Киров негізгі мектебі бойынша Республикалық қайырымдылық "Қамқорлық"акциясы айлығына орай өткізілген іс-шаралардың есебі



Дата21.07.2020
өлшемі17,06 Kb.
#63509

Киров негізгі мектебі бойынша Республикалық қайырымдылық "Қамқорлық"акциясы айлығына орай өткізілген іс-шаралардың есебі.

Киров негізгі мектебінде10.01 - 10.02.2019 ж. аралығында "Қамқорлық" акциясына арналған мектепішілік айлық өткізілді.Мектепте барлығы 26 оқушы бар, оның ішінде 14 оқушы аз қамтылған және көп балалы отбасының балалары.Мектеп ұжымы мен ата-аналар төрайымының шешуімен биылғы жылғы "Қамқорлық"акциясындағы көмекті осы аз қамтылған және көп балалы отбасынан шыққан оқушыларға береміз деп ұйғардық,олар Кузнецовтар, Сембиевтер ,Досановтар,Икимова,Бкетасовтар Калкамановтар отбасыларының балалары. Бес оқушы бастауыш буында,9 оқушы орта буында оқиды.

Осы бір ай бойы өткізілген іс-шара барысында себепсіз сабаққа қатыспаған балалар болған жоқ.Мектепте "сенім"телефоны орнатылған.

Аспазшы екеуіміз қамқорлыққа алынған оқушыларға шағын жәрменке ұйымдастырдық.Онда оларға өрік шырыны мен тәтті тоқаш бердік.

Мектептің балалықты қорғау инспекторы Рамазанова Г.М. мен ата-аналар комитетінің мүшелерінің ұйымдастыруымен рейдтік шара өткіздік. Аптасына бір рет кешкілікте осы оқушылардың үйлеріне барып жүрдік.Балалардын барлығы да үйлерінде болды.Түнгі уақытта ересектерсіз жүрген балалар анықталмады.

Өткізілген мектепішілік іс-шараға мектеп ұжымы белсене атсалысты.Әр сыныптын жетекшісі өз тараптарынан сыныптағы қамқорлыққа алынған балаларға 500 теңге көлемінде көмек көрсетті.Мысалы: 6 оқушыға Қамқоршылық кеңес тарапынан көмек берілді

6 сынып жетекшісі Мельдечова Ш.А сыныбындағы бір оқушыға көмек берді.

9 сыныптын бір оқушысына Анисова С.О. өз көмегін берді.

4 сынып жетекшісі Рамазанова Г.М , 2 сынып жетекшісі Анисова З.А, 1сынып жетекшісі Уразбаева С.К сыныптарындағы бір оқушыға сыйлық табыс етті.

5сыныптын бір оқушысына Жолдбай Ж сыйлық табыс етті

7 сынып жетекшісі Омирбек М. сыныптағы бір оқушыға көмек берді. 5 сыныптын бір оқушысына Хажднаби А өз көмегін берді.

Аз қамтылған және көп балалы отбасынан шыққан әр оқушыға 500 теңге көлемінде тұратын балаларға қажетті канцелярлық бұйымдарды сыйға табыс еттік.Одан басқа 7,9 сыныптын оқушыларын Омирбек М мен Ж.Жолдбай Ақкөл ауданындағы қар қалашығына тегін апарды.

Сонымен қатар жоспардан тыс ақпанның 2 жұлдызы күні «Қамқорлық - 2017» қайырымдылық акциясы аясында «Қамқорлық» қайырымдылық жәрменкесі ұйымдасқан түрде өткізілді.Оған ата –аналар мен оқушылар қатысты.

Бастауыш сынып оқушылары мен ата-аналары арасында ««Қамқорлық» деген ұлы сөз қандай мағна білдіреді» тақырыбымен кеш болды,оған 6 оқушы мен 3ата-ана қатысты.Онда оқушылар қамқорлық, қайырымдылық , мейірімділік жайлы баяндама тындап , суреттер көрді ,сосын солар жайлы қысқаша айтып шықты.Орта буын 5 - 8 сынып оқушыларымен «Қазақ халқының дәстүрлері»тақырыбымен әңгіме болды.Оған 11 оқушы мен 1 мұғалім қатысты.Оқушылар бірінші мұғалімнің осы тақырып бойынша баяндамасын тындады, сосын өздерінің білетіндерімен толықтырып пікірлерін айтты.9 сынып оқушыларымен «Мейірімді жүрек – жарқын жан» тақырыбымен әңгіме болды .Оған 6 оқушы қатысты,онда оқушылар осы тақырып бойынша көрген кинолары мен оқыған кітаптары жайлы айтып берді .



Біздің мектебімізде "Қамқорлық"акциясына жоспарланған шараларымыз жоғарғы деңгейде жүзеге асты.

жауапты:Анисова С.О. мектеп директоры : Таханова Р:М.
Каталог: public -> files -> 2019
2019 -> Қазақстан халқының тілдер күні мерекесіне арналған 5-18 кыркүйек аралығында өткен онкүндік аясындағы іс-шаралар есебі
2019 -> Көрнекілігі: слайд Мұғалімнің кіріспе сөзі
2019 -> Жаңа оқу жылына арналған негізгі міндеттер
2019 -> Оқу жылында «Жылымды негізгі мектебі» кмм І жартыжылдыққа оқу-тәрбие үрдісі бойынша есебі 2018 жыл 2018 -2019 оқу жылында «Жылымды негізгі мектебі»
2019 -> «Ел тірегі-тіл» тілдері күніне арналған онкүндікті өткізу жөніндегі іс-шараның қорытынды есебі
2019 -> І тоқсан бойынша тәрбие жұмысының есебі Тәрбие жұмысының жазбаша есебі
2019 -> Тақырыбы: Әділет сұлтанның шешімі Білім беру саласы: «Коммуникация»
2019 -> Сабақ «Ананың аялы алақаны»
2019 -> Сабақтың тақырыбы: ХҮііі ғасырдағы қазақтардың материалдық мәдениеті


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет