Мұғалімнің басқару функциясы
Тапсырманы анықтап беру.
А) жұмысты орындау туралы әдістемелік нұсқаулар беру;
Жұмыс барысында бақылау жүргізу;
Оқушылар әрекетіне оның жеке амал-тәсілдеріне түзетулер жасау;
Жұмысты тексеру, оның нәтижесін талдау, бағалау.
1.1 Оқушылардың өз бетімен жұмыс жасау біліктіліктерін қалыптастырудың педагогикалық психологиялық негіздері
Оқушылардың өздігінен жұмыс істеу проблемасын қарастырғанда алдымен оқушылардың өздігінен істейтін жұмыстарының қандай психологиялық негізі бар, оның шәкірттердің басқа да іс-әрекеттерімен байланысы, қатысы қандай деген мәселені анықтап алу қажет болады.
Қазіргі уақытта мектептегі оқыту жұмысы алдына балаларға белгілі дәрежеде білім беру, қажетті дағдылар мен іскерліктерді меңгерту сонымен қатар оқушылардың ақыл-ойын, қабілетін дамыту міндеті қойылған.
Мұғалімдер әр оқушының кішкентай кезінен бастап, байқалатын жалпы не арнайы қабілеті болатынын біледі. Сондықтан мұғалімдердің баланың қабілетін тәрбиелеу мен дамытуға бағытталған оқыту процесін ұйымдастыруда программалық материалдарды меңгерту, дағдыға үйрету, түсіндіру, жаттықтыру, көрсету, істету оларды қайталау әректтеріне ғана сеніп қоймай, психолгиялық негізге де сүйеніп ұйымдастырудың мәні де зор. Айталық , қабілетті дамытуға негіз болатын фактор–баланың қызығуы дейміз. Ал мұғалім осы қызығудың қайнар көзі неде екенін білуі пайдалы. Мәселен, қызығу сезімге әсер етуден, сол арқылы зейінді аударудан басталады. Сондықтан мұғалім сезімге әсер етудің жолын, тәсілін білуі керек. Ал оқушыларда қызығу пайда бола бастағанда педпгогтың екінші мәселені ойластыруына тура келеді. Ол – сол қызығуды жойып алмай, тереңдету, тұрақтандыру, әрекетін ұйымдастыру мәселесі. Бұл – қызықтыра отырып, оқушылардың өздігінен істейтін жұмыстарын жүргізуін қажет етеді.
Оқушылардың өздігінен істейтін жұмыстарын оқыту процесіне ендірудің психологиялық негізі мынадан да байланысты. Психологтар мен дидактиктер ойлауды белсенді ой, дщербес ой және творчестволық ой деп бөледі. Мысалы, творчестволық ой – дербес әрі белсенді болады. Бірақ белсенді ойдың бәрі бірдей творчестволық ой бола бермейді.
Оқушының оқудағы белсенділігі дегеніміз оның оқуға қажетті білім, дағды, іскерлік қабілетті меңгеру және оларды өмірде, практикада қолдану жолындағы саналы ерікті әрі мақсатты әрекеті болып табылады. Мысалы, мұғалімнің
түсіндіріп тұрған материалын ұғып, түсініп алу үшін, оқушы оған көңіл қойып тыңдауы керек. Ал мұғалімнің айтқандарынан алған білімін кеңейтіп, толықтыру үшін өздігінен кітап оқуы, бақылау, тәжірибе жасау, жазу-сызу сияқты жұмыстар жүргізу тиіс. Ал өтілген материалды сапалы қайталау да, жаңадан білім алуда, оның жолдары мен дағдыларына үйрену де белсенді ой мен іс-әректсіз мүмкін емес. Яғни, оқушының белсенділігі ауызша, жазбаша жұмыстарға, бақылау-бағдарлауға, практикалық тәжірибе жұмыстарына, бір сөзбен айтқанда, оқу процесінің барлық кезеңіне қажет. Бұл жерде оқушының белсенділігі ұғымы мен өздігінен істейтін жұмыстары дегенді ажыратып алу керек.
Ал шын мәнісінде оқушылардың өздігінен істейтін жұмыстары олардың белсенділігіне негізделеді. Бірақ кейбір мұғалімдер сияқты белсенділікті оқушылардың өздігінен істейтін жұмысына жатқызуға болмайды.
Оқушылардың белсенділігі дегеніміз – олардың колективті түрде бірлесе, көмектесе, қатыса отырып, білім алу жолында жасаған іс-әректі деуге болады. Ол өздігінен істейтін жұмысқа да жатпайды. Себебі оқушылардың өзіндік жұмысына олардың толық ой дербестігімен, түгелдей өздігінен істейтін, тындыратын жұмыстары жатады.
Екінші бір басын ашып алатын мәселе – оқушылардың өздігінен істейтін жұмыстары мен олардың оқудағы дербестігінің арақатынасы. Оқыту процесіндегі оқушылардың дербестігі ой дамуының негізінде қалыптасады. Сондықтан өздігінен істейтін жұмыстарды оқушылардың ақыл-ой дербестігін қалыптастырудың жолы деуге болады. Оқушылардың ой дербестігінің қалыптасуына психологиялық (оқуға қызығу, әсерлену, анализ-синтездік талдау дағды қабілеттерінің дамуы т.б.) және дидактикалық (проблемалық сұрау, зерттеу әдісі, жаңа материалды өткен материалмен, өмірмен байланыстыру, білімін жоспар, схема, таблица жасау сияқты практикалық істерде пайдалану т.б.) жайлар негіз болады.
Бұдан шығатын қорытынды: 1) Оқушылардың өздігінен жұмыс істеуі үшін белгілі дәрежеде олардың ой белсенділігі, дербестігі керек. 2) Оқушылардың өздігінен істейтін жұмыстары олардың ой-әрект дербестігін, жұмыс дағдыларын қалыптастырады.
1.2 Бастауыш сынып оқушыларының өз бетімен жұмыс жасау біліктіліктерін қалыптастыру мәселесінің мәні мен қазіргі теориылық және әдістемелік жағдайы.
Әрбір оқыту әдісі оқушылардың өзіндік жұмысын қамтиды, оқыту әдісінің міндеті-кіші мектеп жасындағы оқушылардың дербестігін арттыру, өздігінен жұмыс істеуге баулу.Білім алуда оқушылардың белсенділігін саналылығын, білім алу дағдысын қалыптастыруды талап етеді.Адамның қандай да болмасын әрекеті белгілі қажеттерден туады. Осы қасиеттерді өтеу немесе қанағаттандыру үшін ғана адам белсенді әрекет жасайды. Оқушылардың таным әрекеті білім алу қажетімен ұштасып жатады. Кіші мектеп жасындағы оқушылардың өздігінен істейтін әрекеті анық белсенділігін арттырады. Оқушылардың оқудағы белсенділігі дегеніміз-оқуға қадетті білім мен дағдыны меңгеру ғана емес оларды өмірде практикада пайдалана біліуге, үйренуге, істейтін саналы әрекеті.
Мыс мұғалімнің баяндап тұрған материалын түсіну үшін оқушының оиын зейін қойып тыңдауы ал оған білімін кеңейтіп, толықтыру үшін, өздігінен кітап оқуы, бақылауы, тәжірибе жасауы жазып, сызуы сияқты жұмыстар орындау қажет. Өйткені, өтілген материалды саналы қайталау, білім алу, дағдыларын үйрену белсенділікті қажет етеді. Яғни, оқушының белсенділігі ауызша, жазбаша жұмыстарда, бақылау, анкеталар, жүргізу барысында қалыптасады. Оқу процесінде оқушының белсенділігі екі түрлі сипатта болады.
Сыртқы белсенділік, 2.ішкі белсенділік.
