Психологиялық консилиум: Психологиялық мәселе бойынша әдістерді қолдануды талқылау. Топ рольдерге бөлінеді: психологтар, сарапшылар, түрлі мекеме өкілдері.
«Ассоциация» стратегиясы: «Ассоциация» стратегиясын әдетте студенттер жаңа ұғымды меңгеру кезінде қолданады. Бұл арқылы олар осы ұғым бойынша бұрыннан білетін түсініктерін топ болып ортаға салады. Әрбір топта 4-5 студенттен артық болмағаны дұрыс. Содан кейін әрбір студент жеке не топ болып «Түртіп алу», «3-4 айналым» тағы да басқа әрбір пәнге және мәтінге тиімді стратегияларды пайдалана отырып, жазып келген материалдарын талдау жасайды. Игерілген білімдерін қолдана отырып, студенттер жаңағы ұғымға қайта оралып оны толықтырады. «Түртіп алу» стратегиясын қолданғанда әсіресе ұяң мінезді студенттердің пікірлерін тыңдап, оны бағалап отырған тиімді. Мысалы:
Түртіп алу:«Түртіп алу» страгиясы бойынша әрбір студент мәтінге «+» - жаңалық, «v» келісемін, «-» - келіспеймін, басқаша ойлаймын, «?» - түсінбедім деген белгілер қою арқылы әрбір сөйлемге немесе ойға талдау жасайды. Төменде көрсетілген кестені мәтінді оқи отырып толтырады. Бұл жерде студенттер белгіленген уақыт ішінде жұмыстарын аяқтаған соң бірі-біріне өзара кеңес бере алады, өз ойларын айтуға үйренеді. Игерілген білімдерін қолдана отырып, студенттер жаңағы ұғымға қайта оралып оны толықтырады. «Түртіп алу» стратегиясын қолданғанда әсіресе ұяң мінезді студенттердің пікірлерін тыңдап, оны бағалап отырған дұрыс.
Достарыңызбен бөлісу: |