Интерференциялық максимум шарты:
Егер, оптикалық жол айырымы вакуумдағы толқын ұзындығының бүтін санына тең болса (жарты толқынның жұп санына).
.
Онда, М нүктесіндегі қозған тербеліс бірдей фазада өтеді.
Интерференциялық минимум шарты.
Егер, оптикалық жол айырымы жарты толқын ұзындығының тақ санына тең болса,
.
Онда, , М нүктесіндегі қозған толқын қарама – қарсы фазада өтеді.
Бірдей қалыңдықтағы жолақтар
Қалыңдығы айнымалы мөлдір пластинкаға – бүйір қырларының арасындағы бұрышы α сынаға 1 және 2 параллель сәулелер бағытында жазық толқын түседі. Сынаның жоғарғы және төменгі беттерінен шағылған сәулелерден қалыптасқан интерференциялық жолақтардың интенсивтілігі берілген нүктеде сынаның қалыңдығына тәуелді (1 және 2 сәулелер үшін сәйкес және ) Когерентті сәулелер қосы ( және , және ) сынаның бетіне ж ақын қиылысады ( В және В/ нүктелері ) және линза арқылы экранда (А және А/ нүктелерінде) жиналады. Сонымен экранда интерференциялық жолақтар пайда болады. Бірдей қалыңдықтағы жолақтар оның әрқайсысы пластинканың қалыңдығы бірдей жерінен шағылған кезде пайда болады. Бірдей қалыңдықтағы жолақтар сынаның бетіне жақын шоғырланған (жазықтықта, В/-В пунктирімен белгіленген).
Достарыңызбен бөлісу: |