Сыртқы көріністері. Олар мыналар белсенді қимыл қозғалыстары, практикалық әрекеттері мұғалімге зейін қойып қарауы, мимикасы. Оқушының ішкі белсенділігіне- оның белсенді түрде ойлау әрекеті жатады. Белсенділік жеке тен,маңызды бір қасиет болып саналады. Оқушы белсенділігі бір қалыпты болмайды. Оқушының жас ерекшеліктеріне және психикалық даму дәрежесіне қарай белсенділіктің бірнеше түрі қалыптасып дамиды.
1.Қимыл және сөйлеу;
2. Ойын және оқу;
3.Өзін-өзі тәрбиелеу; Осыдан шығатын қорытынды оқушылардың өзіндік өзіндік жұмысы оқыту әдісі де, оқыту принципі де емес, ол-оқушының күрделі әректтерінің бір түрі немесе оқу жұмыстарының арнайы бір формасы болып табылады. Оқушы процесі – екі жақты процесс болғандықтан, оқушылардың өзіндік жұмысы міндетті түрде мұғалімнің басшылығымен, сонымен қатар оқушылардың дербесінің, олардың қызығын өз ықыласымен жасайтын әрекетінде керек етеді. Р.Г.Лемберг, тМ.Н.Скатин, В.А.Занков сынды педагог, психологтар оқушылар өзіндік жұмыстарының негізгі ерекшкліктерін олардың ықыласы және өз еркімен әрекет жасауына байланысты деп санайды.
Оқушылардың өзіндік жұмысының маңызын терең түсіну ұшін оның атқаратын функциясы мен міндеттерін атап айтуға болады.
Оқушылардың дербестік қасиетін арттыру;
Олардың алған білімінң саналығы мен беріктігін қамтамасыз ету;
Оқушыларды оқуға қажет біліктер мен дағдыларды қалыртастыру;
Оқушылардың таным, ақыл-ой қабілеттерін дамыту;
Оқушыларды сыныптан, мектептен тыс дербес білім әзірлеу;
Оқушылардың оқуға ынтасын арттырып, үлгірмеушілікті болдырмауға әсер ету.
Өзіндік жұмыстың түрлері сан алуан. Оларды топтастыру – өте күрделі мәселе. Сондықтан оқушылардың өзіндік жұмыстарын таныстару үшін бірнеше шарттар мен белгілерді ескерек. Оқытудың мақсат міндеттеріне және пәннің мазмұнына, оқыту әдістерінің ерекшеліктеріне, оқушының даму дәрежесіне қарай өзіндік жұмыстарды бірнеше топқа бөлуге болады. Оның негізгі жиі кездесетін бір тобы – сабақ сабақ мақсатына қарай қолданатын жұмыстың түрлері. Олар мыналар;
Жаңа білімді меңгеру;
Жаңа білімді бекіту;
Білім мен дағдыларды қайталау, бақылау, және тексеру.
Кіші мектеп жасындағы оқушылардың өзіндік жұмысы білік пен дағдыны қалыптастырудың тиімді жолы болғандықтан В.А.Сухаминский “оқушылар оқуға қажетті білім дағдылар жүйесін меңгеру қажет дейді”. Оқушы міндетті түрде мынадай біліктілер мен дағдыларға ие болу тиіс:
Сыртқы қоршаған ортаның құбылыстарын бақылай білу;
Ойлай білу;
Оқушының көргенін, байқағанын, істегенін, ой тұжырымдарын айта білу;
Оқыған материалдардың мағынасына қарай лотикалық білімдерін айыра білу;
Өзінге керекті кітапты таба білу;
Оқу үстінде мәселеге байланысты материлды кітаптан өз бетінше тауып алуы;
Мәтінді оқи отырып, мұғалімнің берген нұсқауларын орындай білу;
Оқығаны, көргені, туралы өз бетінше мазмұндама, шығарма жаза білу.
Оқушыларда осындай шеберліктер мен дағдылар жүйесі болмаса, онда ойдағыдай өз бетінше оқып жұмыс істей алмайтынын В.А.Сухамменский ескерткен. Кіші мектеп жасындағы оқушылардың өзіндік жұмыстарының екінші тобына оқу әдістерін байланысты іске асыратын жұмыстардың түрлері жатады: Оқулық пен оқу құралымен және басқада ғылыми анықтама әдебиеттерімен жұмыс істеу, шығармашылық жаттығулар, бақылау, эксперимент т.б.
Оқушылардың дербестігін даму дәрежесіне қарай, олардың өздігінен істейтін жұмыстары репродуктивтік және шығармашылық болып екі топқа бөлінеді. Репродуктивтік жұмыстарға оқушылардың дайын үлгіге еліктеу негізінде жасайтын жұмыстары. Мысалы: жай жаттығу, көшіріп жазу,
мұғалімнің берген сұрақтарына жауап беру, берілген жоспарға сәйкес оқулықтардағы мәтінмен жұмыс істеу, сабақта ана тілінен өтілген тақырыпқа ұқсас үйде мәтінді қарастырып оқу, т.б.
Шығармашылық жұмысқа – оқушылардың өздігінен шығарма, баяндама, көрнекі құралдар, конструкциялық жұмыстар жасау т.б. жатады.Әрине бұл екі жұмыс өз ара байланыста болады. Кіші мектеп жасындағы оқушылардың өзіндік жұмыстарына түгел сынып болып немесе топтарға бөлініп орындайтын дара және фронтальды формаларыда болады. Осыған орай оның ұйымдастыру формасын жеке және фронтальды деп топтастыруға болады. Ғалым–педагог О.А. Нильсон оқушылардың өзіндік жұмыстарын мынадай принциптерге қарай тапсырады.
Психологиялық.
Психологиялық–дидактикалық.
Дидактикалық.
Дидактикалық–әдістемелік.
Әдістемелік
Ұйымдастыру (жұмыстың орындалуын басқаруға байланысты).
Ұйымдастыру принципі (жұмысты ұйымдастыру формасына байланысты).
Оқушылардың жұмыстарының барлық топтарын мұғалім оқыту процесінде жүйелі түрде әрқайсысын өзіне тиісті жерінде қолдануға міндетті, және оның бір ерекшелігі–оқыту процесінің барлық кезеңдерінде қолдануға болады.
Өзіндік жұмыстарда жеке оқу процесін оқытуда қолданудың ерекшеліктері болады. Мысалы: ана тілі пәнін оқытқанда оқушыларды мынандай жұмыстарды орындауға үйрету пайдалы:
Оқу: түсіндірмелі, мәнерлеп, рольдерге бөліп, жаттау, баяндау, сұрақ жауап, т.б. Бұлар көпнесе ана тілі сабағында жүргізіледі.
Жоспар: мазмұндама, шығарма жазу, талдау. Бұл жазбаша жүргізіледі. Осы жұмыстарды түрлендіріп, күрделендіріп жүйелі түрде оқушылардың өзіндік жұмыс етіп ұйымдастыру мұғалімнің шеберлігіне байланысты.
Сондай–ақ оқушылардың өзіндік жұмыстарын олардың таным, іс–әрекеттерінің ерекшеліктеріне қарай әр түрлі бағытта ұйымдасыруға болады.
Кіші мектеп жасындағы оқушылардың өзіндік жұмысын ұйымдастырудың маңызы өте зор. Бұл туралы Ахмет Байтұрсыновтың пікірі бойынша, бала білімді тәжірибе арқылы өздігінен алуы керек. Мұғалімнің қызметі оның білімінің шеберлігін ұзақ жолды қысқарту үшін, ол жолдан балалар қиналмай оңай өту үшін, керек білімін кешікпей, өзінде алып отыру үшін, балаға жұмысты әліне қарай шағындап беру мен бетін белгілеген мақсатқа қарай түзеп отыру керек.
Оқушылардың өзіндік жұмыстарының мән-мағанасы, оны ұйымдастырудың тәсіл амалдары туралы педагогикалық әдебиеттерде әртүрлі пікірлер айтылады.
Профессор Р.Г. Лембергтің пікірінше, оқушылардың істейтін жұмысының мақсатына айқын түсінуі: жұмыстың жемісті аяқталуына, оның алдағы нәтижесіне қызығуы: жұмысты оқушылардың өз еркімен қалауымен орындауын көздеу керек деді. Оқушылардың өзіндік жұмысына мұғалімнің тапсырмасы бойынша өздері жоспар жасап, істің тәсілін анықтап, оның нәтижесін бағалап орындайтын жұмыстары жатады.
Оқушылардың таным әрекеті білім алу қажетімен ұштасады. Осыған орай, олардың дербестігі, ең алдымен, белсенділікке байланысты, ол белсенділік дербестікті қажет етеді. Оқушылардың өздігінен істейтін әрекеті оның белсенділігін арттырады. Бұл екі термин өзара ұқсас болғанымен, олардың мазмұнында айырмашылық бар. Қысқаша айытқанда, бұлар бір мағанадағы ұғымдар емес. Белсенділік– дербестікке қарағанда мағанасы кең ұғым.
Оқушылардың өзіндік жұмысын ұйымдастыруда халық педагогикасының үлгілерін қолданудың тиімділігін тәжірибе көрсетіп отыр. Мысалы:”Әдеп әліппесі” пәнін оқыту барысында, бастауыш сынып оқушыларына, біз сабақтарда оқушылардың өзіндік жұмысын орындауда әртүрлі тәсіл-амалдарды қолданамыз. Солардың ішінде мәтінді ауызша мазмұндату, еркін мазмұндату.
Еркін мазмұндату, түсінігін, не есте қалғанын айтқызу. Көркемдеп немесе мәтінге жуық мазмұндату. Іріктеп мазмұндату, немесе негізгі ойды ғана айытқызу.
Осы мазмұндатудың жеңіл түрінен бастап, күрделі түрлеріне қарай дағдыландырамыз. Сонымен қатар, оқушылардың өзіндік жұмысының жоғары формасына, олардың өз еркіменжаңа амал– тәсілдер қолданып жасайтын шығармашылық жұмыстары да жатады. Бастауыш сынып оқушыларының ой шапшаңдығын дамытып, шығармашылығын арттыратын жұмыстардың бірі–өлең құрастыру. Бұл жұмысты екіші сыныптан бастап жүргізе беруге болады. Ең алғаш “ұйқас” деген сөздің мағанасын түсіндіріп, оқыған өлеңдегі ұйқастырады тауып, қалай жазылып тұрғанын талдаудың мәні зор. Содан кейін өлең құрастыруға мына төмендегідей өзіндік жұмыс жүргізуге болады:
Мұғалім: а-а-а
оқушылар: қызыл алма.
Мұғалім у-у-у
Оқушылар: жақсы оқу, деп жалғасырады.
2. Буындар арқылы:
Мұғалім: -ға-ға-ға
Оқушылар: шықты далаға.
3. Бұл жұмысты сурет арқылы жүргізуге болады. Тақтаға ертегі кейіпкерлерінің суреттерін іліп қойып, оларға тән іс-қимылдарды ұйқас түрінде жазуға тапсыруға болады. Мысалы: Арыстан /ақырды/
Әтеш /шақырды/
Оқушылардың танымдық белседілігін дамытуға, оқыту барысында еркін шығармалар жазудың пайдасы зор. Осыған орай ”әдепғұрып”, “мақалмәтелдер”, “жұмбақтар”, ”ертегілер”, “рәміздер”, “ырымтайымдар”, “жөн- жоралғылар” сияқты тақырыптарға шығарма жаздыру керек. Бұл оқушылардың өз бетіндік жұмыстарының ең бір маңызды түрі.
Өз бетіндік жұмыс түрлерін сынып оқушыларының жас ерекшелігіне, психологиялық аралығы, шығармашылық қабілетінің даралығына қарап ары қарай толыстыра беруге болады.
Төменде өз шәкірттеріміздің шығармашылық үлгілерінен жұмыстарынан берейін.
Мақалдар: Еңбекқор оқушы сабаққа қарайды
Жалқау оқушы сағатқа қарайды
Әйгерім.
Достарыңызбен бөлісу: |