|
«Денсаулық» -3
Денешынықтыру - 3
|
«Қатынас» -1
Сөйлеуді дамыту – 0,5
Көркем әдебиет – 0,5
|
«Таным» - 2
Сенсорика - 0,5
Құрастыру – 0,5
Жаратылыстану - 1
|
2 – апта
10 – 14 мамыр
|
Дене шынықтыру
Тақырыбы: «Баяу айналу»
Мақсаты:
1. Белгі бойынша тоқтап жүгіру.
2. Орнында баяу айналу.
Қимыл – қозғалыс ойыны №28
Тақырыбы: «Доп лақтыру»
Мақсаты: балаларға жіптің үстімен допты лақтыру техникасын үйрету.
|
Құрастыру
Тақырыбы: «Күшіктің үйі»
Мақсаты:
Балалармен бірге қарапайым құрылысты құрастыру.
Д/О №22
Тақырыбы:
«Күшікке орын тап »
Мақсаты: Кеңістікті бағдарлауға үйрету.
|
Мүсіндеу
Тақырыбы: «Жұлдыз құрт»
Мақсаты:
Кесектерді біріктіруге үйрету, мүсіндеуге арналған материалдарды қолдануға, арнайы тақтайша үстінде илеу дағдыларын қалыптастыру.
Д/О №19
Тақырыбы:
«Не? қайда?»
Мақсаты: Үлкендердің айтқанын түсінуге, кеңістікті бағдарлауға үйрету, тілдерін дамыту.
|
Дене шынықтыру
Тақырыбы: «Бірінің оңынан бірі жүгіру»
Мақсаты:
1. Бірінің соңынан бірі (20м дейін) жүгіру.
2. Арқанның астымен нысанаға дейін төрттағандап алақанымен еңбектеу.
Қимыл – қозғалыс ойыны №31
Тақырыбы: «Шар жарылды»
Мақсаты: балалардың дұрыс дем алу және дем шығару техникасымен жұмыс жасауын дағдыландыру.
|
|
Музыка
Тақырыбы: «Жарқын күн»
Мақсаты:
Музыка тыңдау: Күн
Музыкалық шығармалардың сипатын (баяу және көңілді әндер мен пьесаларды) ажырата білу дағдыларын қалыптастыру
Ән айту: «Күн». Ән сөзін есте сақтай отырып ересектердің дауысына қарап, жеке сөздер мен буындарды айғайламай, озып кетпей немесе қалып қоймай, кідірісті сақтап айту дағдыларын қалыптастыру.
|