«Кіші мектеп жасындағы оқушылардың даму психологиясы» пәні бойынша оқу-әдістемелік кешен



бет4/86
Дата21.07.2020
өлшемі0,75 Mb.
#63615
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   86
Курс міндеті:

1. Төмендегідей білімдермен қамтамасыз ету:

- даму психологиясының пәні мен міндеттері туралы;

- жас даму заңдылықтары мен механизмдерін зерттеу;

- даму психологиясы аумағында құрылған әдістемелік және теориялық зерттеу негізі, әдіснамалығы туралы;

- даму психологиясында қолданылатын әдістерді жинақтау және эксперименттік зерттеу кезінде қалыптасқан және түзету әсерінен алынған ақпараттық мәліметтерді талдау туралы;

2. Курстың практикалық міндеттеріне жататын:

- баланың психикалық дамуының жағдайлары мен толықтай мазмұнын, жүруін бақылау үшін әдістемелік базасын құру;

- баланың қарым-қатынасы мен іс-әрекетінің тиімді түрлерін ұйымдастыру;

- ересек пен қарттық шақтың жас ерекшелік дағдарыстық кезеңдерінде психологиялық көмекті ұйымдастыру;



Курсты меңгеру нәтижесінде студенттер міндетті түрде:

- онтогенез бен филогенездегі адамның тұлғалық психологиялық ерекшеліктері туралы көзқарастары болуы керек;

- даму психологиясының даму пәнін, даму психологиясының ғылым ретінде сиапттамасы, әдістері мен міндеттері, адамның іс-әрекеті мен тұлғалық құрылымы, даму динамикасын білу керек;

- алған білімдерін практикада қолдана алуы, бала жасының даму ерекшеліктерін, жеке басының қалыптасу заңдылықтарын білу керек.



Пререквизиттер:

«Жалпы психология», «Психология тарихы», «Психодиагностика» пәндері



Постреквизиттер:

Бұл пәнді оқу барысында студенттер төмендегідей біліктіліктер мен дағдыларды меңгеруі тиіс:

- негізгі даму психологиясы пәні бойынша ұғымдар мен анықтамалардың мәнін түсіну;

- оқу-танымдық іс-әрекет үрдісінде алған білімдерін өз бетімен қолдана білу.



Оқыту әдістемесі:

Оқыту дәріс, практикалық сабақ түрінде өтеді. Студенттердің білімін бақылау үй тапсырмаларын тексеру, тесттерді орындау, ауызша сұрау түрінде, жеке семестрлік тапсырмалар оларды қорғау түрінде жүзеге асады. Берілген мәліметтерді талдау әдістері, ұйымдастыру, эмпирикалық, интерпритациялау әдістері қолданылады. Курс аяқталғаннан кейін емтихан тесттік түрде өтеді.



Пәнді оқу бағдарламасы:
1 апта

1 кредит сағат

1 дәріс



Тақырып: Жас ерекшелік пәніне кіріспе


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   86




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет