту процесінің әрбір звеносына жеке-жеке дайындалады.
Ақыл-ойдың дамуына оқу іс-әрекеті ерекше әсер етеді. Әсіресе оқу жүйесінде сөйлеу қабілетін меңгерудің және дамыудың айқындауыштық маңызы зор. Сөйлеу қабілетін бағдарлама бойынша дамыту мақсатында баланы оқытудың және дамытудың мынадай түрлері болады: біріншіден, нормаға сәйкес әдеби тілді меңгеру, екіншіден, оқи және жаза алу. Оқи білу де, жаза білу де- тіл жүйесіне, оның фонетикасына, таңбалануына, лексикасына, граматикасына, орфографиясына сүйенетін сөйлеу дағдылары. Үшіншіден, оқушылардың сөйлеу мәдениетінің белгілі бір тапап деңгейіне сәйкес келуі, яғни, ол оқушы деген атаққа ие бол, сондықтан да сол деңгейден төмен болмауы тиіс.
Қабылдау - адамға тікелей әсер ететін заттардың я құбылыстардың адам санасында бейнелену процесі. Сабақ үстінде оқушылардың жаңа материалмен танысуы түйсіктен және қабылдаудан басталады. Ал түйсік сананың сыртқы әлемімен байланысты. Сезім мүшелеріне әсер етіп, оның мида бейнеленуін түйсік деп атайды. /12/.
Оқушыларды жаңа материалдармен таныстыру, бақылау, эксперимент, практикалық жұмыстар процесінде тікелей қабылдау арқылы немесе жанама түрде мұғалімнің сөзі, эвристикалық әңгіме, оқулық арқылы іске асырылады.
Ұғыну - бұл саналы түрде ғылыми білімді, заңдылықтарды ұғу, фактілерді жинақтау процесі, қорытынды шығару. Ұғыну процесінде оқылатын материал терең ойластырылады, дәлелденеді және бекітіледі. /13/.
Бекіту- бұл оқушылардың білімді берік ұғынуының тиімді тәсілі. Сабақта жаңа материалды алғашқы бекіту қолданылды.
Білімді, іскерлікті және дағдыны практикада қолдану оқушылардың өзіндік қасиеттерін дамытады. Оқушылардың өз бетімен дамуына ауызша және жазбаша жаттығу жұмыстарының түрлері мүмкіндік туғызады. /14/.
Сонымен оқыту процесінің звенолары сабақ үстінде оқушылардың іс-әрекетінде жүзеге асырылады. Егер олардың іс-әрекетінде мотив болмаса, онда ол бейтарап процеске айналуы мүмкін. Мотив - адамның объективті мұқтаждығы мен ынтасын бейнелейтін әрекетіне ішкі талаптануы. Демек, мұқтаждық пен ынта мотивация негізі болады. Оқушылар білімге мұқтаждығын сезуі қажет, ол мұқтаждық олардың оқуға деген ынтасын көтереді).
Оқыту практикасында оқудың әр түрлі мотивтері болады. Олардың бІрі-тікелей талаптанндыру мотивтері - бұл оқушылардың ұстазын ұнатуы, оған сүйіспеншілігі. Өйткені мұғалім оларға қызықты, тартымды сабақ береді, түрлі көрнекі және техникалық құралдарды т.б шеберлікпен қолданады, лингафон, компьютер кабинеттерінде қызықты сабақтар өткізіледі. Осылардың бәрі оқушыларды терең білім алуға қызықтырады, талпындырады.
Переспиктивті талпындыру мотивтері оқушының өзінің көздеген мақсатына ұмтылушылығына, оның іс-әрекетінің болашаққа бағыштауына байланысты. Бұған жататын мотивтер:
а) мамандықты таңдап алуға байланысты шәкірттердің пәнге қызығушылығы;
б) келешек мамандыққа байланысы жоқ, белгілі іс-әрекеттеріне қызығушылық ( ән, сурет, әдебиет, спорт, т.б ) Бұл жерде мұғалім оқушыны белгілі бір мақсатқа ынталандыруы қажет. /15/.
Ойлаудың талаптандыру мотивтері таным іс-әрекеті процесімен байланысты. Іс- әрекеттің барысында сұраққа немесе проблемаға оқушы өз бетінше жауап беруге тілек білдіреді, тырысады, тапсырманы табысты орындағаны үшін қанағат сезіміне бөленеді. Тапсырманың практикалық мәніне түсінеді.
Түрлі психологиялық - педагогикалық зерттеу деректеріне сүйеніп (А.К.Макаров, Г.И.Щукина, В-И.Ильина т.б ) мотивтерді екі топқа ажыратуға болады:
1. Танымдық мотивтер :
а) оқушыларды жаңа білімді игеруге және ұғу тәсілдеріне бағыттау
мотивтері;
б) өз бетімен білім алу, оны іс-әрекетінде қолдана білу мотивтері;
2. Әлеуметтік мотивтер:
а) кең мағынадағы әлеуметтік мотивтер (оқуда белсенділік, ынталылық, жауапкершілік және борышын сезу);
ә) тар мағынадағы әлеуметтік мотивтер (үйелмен, ұжым және жолдастарының, құрбы- құрдастарының алдындағы бедел т.б);
б) ынтымақтастық әлеуметтік мотивтер оқу - тәрбие жұмысында өзара әрекеттесуге ұмтылу және үнемі жетілдіру. /16/.
Әлеуметтік мотивтер бұл дүниетанымның қалыптасуына, идеялық сенімге негізделген борыш, қажеттілік, жауапкершілік мәнін көтеру мақсатында мұғалім оқушыларға сынып және мектеп бойынша істеген еңбектерінің нәтижелерін, келешек мамандықты игерудің, еңбек іс- әрекетіндегі белсенділікті қажеттігін жете түсіндіре білу керек.
Мотивтер жас ерекшеліктеріне байланысты өзгеріп отырады.
Оқыту - адамның білімін, танымдық және шығармашылық қабілетін дамытудың маңызды құралы.
Монолог сөз үнемі белгілі жоспарға сәйкес құрылады, бұл алдын ала даярлықты тілейді;
Монолог сөздерге логикалық жағынан қатаң талаптар қойылмайды (мәселен, баяндамашы мен лектор сөзінің мағыналылығы мен түсініктілігі ерекше көңіл бөледі);
Монолог сөз мәнерлі, адамға әсер ететін моменттерді (сөзді сазына келтіріп айту) көбірек қажет етеді.
Диалог және монолог сөздер көбінесе беттің мимикасының өзгеруімен, ымдау сипатындағы түрлі қозғалыстармен қосарланып отырады. Орынды ымдар біздің сезімімізді мәнерлі етумен қатар, оның өзімізге де, жұртқа да түсінікті болуына жағдай туғызады. Бірақ, осындай ым-ишаралардың дербес күйінде аса үлкен маңызы жоқ. Адам мұны көмекші құрал ретінде ғана пайдаланады.
Ауызша сөйлеуде (оның диалог және монолог түрлерінде де) актив және пассив сөздер болады. Актив сөздер күнбе-күнгі жиі қолданылатын сөздер. Пассив сөздер тілімізде сирек пайдаланатын, мағынасына түсінгенмен күн сайын айтылмайтын сөздер. Мұндай сөздерге көбінесе ғылыми-техникалық атаулар және ескірген сөздер жатады. Актив сөздің мол болуы адамның сөйлеу әрекетіне, айналысқан кәсібіне байланысты. Егер ересек адамдардың актив сөздері орта есеппен 6000-7000 болып келсе, жазушылар мен ақындардың, ғалымдардың актив сөздері 10000-13000 сөзге жетіп отырады. Мәселен, Шекспердің сөздік қоры 12000 дам болған. /17/.
Сөйлеудің ерекше бір түрі — жазбаша сөйлеу. Жазбаша сөйлеу арнаулы әдістер арқылы меңгерілетін сөйлеудің түрі. Мұны игеру адамға оңайлықпен түспейді. Жазбаша сөйлеу адам баласы хат танырлықтай дәрежеге жеткенде, ауызша сөйлеудің біршама дамыған кезінде ғана пайда бола бастайды.
Жазбаша сөйлеудің кейбір ерекшеліктері:
1) Жазатын адамның қасында сөйлесетін адам болғандықтан, мұнда ешбір ым-ишара қолданылмайды.
Жазбаша сөйлеудің логикалық жағына аса қатаң талап қояды.
Мәселен, белгілі тақырыпқа шығарма жазған кезде адам осындай талаптарды орындауға тырысады, көп ойланып, толғанады. Өйтпейінше, бұдан нәтиже шығару қиын.
Жазуда грамматикалық ережелері де қатты ескеріледі.
Жазу кезінде адам қатты зейін қойып, әр сөзін ойлап құрастырады, мағыналы сөз іздейді. Бұл үлкен ой жұмысын қажет етеді.
Мәселен, адам өзінің туысқандарына, таныстарына хат арқылы ойын білдіргенде осы жағдай байқалады. Жазбаша сөйлеудің түрлері мен стильдері әр алуан. Олардың бастылары ғылыми, публи цистика, көркем әдебиет, іс-қағаздық т.б. сөздер.
Сөйлеудің жеке бір түрі - ішкі сөйлеу. Ішкі сөйлеу деп тілдік материалдар негізінде дауыстамай-ақ сөйлей алушылықты айтады. Әр ұлттың өкілі қандай бір нәрсе туралы ойласа да, алдымен өз тілінде ойлайды. Осындай кезде адам ішкі сөйлеуді пайдаланады. Ішкі сөйлеу адамдармен тікелей қарым-қатынас жасауға арналған. Оны адам өзінің ойлау әрекетінің ішкі мақсаты үшін пайдаланады. Ішкі сөйлеуді сөйлеу аппараттарының жасырын жұмысы деуге болады. Өйткені мұнда оның жұмысы жөнді еленбейді. Тек тиісті аппараттармен зерттегенде ғана сөйлеудің осы түрінің де кинестезиялық тітіркендіргіштерге орай тауып отыратындығы анықталған. Ішкі сөйлеу жөнінде И.М.Сеченов былай дейді: «Бес жастағы баланың ойы сөзбен немесе сыбырлап сөйлеумен немесе тіпті тілдің қозғалуы, еріннің жыбырлауымен айтылады. Мұның өзі ересек адамдарда да (тек түрлі дәрежеде болуы мүмкін) жиі кездеседі. Мен тіпті өзімнен де білемін: ойымның ауыздың жабық, қозғалмайтын күйінде тілсіз сөйлеумен, яғни ауыз қуысында тілдің бұлшық еттерінің қозғалуымен, қоса қабаттасуы өте жиі болады. Барлық жағдайда да басқалардың алдында бір ойға баса назар аударғым келсе, оны алдымен дереу сыбырлап айтып аламын. Ішкі сөйлеу өте қысқа, икемді болып келеді. Өйткені адам әр кез өз ойлауының мазмұнын жақсы біліп отырады, сондыктан ішкі сөйлеуге ұзақ тұжырым жасап жатудың қажеті де болмайды» \18\.
Жалпы білім беретін мектеп бағдарламасында тіл дамыту жұмысына арнайы орын берілген. Бағдарламада оқушылардың жас ерекшелігіне байланысты тәрбиелік мәні бар жаттығу материалдары әр сынып оқушыларының жас ерекшелігіне қарай жалпы сөйлеу мәдениетін дамытып, олардың ой-өрісін жетілдіру мақсаты көзделген, сондай-ақ бағдарламада тіл дамыту жұмысын ауызша-жазбаша жаттығулар, шығарма, диктант сияқты жұмыс түрлері арқылы іске асыру міндеттелген.
Қазақ тілін оқытуға байланысты тіл дамыту жұмысын ұйымдастырудың негізгі мақсаты - дұрыс, сауатты жазып, оқушының ауызша және жазбаша ойын грамматикалық және стилистикалық жағынан дұрыс сөйлем құрап, жүйелі сөйлеуді үйрету.
«Тіл дамыту жұмысын негізінен, мынадай төрт бағытта жүргізіледі: бірі –мәдени, әдеби сөйлей білу нормаларына үйрету, яғни орфографиялық дағдыны меңгерте отырып, оқушыға мәнерлеп оқу дағдыларын қалыптастыру. Екіншіден, лексикалық жұмыстар жүргізу арқылы оқушының сөздік қорын байыту, тілдің лексика және фразеология бөлімдерінен кеңірек білім беру көзделеді. Үшіншіден, жаңа сөздер үйрету, сөздерді үйрете отырып, жаңа сөздер жасайтын формаларды меңгерту арқылы сөз бен сөздердің байланысын, сөйлем құратынын үйрету, сөйлемнің құрылысын білдіру арқылы синтаксистік лексикадан білім беру. Төртіншіден, оқушының ойын жазбаша дұрыс, сауатты жаза, әрі сөйлей білуге үйрету мақсат етіледі», - дейді Б.Құлмағанбетова. /19/.
Осы тұрғыда ұлы дидакт К.Д.Ушинскийдің мынадай пікірін айтуга болады: «Ана тілін үйретудің мақсаты: біріншеден - балалардың тумыста «сөз дарындылық» қабілетін дамыту, екіншіден - балаға ана тілінің қазынасын саналылықпен меңгерту, үшіншіден - баланы сол тілдің лексикасына, оның логикалық жүйемен құрылған грамматика заңдарына дағдыландыру» /20/. Дидактикалық принциптер әр пәнді оқыту әдістемесінің, оның ішінде қазақ тілін оқыту әдістемесінің теориялық негізі болып саналады. Қазақ тілін оқытуға байланысты тіл дамыту жұмысы да мынадай дидактикалық принциптерге негізделе жүргізіледі.
1. Сөйлеу мен ойлаудың бірлігі принципі арқылы оқушы тіл мен ойлау бір-бірімен байланыста екенін ұғады. Тілсіз ойлаудың болмайтынын, әр бір ой тіл арқылы ғана көрінетінін, яғни сөйлеуді ойлаудан бөліп алудың мүмкін еместігін түсінеді.
Бұл принцип арқылы оқушының ойлау әрекетін дамыта отырып, түрлі ой қорытындыларын жасай білу дағдылары қалыптасады, яғни бір нәрсені екінші затпен салыстыру, талдау, жинақтау, қорытындылау, жүйелеу, белгілі затты белгісізбен салыстыру, түрлі ойлау әрекеттерін үйретудің нәтижесінде ой арқылы білім жүйелерін меңгереді.
Мұғалім бұл принципті негізге ала отырып, қазақ тілінің бағдарламалық материалдарын мұқият қарастырып, әр тақырыпты оқытуға байланысты түрлі тапсырмалар беріп, оны оқушы қалай орындады, одан қандай қорытынды шығарды, ол тапсырманы, жаттығуды орындауда неге сүйенді, қандай ойлау әрекеттерін жасады деген мәселелерге көңіл бөледі. Сондай-ақ принципті іске асыруда екінші басты мәселе - оқушылардың орфографиялық ережелерді саналы меңгеруін қалыптастырып, дұрыс сөйлей білуге, сауатты, қатесіз жазу дағдысын беру. Мысалы, орфография мен орфоэпияға қатысты ережелер, дәлірек айтқанда, айтылуы мен жазылуы
г г
түрліше келетін сөздер бар ( ше ара, кө ала). Осы тәрізді сөздерден
к к
оқушылар жазба жұмыстарында көп қате жібереді. Осындай сездерді қатесіз жазу үшін түрлі ойлау әрекеттері іске асырылады. Тіл дамыту жұмысының бұл принципінің тәрбиелік маңызы да бар.
2. Тіл дамыту жұмысында ауызекі сөйлеу мен жазба тілінің бір-бірімен байланыстылық принципі де басты орын алады. Адам бір-бірімен сөйлеу арқылы тікелей қарым-қатынас жасайды. Сөйлеу тілі арқылы адам екінші адамның сөзін естиді, тыңдайды, онымен пікір алысады. Адам осындай сөйлесу барысында тілдің көркемдік тілдік құралдарын пайдаланады. Мысалы, мақал-мәтел, теңеу, салыстыру, әсерлеу, сөзге екпін түсіріп айту, ерекше үнмен, ырғақпен айту, ымдау т.б. әрекеттер арқылы сөйлеу процесінде екінші адамға ойыи жеткізеді. Сондай-ақ, ауызекі сөйлеу тілінде адам ойын жай сөйлемдермен айтуға бейім келеді, мысалы, сөйлемнің айқындауыш, оқшаланған мүшелерін, құрмалас сөйлем түрлерін үнемі қолдана бермейді.
Ал, жазбаша сөйлеу - графикалық таңбалары арқылы іске асырылады. Жазбаша сөйлеу тілінде адам ойын жай сөйлеммен де құрмалас сөйлеммен де бере алады. Демек, жазбаша сөйлеу тілінде белгілі жүйелі байланыс болады. Адам сөйлеммен ойын жүйелі беруде тілдегі түрлі жалғау, жұрнақ, түрлі тыныс белгілерін, синоним, антоним, теңеу, салыстыру сиқты тілдік құралдарды пайдаланады.
Ауызекі сөйлеу тілін жақсы меңгерген, оған жаттыққан оқушы ойын жазбаша да дұрыс әрі жүйелі бере алады. Сондықтан бұл екі процесс бір-бірімен бірлікте, байланыста қаралғанда, жүргізілгенде ғана дұрыс нәтиже береді.
3. Тіл дамыту жұмысын грамматика, орфография, пунктуация және әдебиетпен байланыстыра жүргізу принципі де ерекше орын алады.
Оқушының ауызша және жазбаша тілін дұрыс дамытуда грамматикалық ережелерді жақсы білудің, тыныс белгілерін дұрыс қоюдың, көркем әдебиетті көп оқудың үлкен мәні бар. Демек, мұғалім қазақ тілі сабақтарында үйретілген ержеге сай түрлі жаттығу жұмыстарын орындатып, тыныс белгілерін дұрыс қоя білудің жолдарын көрсетіп, көркем әдебиетті көп оқуға бағыт беріп, оның үлгісін көрсетіп отыруы қажет.
4. Тіл дамыту жұмысын стилистикамен байланысты жүргізу принципі де басты орын алады. Стилистикамен жұмыс грамматиканы, лексиканы, фонетиканы оқытумен тығыз байланысты жүргізіледі.
Стильдің түрлерін жақсы меңгерген оқушы тілдің морфологиялық құрылысын, яғни сөздердің мағынасына, тұлғасына және синтаксистік қызметтеріндегі өзіндік ерекшеліктерді ажыратып, күрделі сөз тіркесінің құрамын негізгі және көмекші сөздер, олардың өзара байланысын ажырату, жазуы қиын орфографиялық ережелерді меңгертіп, дұрыс, сауатты жазуға дағдыланады.
1. ОҚУШЫЛАРДЫҢ БІЛІМ, БІЛІК, ДАҒДЫСЫН БАҚЫЛАУДЫҢ
ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗІ
1.1 ОҚЫТУ ПРОЦЕСІНДЕ БІЛІМДІ БАҚЫЛАУДЫҢ МАҢЫЗЫ
Оқыту процесінде оқушылардың білім, білік дағдыларын есепке алу, бақылау оның аса құрамдас бөлігі болып есептеледі. Мұғалімнің сабақтар жүйесінде оны дұрыс ұйымдастыра білуі көптеген жағдайларда оқу тәрбие процесінің табысты болуының оң кепілі. Ол үшін мұғалім оқушының оқу материалын меңгеру дәрежесін сапасы мен көлемін үнемі анықтап отыруы тиіс. Бұл бағытта оқушылардың сабақтар жүйесінде білім, білік, дағдыларын есепке алу, бақылау мен бағалаудың орны ерекше. Бақылаудың көмегімен теориялық білімді меңгерудегі, сапа, біліктілік пен дағдының қалыптасу дәрежесі анықталады. Осы тұрғыдан білім, білік, дағдыдыны есепке алу және бақылау мәселесіне теориялық және практикалық талдау жасаудың маңыздылығы ерекше.
Бақылаудың тақырыптық түсін ұйымдастырудың практикалық мәселелері П.Горбунов, У.С.Березняк, В.И.Иващенко, А.Қ.Исаков, Е.И.Теповский, С.Ф.Сухорский, Чергинский, ғылыми педагогикалық еңбектерінде талдаған. Бақылауды ұйымдастырудың жекеленген әдістемелік мәселелері жайында М.Р.Львов, Н.Н.Светловский, А.П.Пышкало, Т.Л.Доган теориялық талдау жасаған. Осылардың негізінде қаралып отырған педагогикалық мәселенің теориялық аспектісі жеткілікті дәрежеде зерттелген деп қортынды шығаруға болады. Себебі «есепке алу» «бақылау» ұйымдастырудың мәні, олардың оқу-тәрбие процесіндегі қызметі, формалары мен тәсілдері анықталған.
Екіншіден, оқыту сапасын тексерудің «5» балдық жүйесі оқушылар білімдерінің нақтылы дайындық дәрежесін барлық жағдайда дұрыс көрсетпейді. Ондағы негізгі кемшілік оның жеткілікті түрде ішкі және сыртқы кері байланысты қамтамасыз ете алмауында, соның нәтижесінде оқыту процесінде сапасын арттыруда мұғалім әркезде бағалау жүйесін қолдана алмайды. Жоғарыда айтылған тұжырымдамаларға сүйене отырып, білім, білік пен дағды нәтижесін есепке алу, бақылау мен бағалаудың теориялық талдауы мен практикада қолдану тәжірибесі арасында әлі де болса қарама-қайшылықтың бар екендігін байқаймыз.
20-жылдары үй тапсырмасын беру білімді және емтиханды бағалауды оқыту процесі жүйесінде қарастырмайды. Соның нәтижесінде оқушының үлгерім сапасына мұғалімнің бақылау жасау түрлері кең көлемде тартылды. Ол бір жағдайда үлгерім нәтижесін бақылауда иесіздік, жауапкершіліксіздікке әкелсе, екінші жағдайда, оқу сапасының төмендеуіне кері әсерін тигізді.
30-жылдары білім, білік, дағды нәтежесін есепке алуды, бақылау (Е.В.Гурьянов) және тәрбиелік қызметіне көптеп көңіл аударыла бастады.
40-60 жылдары бұл мәселе төңірегінде отандық білім мен практика тәжірибесін жинақтау жұмыстары қолға алынды.
Онда білімді бақылау (Е.И.Перовоский) оқушыларды бақылау ретінде қарастырылды. Оқушыларды бақылау: әрі оқыту, әрі тәрбиелеуді көздесе, кейіннен оны дамыту қызметі ойластыруды. (Н.Т.Даири).
Осы мәселені дұрыс шешудегі оң қадам 70-жылдары Педагогика ғылым академиясының оқыту мазмұны мен әдістері ғылыми зерттеу институты қызметкерлерінің зерттеулері негізінде бастама алды. Мұнда оқу-тәрбие процесінің барлық буындарын басқару және тексерудің диагностикалық қызметі айқындалды.
80-жылдардан бастап оқыту нәтижесін есепке алу, бақылау мазмұны, амал тәсілдері мен қызметінің дидактикалық әдістемелік негіздерін талдап, жасау қолға алынды. Оның әділдігін, дәлдігін көтеруге бағытталған мәселелер, үлгерім нәтижелерін есепке алуды қатаң және тәртіпке келтіру жүйесіне арналған жұмыстар қолға алына бастады. [2]
«Білім», «Білік», «Дағды» деген ұғымдарды мағынасын анықтап алатын болсақ, педагогикалық әдебиеттерде бұл түсініктердің біркелкі анықтамаларын былай береді:
Білім шындықты танып білу процесінің нәтижесі, оның адам санасында елес, ұғым пікір, ой-тұжырымы, теория түрінде сәйкесті көрінісі. Шынайы білім - танудың нәтижесі, қоғамдық - тарихи практиканың тексерілген және логикамен көз жеткізілген. Білім арқылы жеке адам табиғаттың және қоғам құбылыстарының объективті жақтарын зерттейді, түсінеді, ұғады. [3]
Білім - оқыту мазмұнының негізгі элементі. Ол заттар мен құбылыстарды табиғат пен қоғам дамуының заңдылықтарын танудың нәтижесі. Білім - фактілер, ережелер қортындылар, заңдылықтар, идеялар, теориялар түрінде кездесетін шындықтың түрлі салалары бойынша адамзат жинақтаған тәжірибе. Бұл адам санасында түсініктер ұғымдар түрінде бейнеленеді. [4]
Білім жеке адамның қажеттігіне белсенділігіне, еңбексүйгіштігіне байланысты ынта жігеріне байланысты жүзеге асады. Білім деген ұмтылу, іс-әрекет, сезім қабылдауының бірлігі, теориялық ой-жүйе, оны тәжірибеде қолдану арқылы қалыптасып, іске асады. Білім теориялық, практикалық әрекетті ұштастыру арқылы қажетке жарату. [5]
Білік іске асқан, қолданысын тапқан білім. Ал біліктіліктің психологтар анықтаған анықтамасы бойынша білік, ақыл-ой мен практикалық әдебиеттің саналы мақсатты меңгеруге бағытталған ерекше қызметі деп көрсетілген. Ю.Н.Бабанский қандайда болсын қызмет тәсілін саналы меңгеруді - білік деп атаған. Бұл анықтама мына жүйеге негізделеді. Оқу қызметі белгілі бір әрекеттің жинтығы арқылы іске асу әдісін меңгеру - білік. [6]
Дағды - оқушылардың белгілі бір міндеттер мен жағдайларға сәйкес меңгерген білім негізінде орындалатын әрекеттер комплексі.
Сондай-ақ дағды бірнеше рет қайталанған жаттығулар негізінде қалыптасады. А.В.Петровскийдің еңбектерінде дағды біліктен бұрын қалыптасады деген пікір айтылады. Оқушының күрделі іс-әрекетті әр түрлі жағдайда орындау үшін бойындағы бар білім мен дағдысын саналы түрде пайдалануын білік деп анықтайды.
Қандай болсын білікті, дағдыны оқушы іс-әрекет үстінде, басқа адамдармен қарым-қатынас жасау барысында меңгереді. Білік, дағды еліктеуден өз бетімен атқаратын іс-әрекетке ұласады.
Қазіргі уақытта Қазақстанда білім берудің өзіндік ұлттық үлгісі қалыптасуда. Жаңа білім парадигмасы бірінші орынға баланың білім, білігін, дағдысын білім алу арқылы дамуын қойып отыр. Оқушылардың білім, білік, дағдыларын меңгеруін жетілдіру, ой-өрісін тұрақты кеңейту. қабілетін дамыту, даралап, саралап оқыту сияқты қағидаларды жетекші орынға шығарады.
Ендеше қазіргі кезеңде оқушыға тек жаңа білім жүйесін берумен шектелмей, оның оқуды және оған керек біліктілікті үнемі қажетсініп отыруын тәрбиелеу керек.
Мұғалімнің ең алғашқы міндеті - оқушылардың білім, білік, дағдыларын есепке ала отырып, оларды өз бетімен жұмыс істеуге үйрету.
Сөйтсе де, әлі де болса оқушылардың білім, білік, дағдыларын есепке ала отырып, оларды күнделікті бақылау-бағалау бес балдық жүйеден аса алмай отыр. Қазіргі таңда, бақылау мен бағалаудың жаңа түрлері мен әдіс-жолдары жолға қойылып отыр. Адам әрекеттерінің барлығы бір мақсатқа, бір мүддеге саыалы түрде бағытталып отырады. Еңбекте болсын, оқуда болсын, адам алдында бір мақсат қойып, содан бір нәтиже шығаруға тырысады.
Дағдылану еңбектің түрлі салаларында өте үлкен орын алады. Ал өзінің істейтін еңбегіне орай, адам тиісті дағдыларды меңгермесе, өзінің істейтін жұмысының тетігіне жете алмайды, жұмысын дұрыс ұйымдастырып, еңбек өнімін арттыра алмайды, әр уақытта күнделікті істейтін жұмысына шамадан тыс көп жігер, көп күш жұмсайтын болады. Егер мұғалім мен шахтерді салыстырса, екеуінің де өздерінің мамандығына лайықты көп үйреншікті дағдыланулардың бар екенін байқауға болады. Егер мұғалімді шахтаға түсірсе, мұғалім жұмыстың тетігін білмегендіктен, шахтёр күніне 150 тонна көмір шығаратын болса, мұғалімнің күніне бір тонна көмір табуы қиын болар еді. Дағдыланудың педагогикалық процесте алатын орны ерекше. Егер оқушы оқу процесінде оқуға, жазуға, есеп шығаруға, тағы басқаларға машықтана алмаса, олар жақсылап оқи да, ғылым негізін меңгере де алмас еді.
Дағдылану - соқыр сезімдермен және басқа нәсіл арқылы пайда болған биологиялық әрекетпен салыстырғанда адамның жеке басының
тіршілігінде пайда болатын қылықтар.
Дағдылану - үйренумен, жаттығумен, бір әрекетті бірнеше рет пайдаланумен дәл қазіргі әрекетті басынан өткізген адамның бұрынғы
тәжірибесіндегі әдеттермен байланысып, жүзеге асады.
Дағдылану зейіні, ерік-жігері, күші жұмсалмаса да өздігінен автоматизм арқылы жүзеге асып отырады. Бірақ барлық дағдылану автоматизм тәрізді деуге болмайды. Кейбір өте күрделі дағдыланулар, мәселен, ақыл-оймен байланысты, автоматизм түрде әрекет етпеуі де мүмкін.
Дағдылану бір қалыпта өзгермей тұратын әрекет емес. Егер адам өзінің әрекетінде, жүріс-тұрысында, ақыл-ойында жаттығу, қайталау арқылы атқаратын болса - сол әрекетін басқа әрекеттерге де көшіре алады.
Мысалы, адам әр уақытта оң қолымен жазып, сол қолымен еш уақытта жазбаған болса, ол сол қолымен де жаза алады. Дағдылану өте күрделі процесс. Оған бірнеше жекелеген мысалдар келтіруге болады. Мысалы, мылтықты жақсы ататын құрал ету үшін, әуелі оның бірнеше жалқы, жеке бөлшектерінің қандай қызмет атқаратынын үйрену қажет. Адамда заттарды еске түсіру дағдылануы көп болса, оның әрекеті соншама жемісті болмақ. Дағдылануды қалыптастыруда адам баласында саналы әрекеттер үлкен орын алады. Көбінесе біз кейбір әрекеттерді қайталап дағдылануды үйренгенде, ол дағдыланудың неге керегі бар, біз неге оған үйренеміз, оның қандай пайдасы бар, оны қалайша атқару керек деген мәселелердің барлығын ойлап, саралап, санамыздан өткізіп отырамыз. Бұл жағдай адам баласында дағдыланудың пайда болуы хайуанаттар дағдылануынан өте айрықша екендігін көрсетеді. Дағдыланудың физиологиялық негізі адамдағы шартты рефлекстердің пайда болуымен байланысты. Дағдыланудың физиологиялық негізі мидың шарларының әрекеті Дағдылануды сипаттарына қарай екі түрге ажыратуға болады:
Автоматизмге айналған дағдыланулар.
Автоматизмге айналмаған дағдыланулар.
Автоматизм дағдыланулар оқыту, үйрету арқылы пайда болатынын бірақ әрекет қатар адамның зейінін жұмсауды керек ететінін айтамыз. Мысалы: жүру, жүгіру т.б. Автоматизмге айналған дағдыланулар өздігінен әрекет етіп, адамның сапасына бағынбайды, оның ықпалында болмайды. Көбінесе мұндай жағдай психикасы ауруға шалдыққан адамдарда болады. Мұндай әрекетер адамның кейде өте шаршағандығынан, зорыққандығынан, я болмаса бір жері ауырғандықтан өздігінен пайда болатын қимылдар жатады.
Түнде ұйықтап жатып, тұрып кететін «лунатиктердің» әрекеттері санасыз болады. Олар ұйықтап жатып, қандай әрекет істегендігін, қалай жүріп-тұрғандығын білмейді. Ондай адамдарды тұрып кеткен уақытында артынан қадағалап жүрген жөн, бірақ оятам деп әрекет жасамау қажет. Себебі ол бір дегеннен шошып, оянып кетіп, жүрегі жарылып өліп кетуі мүмкін. Автоматизмге айналған қимылдарға әдеттерді де қосуға болады. Әдеттердің адамға пайдалылары да, пайдасызы да бар. Сондықтан балаларға пайдалы әрекеттерді сіндіріп, пайдасыз, зиянды әрекеттерді үйретпеу жағын көздеу керек. Мысалы, әдеттерге ерте тұру, уақытты дұрыс пайдалана білу, тапсырмаларды уақытында орындау, жұмысты жақсы істей білу, т.б. жатады. Дағдылануды сипаттарына қарай тағы да екіге бөлуге болады. Оиың бірі - қимыл дағдылары; екіншісі интелектуал (ақыл-ой) дағдылары. Дене қимылы арқылы пайда болатын дағдыларды қимыл-моторика дағдысы дейді. Мысалы, билеу, конъкимен сырғанау т.б. Дағдыланудың бұл түрінде адамның дене мүшелері қимылға түседі. Интелект дағдылар адамның ақыл-ойымен байланысты. Мысалы, оқу үстінде шәкірттерді есепті дұрыс, әртүрлі жолдармен шығара білуді үйрететін дағдыландыру.
Дағдылануды мына төмендегі бағытпен жүріп отырады деуге болады. Дағдылану жылдамдығы біреше себептерге байланысты: егер дағдыланатын әрекет өте қиын болып, дағдылану нәтижесі бір дегеннен көңілдегідей болмаса, ол біртіндеп қалыптасады. 2) Адам әрекетке дағдылануда өзіне қатысты тәжірибесінде болған әрекеттерді қалыптастыруда, оған қызығушылық пайда болып ол тезірек дағдылануы мүмкін; 3) Оқыту, үйрету әдісі, жеңіл, әсерлі болса адам дағдылануға тез үйренеді; 4) Егер оқыту, үйрету әдісі нашар, қиын болса тез дағдылана алмайды. Кейбір мұғалімдердің сыныбындағы балалар хат тануға тез үйреніседі, есепті тез, қатесіз шығара алатын болады. Ал, кей мұғалімдердің үйрету әдісі көңілдегідей болмағандықтан, бала оқып-жазуға тез үйрене алмайды, қате жазып, есепті дұрыс шығара алмайды. Дағдылану кезінде оның нәтижесі әркез жоғары өсіп отырмайды, кейде бәсеңдеп, төмен түсіп кетуі де мүмкін. Оның бірнеше себептері бар, оларды объективтік және субъективтік себептер деп бөлуге болады. Мысалы, кей оқушының оқу құралы өне бойы түгел бола бермейді, т.б. Әрине, бұндай жағдайлар дағдының қалыптасуына көп әсерін тигізеді. Немесе субъективтік жағынан көбіне физиологиялық ерекшеліктері нашар болуына байланысты да болуы мүмкін.
Дағды - әрекеттің адам бойында орнығуы әрекетке ең алғаш кіріскен кезде адам олақ, басы артық көптеген қимыл-қозғалыстар жасайды. Мысалы, бала оқу-жазуға үйрене бастаған кезде қаншама қимыл-қозғалыстар жасайды. Атақты физик М.Лауэ оқу, білім жөнінде айта келіп, «дағды - бүкіл оқығандарың ұмытылып қалғанда, бойында сақталатыны», - дейді. Бұл сақталып қалатын не? Ол - әдет, сенім, бағыт, дағды және қабілет. Міне нағыз білім осылар!
«Дағды, - деп көрсетеді психог С.Л.Рубинштейн саналы түрде автоматталған қимыл-әрекет түрінде көрінеді, ал сонан соң әрекеттің автоматталған тәсілі ретінде қызмет атқарады. Қандай да болмасын дағдыға бала басқалармен қарым-қатынас жасау барысында үйренеді. Бала үлкендерден естіген іс-әрекеттерін көріп, бақылап оған еліктейді, кейін оны өзі істей бастайды. [7]
Білім, білік, дағды беріктігі - дидактика принциптерінің бірі. Білімнің саналы және берік меңгерулері арасында принципті үйлесімділік бар. Бастауыш сынып оқушыларының білімді берік әрі саналы меңгеруі үшін үйретілетін білімнің мазмұны, тілдің құрылысы ғылыми тұрғыдан дұрыс қалыптасуы тиіс. Сонда ғана білім әрі саналы, әрі берік меңгеріледі. «Білім негізі - бастауышта» деп бекер айтылмаған. Мысалы, дыбыс туралы ұғым беру әліппе кезеңінін өзінде-ақ басталады Бұл кезеңде дыбыс белгілі заттың атауында, белгілі бір ұғымды танытуда сөздің басында, сөздің аяғында және ішінде келтіріліп, оның айтылуы, естілуі түсіндіріледі. Осы мағлұмат бірінші класта қазақ тілін оқытқанда «дыбысты айтамыз, естиміз» деген ықшам ережеге айналады. Бұл ереже төртінші класта дыбыс туралы білім берілгенде де негізге алынады. т.с.с. Оқыту процесінде білім, білік, дағдыны бақылау өте маңызды деп қарау керек. Өйткені бастауыш сынып оқушыларды үнемі назардан тыс қалдырмай, алған білім нәтижесін бақылаудың ең оңайынан бастап, күрделілендіріп отыру қажет. Сонда әр шәкірт өз еңбегінің жемісін көре біледі, сезеді, оны таразыға салып, тиімді жағын ойластыра бастайды. Өзін-өзі бақылауға ала бастайды, өзіне де, жан-жағындағыларға да сын көзбен қарай бастайды. Жаңа заман талабына сай енгізілген бақылау түрлерін қазақ тілі сабағында әр тақырып бойынша, көлемін сәл үлкейтіп тарау бойынша да, аралық т.б. түрліше етіп, баланы жалықтырмайтындай тексеру түрлерін өткізуге болады. Тест түрлерін әуелі оқушы жақсы ажырата білуі керек және оны пайдалану жолдарын да білгені шарт. Тестілеу арқылы арнайы бақыланған балалар тексерудің бұл әдісіне түсінгеннен соң өзгереді де, соған икемделіп, келесі сабақта өтілетін тестілеуге іштей дайындалып жүреді. Білім, білік, дағдыны тесті арқылы үнемі тексеруден кейде баланың қызығушылығы кемуі мүмкін.
«Сапа» ұғымы екі мағынада қарастырылуда. Біріншісі - стандартқа сәйкестігі, екіншісі - оқушының сұранысын қанағаттандыру (бұл 12 жылдық оқуға ауысудың бағдарламасында ескерілген ереже).
Бағалау - оқушы жұмысындағы дербестікті, тапсырманы дұрыс орындау нәтижесін, білімнің, біліктің және дағдының сапасын анықтау. Мектептің бастауыш сатысындағы оқу пәндері бойынша оқушылар білімінің оқу пәндері бойынша мемлекеттік міндетті стандартпен оқу бағдарламасына сәйкестігін тексеру, олардың білімді меңгеруіндегі кемшіліктерді анықтап, оны жетілдірі мақсатында жүргізілетін күнделікті бақылау.
Мониторинг түсініктері: байқау, сынау, сараптау, жетілдіру.
Бұлар «Оқушы-оқытушы» қатынасындағы ынтымақтастық, бірлігін жұмыс істеу шығармашылық одақта бөлу, бірге басқару сияқты қарым қатынастардың орнығуына ықпал етеді. «Оқушы - оқытушы» жүйесіндегі үздіксіз бақылау нәтижесінде оқушыны білімсіздіктен білімге қарай ұмтылдырады. Оқушылардың білімін бағалау білім берудің мазмұны мен мақсаттарын өлшейтін өзіндік құрал ретінде қарастырылады. Бастауыш білім мазмұнын игергендігін бағалау. Берілген мазмұнның міндетті стандарттық деңгейде игерілген білім көлемі арқылы жүзеге асады. Білім мазмұнын жаңалау және оқыту сапасын жақсарту мақсатында Қазақстан Республикасы жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттары жасалып, бекітілді және Базистік оқу жоспары жетілдірілді. Оқу бағдарламалары (1-4 сыныптар) баспадан шықты.
1.2 БІЛІМ БІЛІК ДАҒДЫНЫ АНЫҚТАУДАҒЫ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ
Достарыңызбен бөлісу: |