Мониторинг нәтижелерін алу әдістері: - балаларды бақылау;
- әңгілелесу;
- бала әрекетінің өнімдерін талдау;
- диагностикалық жағдаяттар.
Жетекші әдіс – бақылау, ол балаға табиғи жағдаятта, күнделікті өмірде
жүргізіледі.
Диагностиканы жүргізу кезеңдері: жылына 3 рет – оқу жылының басында,
ортасында және соңында:
- бастапқы – қыркүйек;
- аралық – қаңтар;
- қорытынды – мамыр.
Мониторинг жүргізу ерте жас тобынан басталады. Бастапқы бақылау
индикаторлары Бақылау парақтарында берілген (1 қосымша). Аралық (2
қосымша) және қорытынды (3 қосымша) диагностиканың индикаторлары
аталған топ үшін Үлгілік бағдарламада анықталған жартыжылдық бойынша
күтілетін нәтижелер болып табылады.
Басқа топтар (сыныптар) үшін Бастапқы бақылаудың индикаторлары
алдыңғы жас топтарының күтілетін нәтижелері (II жартыжылдық) болып
табылады. Педагог баланың біліктері мен дағдыларының даму деңгейі бойынша
диагностика нәтижелерін Бақылау парағына енгізеді.
Аралық бақылау І жартыжылдық қорытындысы бойынша жүргізіледі, ол әр
баланың біліктері мен дағдыларының даму деңгейінің динамикасын анықтайды.
Қорытынды бақылау ІІ жартыжылдық соңында өткізіледі, ол Мектепке
дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандартында
анықталған балалардың біліктері мен дағдыларының даму деңгейіне
сәйкестілігін айқындауға мүмкіндік береді.
Әр диагностика нәтижелерін педагог Бақылау парағында білім беру саласы
бойынша толтырады. Содан соң топ (сынып) бойынша Жиынтық есеп жасалады
(4 қосымша), ол білім беру ұйымы бойынша Жиынтық есеп жасау үшін әдіскерге
(оқу-тәрбие ісінің меңгерушісіне) беріледі ( 5 қосымша).
Бақылау парағында алынған мәліметтер негізінде Баланың жеке даму
картасы толтырылады ( 6 қосымша).
Баланың жеке даму картасы баланың мектепке дейінгі ұйымда және
мектепалды даярлық сыныбында болатын барлық уақытына жүргізіледі.
Баланың жеке даму картасының «Түзету іс-шаралары» бөлімін
диагностиканың қорытындысы бойынша балалармен жұмыс істейтін педагогтер
мен мамандар толтырады.
Баланың жеке даму картасының «Қорытынды» бөлімінде диагностиканың
әр кезеңінен кейін баламен жеке түзету жұмысын жүргізу үшін педагогикалық
процесстің міндеттері мен мазмұнын айқындайды.
Мониторинг нәтижелері келесі білім беру міндеттерін шешу үшін ғана
қолданыла алады:
- баланы қолдау, оның білім траекториясын құру немесе оның даму
ерекшелігін кәсіби түзету үшін білім беруді даралау (жеке тұлғалық бағыт
қағидасын іске асыру);
- балалар тобымен жұмысты белсендендіру.