«Кіші мектеп жасындағы оқушы тұлғасын психологиялық-педагогикалық диагностикалау»



бет3/4
Дата14.05.2022
өлшемі34,27 Kb.
#143315
түріБағдарламасы
1   2   3   4
Байланысты:
ППДЛ (1)
22b8fda6af5e5a08-1, 2-курс күнделік Дүйсенқали Дана, жанар тит, Құрманғали Диана Математика
Практиканың мазмұны
«Кіші мектеп жасындағы оқушы тұлғасын психологиялық-педагогикалық диагностикалау» практикасы оқу үдерісінің құрамды бөлігі болып табылады. Ол студенттердің практикалық қызметінің бастапқы кезеңі, сонымен бірге тікелей педагогикалық қызмет үдерісінде кәсіби құзыреттілігін қалыптастыруға белсенді жағдай жасайды. Практиканың бұл түрі психология-педагогикалық пәндерді оқып аяқтағаннан кейін жүргізіледі.
1.Студенттер педагогикалық практикадан өтуі үшін мектеп әкімшілігінің келісімімен әр сыныпқа екі-үш практиканттан бекітіліп беріледі және педагогикалық практика бағдарламасында көрсетілген жұмыс ауқымын толығымен орындайды.
2. Практика барысында әр практикант күнделік жүргізеді, оған күнделікті жүргізген жұмыстарының мазмұнын жазып, талдайды, сонымен бірге сыныптағы бір оқушыға психологиялық-педагогикалық мінездеме жазу үшін зерттеу материалдарын жинақтайды.
3. Әр топтағы практиканттарға староста тағайындалады, ол практикаға студенттердің қатысу журналын толтырып, практика жетекшісінің тапсырмаларының орындалуын қадағалайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет