ІІ БӨЛІМ
Кіші мектеп жасындағы оқушыларды ана тілі сабағында өз бетімен жұмыс жасауға үйрету жолдары.
Кіші мектеп жасындағы оқушыларды ана тілі сабағында өз бетінше жұмыс жасауға үйретудің дәстүрлі әдіс амалдары.
Оқыту арқылы тіл дамыту да өз бетінше жұмыстың маңызы зор.
Оқыту процесінде мектеп оқушыларын тәрбиелеп, олардың дүниеге көзқарасын қалыптасрыуда бастауыш мектептердің бағдарламалары аса бай материалдар береді.
Бастауыш сыныптарда ана тілі пәні – балалардың негізгі құралы. Оқуға үйрету саут ашу кезеңінен басталады. Бұл кезде оқушылар әрбір дыбыстың ерекшеліктерімен танысу барысында дыбыстан буын, сөз қарап, оны дауыстап дұрыс оқуға жаттығады. Буын, сөз құрайтын дауысты дыбыстардың қасиетіне ерекше көңіл бөлінеді. Жеке оқушылардын дыбыс, буын сөз, сөйлемдерді саналы дұрыс, анық , дауыстап оқуы талап етіледі. Сондай-ақ мәтінді оқу кезінде сөз мәніне, мағынасына назар аудару, сөйлемдер арасындағы байланысты түсіну, сол арқылы мәтін мағынасын түсініп, айтып беруге үйрену, сөйтіп түсініктерін біртіндеп күрделену бағытында мәнерлеп оқуды жетілдіру мақсаты көзделеді.
Екінші , үшінші сыныпта оқуға үйретуге қойылатын негізгі талап – дауыстап, мәнерлеп және іштен оқуды меңгерту. Оқушылардың өздігінен оқуына берілетін тапсырмсалардың көлемі мен мазмұны біртіндеп күрделене түседі. Оқуға үйретудің сапалы болуы оқу сабағын дұрыс ұйымдастыруға байланысты. Ол үшін оқушыларды оқулықпен,оқулықтағы жеке мәтінмен жұмыс жасауға үйрету қажет. Оқытудағы үйретудің әдіс-тәсілін шығарма жанырларына қарай, яғни көркем шығармалар ғылыми көпшілік мақалалар, ертегілер, мысалдар, өлеңдер ойластырған жөн.
Көркемшығармаларды ерекше дауыс ырғағына, екпініне қарай мәнерлеп оқып, негізгі кейіпкерлердің іс-әрекеттерін, көңіл-күйін дәл бейнелейтін сөздер мен сөз тізбектерін даралай оқу қажет.
Кейбір түсінікті, жеңіл мәтінді сыныпта да, үйде де өз бетінше оқи беру балаларды жалықтырады. Сондықтан сыныптағы озық және үлгерімі нашар оқушылармен жұмыс түрін әр сабақ сайын жоспарлап отырған жөн.
Бастауыш сыныптарда оқу сабағын жүргізгенде мыналарды ескеру қажет:
Бастауыш снып оқушыларыныңоқу машығын жетілдіруді оқушының дұрыс және мәнерлеп, тездетіп оқуын қамтамасыз ету. Онсыз оқушының мәтінді толық түсінуі де қиын болады. Сондықтан сабақта қолданылатын әдіс, тәсіл оқудың техникасын жетілдірумен бірге баланың кітапқа , оны оқуға деген ынтасын арттыратындай, бір тмәтінді бірнеше рет өз бетінше жалықпай оқуға жағдай жасайтындай болуы керек.
Төменгі сынып оқушыларының әсіресе абстрактылы ойлауы жеткіліксіздеу болғандықтан,оқу сабағында оқушының білімін толықтыра отырып,оның ойлануы, қызығушылығы, бір затты екіншісімен таныстыру, салыстыру, бірін екіншісіне қарама-қарсы қойып, салыстыра отырып байқампаздығын тануға баулитын әдіс, тәсілдің сабақта көбірек қолданылуы қажет.
Бастауыш сынып оқушыларының көркем әдеби шығарманы түсінуге керекті мәселені – образды түрде ойлануға күші жетіңкіремейтінін ескеріп, оқушының шығармашылық қиялын ұштарлықтай тәсілдер көбірек қлдану қажет. Затты не оқиғаны өзі көріп, нақты елестете алатындай жағдай жасап отыру керек. Оқу негізінен мынадай түрлерге бөлінеді:
Өз бетінше дұрыс оқу
Балалар өз бетінше сыныптың екінші жартысында және үшінші сыныпта бірнеше сөз тіркестерін тұтас сөз тіркестерін, фразалық тіркестерді оқи алатын болады. Бірақ оқу үстінде интонациялық қате жіберу немесе мағынасына сүйеніп сөз тіркестерін қысқартып, жобалап оқу көп кездеседі. Бұның себебі, үшінші сыныпта қойылатын міндет пен талап сөзді тұтас оқу болғандықтан, тұтас оқуға тыорысу әрекетінің күшті болуынан, яғни оқуға деген ынта бар да машықтың әлі қалыптаспағандығынан белгілі бір фразаны, тіркестерді оқи білу машығы әлі жетілмегендігінен. Осы себептер әлі жетіле қоймаған оқушының оқуғанын дұрыс оқыды ма дегенді тексеріп отыруға міндеттейді.
Бір буынды не бір сөзді оқушының неліктен қайталап оқитынын ілгеріде айттық. Сондықтан оқушының қайталауын мұғалім қадағалап ескерту жасап отыру керек. Мұғалімнен үнемі, үздіксіз ескерту естіген оқушы енді оны қайталмайды.
ӨЗ БЕТІНШЕ САНАЛЫ ТҮРДЕ ОҚЫП ТҮСІНУ
Оқушы оқыған материалдардың мазмұнын саналы түрде меңгерген болса, онда соның нәтижесінде оқушыда белгілі бір икемділік, өмір, зат, құбылыс, адам, оның іс-әрекеті жөнінде көзқарасы пайда болды. Оқушы оқиғаны мәтіннің мазмұнын түгел меңгеріп, ондағы негізгі ой тірегін анықтап, оқылған әңгімедегі болған жағдайды, оның себебіә мен салдарын суреттелген адамдардың іс-әрекеттерін, оның болу себебін, және қарым-қатынасын анықтай алады. Тұтас мәтіннің жеке бір бөлігіндегі ойды, автордың не айтқалы отырғанын түсіне алады. Сонымен қатар жазбаша тілдің ерекшелігін, тыныс белгілерін, түрлі көркемдігін, сөздердің қолдануын, дауыс ырғағын келтіруін анықтай алатын болады.
Оқылған мәтінді өз бетінше саналы түрде меңгерудің бір жолы балалардың өз өмірінде көрген, білгенін, байқағанын, естігенін, оқығанмен ұштастыра білу.
Кіріспе әңгімені барысында сабақ мерзімін үнемдеп, мәтін мәселесіне жете көңіл бөлу керек. Оқушының оқылатын мәтінді дұрыс қабылдап, оның мазмұнын саналы түрде меңгерту мақсатына қажетте жұмыс түрінде саяхатта пайдалануға болады. Саяхатқа күні ілгері дайындалу керек ол сонда ғана нәтижелі болады. Ана тілі оқулығында берілген тақырыптарды оқушылардың түсініп оқуына бірден-бір мүмкіндік беретін нәрсе өз бетінше оқуды байланыстыру, өйткені бұл пәндердің арасында үлкен мазмұндық ұқсастық бар. Сонымен бірге, ана тілін Қазақ тілі пәнімен байланыстырып оқудың да пайдасы мол.
Оқушының оқу әдістерін жан-жақты жетілдіріп, қалыптастыру үшін мәтінді өз бетінше бірнеше қайтара оқу негізгі шарт. Осыған сүйене отырып, 3-сыныпта өз бетімен жоспар құрудың тиімді әдістерін меңгертуге болады. Мысалы: 3-сыныпта Ғ.Мұстафиннің “Көктемгі егіс атты” әңгімесін өткен кезде, оны бөлімге бөлдіріп, әр бөлімге оқушылардың өздеріне ат қойғызу керек. Ол үшін ең әуелі мәтінді түгел оқып, онда не туралы айтылғаны жөнінде сұрақ-жауап арқылы талданған соң, мұғалім мәтіннің бөлімдерін өзі көрсетеді де, оқушыларға тақырып қою керектігін ескертеді. Әрбір бөлімнің тақырыптарын тақтаға жазып қойып, соның ішінде ең дұрысы,бөлім мазмұнына сай келетіні қайсы дегенді талқыға салып, бірнеше бөліп, оларды тақтаға жазады. Оқу сабақтарында мәтіннің білімдік және тәрбиелік мәнін арттыру үшін мұғалімдер оқушыларды жұмысты дұрыс ұйымдастырып, олардың ой өрісін дамытуға іскерлігін арттыруға мүмкіндік беруге тиіс. Оқушыларды оқуға машықтандыру мақсатында үлкен тақырыптар бойынша өтілетін қорытынды сабақтардың мәні зор. Мұғалім әрбір оқу сабағын өткізуге арналған әзірлік кезінде осы жұмыстардың қай түрі оқылғалы отырған мәтіннің мазмұнына, жанрлық түріне лайық қлдануға болады дегенді күн ілгері ойланып алғанда ғана оқушыны саналы түрде түсініп оқуға қалыптастырады.
Өз бетінше мәнерлеп оқу
Бастауыш сырып оқушыларының дұрыс өз бетінше оқуын жетілдіруде қойылатын бағдарламалық талаптың бірі оқушыны мәнерлеп оқуға үйрету болып табылады.
Мәнерлеп оқу – қандай мәтінді болмасын дұрыс оқып, сөздерді бұзбай, қалдырмай, сөз аяғын жұтып қоймай, әрбір сөзді, ондағы дыбыстарды анық етіп оқу.
Көркемшығарманың негізгі ой тірегін анықтап алмай, оқығандағы мақсат айқын болмайынша бірде бір жолды мәнерлеп оқу мүмкін емес.
Оқушыны мәнерлеп оқуға үйретпейінше оны мәдениетті сөйлеуге үйретеміз деп айта алмаймыз. Ал мәдениетті сөйлеу дегеніміз-сөйлеудегі,жазудағы тіл жұмсаудың өнегелі үлгілері, болып табылады. Осыларды үйрету негізгі бастауыш мектептен басталады және қаланады.
Оқушы мектеп есігін ашқаннан бастап-ақ оқыған сөзінің мағынасын түсінуге бағытталған жұмыстар жүргізіледі. Сол жұмыс түрлері мәнерлеп оқуға жол ашып отырады. Мұғалім жеке сөзді, сөйлемдерді оқу кезінде оқушылардың тек оқып шықаннына қанағаттанбай, оның мағынасын ашуға арналған жұмыстар жүргізіледі. Яғни оқушы оқып тұрған сөзін, сөйлемін өзі түсініп тұр ма, соны анықтап, егер оқушы түсінбесе, мұғалім қосымша түсіндіреді. Осыдан кейін мұғалім оқушының берілген сөзді не мәтінді үстірт оқымай дауыс ырғағымен оқуын қадағалап отырады. Қазақ алфавитіндегі әріптердің дұрыс, анық аталуына оқушыны жатықтыру үшін баланың ауыз қуысындағы тіл, ерін, тіс, жақтарына жаттықтыру өз бетінше жұмысын жүргізген дұрыс. Осы талаптарды орындауға және артикуляциялық, жаттығулырды жүргізуге төмендегідей кестелерді пайдалануға болады:
І кесте
әл,ал,ол,он,күл.
ел,іл,ет,ес,от.
ІІ кесте
ұйыр, үйір, жиыр, сүйір.
Тас, тос, төс, бас, бос.
ІІІ кесте
Үшкір, тұмсық, сұр, шымшық.
Сордан, ұшты құрт шымшық т.б.
Бұл таблица бойынша оқығанда әуелі баяу, сонсн соң жылдамырақ оқуды талап ету нәтижелі болады. Оқушылыр мұндай жаттығуларды бар ықыласымен беріле орындайды, әрі мәнерлеп оқуға жаттығады. Нәтижеде тіл дамыту жұмысы іске асып отырады.
Шапшаң оқу
Шапшаң оқуға үйретудегі мақсат – баланың өзі оқыған сөйлемін, мәтінін толық түсінуі және сонда қолданылған сөздердің мағынасын меңгеруіне қол жеткізу. Мұны орындау үшін оқытушы баланың әрбір сөзді дұрыс анық оқуын үнемі қадағалап отыруы шарт. Әрбір сөзді дұрыс анық етіп оқыған бала сөзді түсінеді, демек шапшаң оқудың алғы шарты орындалады. Осыдан шапшаң оқудың дұрыс оқумен, түсініп оқумен өте тығыз байланыстылығы көрініпақ тұрады. Оның үстіне сөзді дұрыс және түсініп оқу үшін мәтінді белгілі бір қарқынмен оқу қажет. Олай етпеген жағдайда мәтінді оқушы да, оны тыңдаушы да ештеңе түсінбейді.
Бастауыш мектеп мұғалімі шапшаң оқуды барлық сабақтарда жүзеге асырап отырады. Бұл жұмысты жүзеге асыру барысында ол ең әуелі дауыстан әрі ырғағына келтіре оқуға баса назар аударуға тиіс. Содан соң балалардың денсаулығын сақтау мақсатында көзбен кітаптың ара қашықтығын белгілі мөлшерде ұстауға көңіл бөледі және қандай ырғақпен, қай жылдамдықта оқу керектігін өзі мәтінді оқып көрсетеді. Шапшаң оқуға оқушыларды күнбе-күн өз бетінше оқыту арқыла ғана дағдыландырамыз дедік. Ал мұның өзі оқушылардың сөйлеумүшелерінің жетілуімен де тығыз байланысты. Сөйлеу мүшелерінің жетілуін, дами түсуін арттыру үшін айтылуы қиындау және қиын жұмбақтар мен жаңылтпаштар оқытудың және оларды ойын түрінде қайта-қайта айтқызудың пайдасы аса зор. Бастаауыш мектепте шапшаң оқу өз нәтижесін дауыстап оқу жылдамдығын минутына 58-72 сөз, түсініп оқу жылдамдығы минутына 90-95 сөз болғанда, әрі оқу кітабынан 8-10 өлең және шығарма үлгілерін жаттатқанда берері сөзсіз.
Сыныптан тыс оқу
Бала тілін дамытудың өзекті бір саласы-сыныптан тыс оқу. Сыныптан тыс оқу арқылы бала өзін қоршаған ортада қандай-қандай оқиғалар болып өткендігін, не болуы мүмкін екендігін байқайды, сезінеді. Шығармалардағы кейіпкерлер іс-әректіне еліктейді, солардан үлгі өнеге алады, дүние танымы кеңейе түседі. Осыдан бастап сыныптан тыс оқудың мақсаты да айқындала түседі. Ол балаларды өз бетінше кітап оқуға үйретіп, соған деген құштарлығын арттыру оқу-жазуға үйретуді жетілдіре түсу. Олай болса сыныптан тыс оқу жұмысын неғұрлым ерте бастаса, соғұрлым тиімді де жемісті болмақ. Басқаша айтқанда бала мектеп табалдырығын аттағаннан бастап сыныпиан тыс жұмыстары жүргізілуі тиіс. Себебі, сауат ашудың алғашқы кезінде балалардың тілін, ақыл-ойын дамыту жұмыстары түрлі-түсті суреттерді, суретті кітаптарды көрсету, мәнерлеп, дауыстап оқып беру арқылы жүргізіледі.
Сондай ақ сыныптан тыс оқу шәкірттердің өз беттерінше оқу дағдыларын қалыптастырады және арттырады. “Әліппе” және “Ана тілі” оқулықтарында берілген бағдарламалық көркем шығармалардың идеялық мазмұны көркемдік ерекшеліктерін түсінулеріне аса зор пайдасын тигізеді. Балаларды өздері оқыған шығармаларына, олардағы кейіпкерлер іс-әректіне өзінше баға беруге жетелейді.
Міне сондықтан да кітаптың атқарар қызметі орасан зор. Басқаша сөзбен айтқанда кітап-екінші ұстаз. Кітап оқу арқылы бала бүкіл әлнммен, онда жасаушы адамдармен, олардың сан алуан қиялымен және армандарымен, мінез құлқы, жан сырымен танысады. Солардан тағылым алады. Олай болса мұғалім барлық мүмкіншіліктерін, айла – тәсілдерін пайдалана отырып баланы кітап оқуға қызықтыруға міндетті.
Сыныптан тыс оқуды ұйымдастырудағы басыт да өзекті үрдіс – сыныпта жүргізілетін оқумен тығыз байланысты, яғни соның жалғасы сияқты болуы керек. Бұл байланыстылықты өзара жымдастыра жүргізу мұғалімнің әдістемелік шеберлігіне, қабілетіне қарай әр түрлі дәрежеде жүргізіледі. Осыдан барып әр мұғалім сыныбы әр қилы дәрежелі білім деңгейін меңгеретіндігі шығады.
Қашанда ізденгіш балаларды жанымен жақсы көретін өзінің ұстаздық парызына адал оытқушылардың шәкірттері ұқыпты да тәртіпті білімді болады.
Дәл осы арада сыныптан тыс жұмысты тек қана былай жүргіз, олай жүргізбе деп айтудың, нұсқау берудің қажеті жоқ. Себебі, жоғарыда айтқандай әр мұғалімнің ұяты мен шеберлігі біледі. Дегенмен сыныптан тыс оқылатын кітаптың жоспарлы оқу материалдарына сәйкестенуі, соны кеңейте түсуі ескерілген жөн. Мысалы, табиғатқа ондағы жан-жануарларға байланысты сабақ өтілгенде сыныптан тыс оқу үшін А.Сейдімбектегінің “Тауға біткен жалбыз” кітабынан бірнеше үзінділер ұсынуға болады.Атап айтқанда “Айқас” әңгімесіндегі жыландар мен құрбақалардың жан беріп, жан алысқан айқасын оқуға ұсынса бала дүниетанымының кеңи түсетіні даусыз. Осы арада айта кететін бір нәрсе “ойбай ол ересектерге арналған шығарма ғой, бала түсінігіне ауыр болады” деген жаттанды қағидадан аулақ болу керек. Себебі, психолог-лингвист ғалымдар дәлелдегендей мектеп жасына келген бала тілдің бүкіл фаналогиялық жүйесін түсінеді (қараңыз: Гвоздев, 1961, 9-б.; Гоноболин, 1970, 190-б.; Негневицкая, Шаханрович, 1981, 19-25-б; Общая психология, 1981, 259-б; Молдабеков, 1985, автореферат).
Бағдарламалық материалға сай белгілі бір жазушының не ақынның шығармасын өткенде сол жазушы немесе ақын туралы балалардың білгісі келетіні даусыз. Сондықтан оқытушы олар туралы (өмірбаяны, мекен жайы, қайда еңбек етеді, қандай шығармалар бар, олардан қайсысын оқуға ұсыну керек) өзі алдын-ала дайындалып келуге міндетті. Осымен қатар бастауыш сынып мұғалімдерінің үнемі есте сақтайтын нәрсесі – сыныптан тыс жұмыстың тіл дмытумен байланысты екендігі. Себебі, оқу барысында балаларға түсініксіз сөздер, сөз тіркестер кездесуі мүмкін. Оларды түсіну үшін бала:
Ата-анасынан не аға-әпкелерінен көмек сұрасын;
Өзі түсінуге тырыссын. Ол үшін:
а) берілген үзіндіні қайта-қайта оқысын;
ә) мәтінді толық оқып шығып, ой қорытсын;
сыныптан тыс оқуға берілетін мәтіндегі қиын
сөздерді, сөз тіркестерін мұғалім алдын-ала түсіндіріп жіберсін.
Міне сонда ғана оқушы дүниетанымы кеңейеді, тілі мен ойы, ойлау қабілеті қатар дамиды. Ал бұл балалардың ынтамен жұмыс істеуі дағдысын қалыптастыруда аса зор қызмет етеді.
Кітаппен жұмыс істеу дағдысын
қалыптастыру
Бастауыш сыныпта балалардың кітаппен жұмыс істеу дағдысын қалыптастырудың тіл дамыту үшін пайдасы аса зор. Мұндай дағдыны қалыптастыру үшін мұғалім:
а. Балалардың дұрыс айтқандарын мадақтап, қателерін түзетумен қатар олардың назарын сол кітаптың мұқабасына, ішіндегі суреттеріне назар аударып отырады;
ә. Көрнекті құралдары, сюжетті суреттерді оқыған шығармаға байланысты кейбір жекелеген заттардың суреттерін қолданады;
б. Шығармадағы қиын сөздерді оқушыларға түсіндіріп отырады;
в. Балалардың оқыған кітаптарынан қаншалықты жаңа білім алғандарын үнемі бақылап отыруы тиіс. Сондай – ақ кітап оқу нәтижесінде балалар қандай сөздерді жиі, қайсысын сирек қолданатындықтарын да басты назарда ұстауы қажетті нұсқау, ақыл-кеңес беріп отыруы керек.
Балалардың оқу дағдысын қалыптастыруда оларға арналған “Балдырған” журналы мен “Ұлан” газетінің үлкен роль атқаратынын да ұмытпағанымыз жөн. Бұларды оқуға қызықтыру үшін мұғалім оларда жарияланған мақалалардан үзінділер оқып беріп, әңгіме-кеңес ұйымдастырса нұр үстіне нұр болар еді. Егер оқу тарапынан не себепті газет не журнал, болмаса кітап деп атаймыз деген сұрақ туа қалса (ондай сұрақтың қойылуы әбден мүмкін), мұғалім бұлардың бір-бірінен айырмашылығын түсіндіруге міндетті. Сондай-ақ бастауыш мектеп балаларына кітапты қалай ұстау, қадірлеу, оқу керектігін үнемі ескертіп отырудың да артықшылығы жоқ.
Сыныптан тыс оқудың түрлері
Сыныптан тыс оқуды ұйымдастырудың бірнеше жолдары бар. Атап айтқанда:
Сабақтан тыс уақытта мұғалімнің дауыстап оқуы.
Балаларды өз бетінше оқуға үйрету, жаттықтыру
барысында мұғалім өзі дауыстап, мәнерлеп кітап оқып беріп, дұрыс оқудың үлгісін көрсетеді. Басым көпшілік жағдайда бастауыш сыныптарда көркем шығармалардың көлемі шағын, тілі жеңіл, мазмұны қызықты болады. Мұғалімнің әсерлі дауысы оқушыны өзіне баурап алатындай немесе әңгіменің оқиға желісін балалардың көз алдына елестеейтіндей болуы тиіс. Мұғалімнің сыныптан тыс уақытта даустап кітап оқып беруі бастауыш сыныптың барлық сатысында, әсіресе, шағын комплекті мектептерде өте маңызды. Себебі ондай сыныптарда сабақ үстінде оқушыларды дауыстап,мәнерлеп оқытуға үйрету жұмысын ойдағыдай жүргізуге уақыт жетпейді.
Ұйымдасқан түрде кітап оқу.
Бұл жұмысты түрлі жолмен жүргізуге болады:
а) Бірлесіп дауыстап үйде оқу тапсырылады;
ә) Кітапты қай уақытқа дейін қанша бет оқу керектігі белгіленеді;
б) Сынып оқушылары түгел оқып шыққаннан соң, оқылған шығарманы талдау, ол туралы пікір алысу уақыты тағайындалады. Себебі,кейбір оқушылар ұйымдасып оқуға қатысқанмен, ойы басқа жақта отырады. Міне, сондықтан мұғалім жеке оқушылардың кітапта оқиғасын қандай қандай дәрежеде меңгергенін анықтау үшін, кітаптың мазмұнына орай сұрақ қою арқылы бақылау жасайды.
“Сен нағыз қызық жерін тыңдамапсың, мына жерін қайтадан тағы оқып шықшы” деп тапсырма беру арқылы, оқушы өз кемшілігін өзі түсінетіндей бағыт беріп отыру қажет. Мұнда зеку, жеку еш нәтиже бермейді.
Көрнекті құралдар пайдалану арқылы
өз бетінше тіл дамыту
Бастауыш сынып оқушыларына ана тілін үйретуде, оны тереңдете меңгертуде және тілін дамытуда көрнекті құралдардың алатын орны ерекше. Себебі көрнекілік ойлауды және балалардың ойлағандары мен бақылағандарын сөзбен дұрыс айтып жеткізе білуге, одан белгілі-бір логикалық қорытындылар шығаруға дағдыландырады. Оқу сабақтарында көрнекілікті қолдану аясы өте кең: айнала қоршаған дүниені, яки тірі табиғатты тікелей бақылау, саяхат кезіндегі бақылау, оқушылардың жинаған заттары, жеке колекциятүріндегі гербарийлер, жан-жануарлардың, құстардың тұлыбы, млдельдері, макеттері мен пано-рамалар (оқушылардың өздері пайдаланады), кинофильмдер, диафильмдер, мультфильмдер, картиналар, портреттер, оқулықтағы, газет-журналдардағы суреттер т.б.
Кинофильм, диафильм, мультфильм және т.б. көрнекіліктердің өмір тәжірибесі аз, көп нәрселер мен құбылыстар жөнінде түсініктері кемелденбеген төменгі сынып балалары үшін орны бөлек. Мұндай көрнекті құралдар оқушылардың шығармашылдық ойлау қабілетін, білім-танымын дамытуға, тіл-байлығын арттыруға, жаңа білімді тез меңгеруіне зор ықпал жасайды. Міне, сондықтан да көптеген зор ойлы ұстаздарымыз сабақтың көрнекілікпен жүтгізілуіне ерекше мән беруде. Олар балаға таныс емес бес сөз үйретсең, ол оны үйрену үшін ұзақ уақыт босқа қиналатынын, ал сондай жиырма сөзді суретпен байланыстырсақ, оны оп-оңай тез меңгеріп біліп аплатынын өз тәжірибелері арқылы дәләелдеп жүр.
Көрнекті құралдарды былайша пайдалануға болады:
Мысалы, оқушыларға теледидардан көрген фильмнен өз бетінше сурет салып келуді тапсыруға болады. Мұндай тапсырманы 2-ші, 3-ші сыныптың оқушылары зор ынтамен орындайды, мұғалімнің көмегімен көрген фильмнің мазмұнын эпизодтарға бөліп, оларға тақырып қояды. Тапсырма орындалып болған соң, ол тексеріліп, сәтті қойылған тақырыптар тақтаға жазылады, оны оқушылар дәптеріне көшіреді.
Алынған мультфильмдер, диафильмдер өтілетін тақырыпқа дәл сәйкес клктін болуы керек және олардың мәтінді оқу алдында көрсетілгенгі дұрыс.
Бастауыш сынып оқушыларына диафильм мен мультфильмдерді көрсетудің мәні зор. Бұларды тіл дамыту үшін көрсетілген материалды көрнекті түрде жеке ұғындыру мақсаттарында жиі қолдануға болады. Диафильм мен мультфильмдерді қолданғанда ғана оқушылардың көру есту түйсіктері қатар қатысады. Қорытындысында оқу материалының мазмұнын жақсы түсініп, есінде берік сақтауға септігін тигізеді. “Егін жинауға”, “Мереке алдында”, “Сиқырлы сөз”, “Ақсақ құлын” т.б. диафильмдерімен мультфильмдерді пайдалануға болады. Бұл арада оқушыларға сұраулар қою олардың қойылғын сұрақтарға жан-жақты, толық жауап беруін, онда да бір сөзді бірнеше рет қайталамауын қадағалау керек.
Өз бетінше жұмыс жасауға үйрету әдістерін
жетілдірудің жаңа жолдары мен тиімділігін арттыру өлшемдері.
Оқушылардың өздігінен істейтін жұмыстарының
түрлері
Ал оқушылардың өздігінен істейтін жұмыстары жөнінде мұны айту қиын. Ол оқушының өздігінше істейтін жұмысы, оқушының өз бетінше жұмыс істеуі, өз бетімен жұмыс істеуге үйрету деген сияқты сан құбылтып айтылып та, жазылып та жүр. Мұның бәрін сөз болып отырған жұмыс түрінің мәніне, өзіндік ерекшелігіне мән бермеуден, оны сырттай жалпылама түсінуден туған жағдай деуге болады.
Ал атау, әрине, өзі атағалы отырған нәрсенің мазмұнына, ерекшелігне , анықтамасына сәйкес болу керек. Оқыту процесіне ендірілетін оқушылардың өздігінен істейтін жұмыстары дегенімізарнайы бөлінген уақыт ішнде мұғалімнің тапсыруымен, бірақ тікелей көмегінсіз орындалатын жұмыс. Оқушы тапсырмада қойылған мәселені саналы түрде ақыл-ой мен күш-жігерін жұмылдыра отырып шешуі және өз жұмысының нәтижесін көрсетуі тиіс. Демек оқушылардың өздігінен істейтін жұмыстары жай жаттығу, көшіріп жазу, кітаптан үзінді оқу т.б. емес. Біз қарастырып отырған өздігінен істейтін жұмыстар үшін белгілі дәрежеде оқушының ақыл-ой күш- жігері, білімі мен қабілеті жұмсалады. Олай болса, оқушылардың өз бетімен істейтін жұмыстары, өздіктерінен орындайтын жұмыстары т.б. деп түрліше құбылтып қолдану дұрыс болмайды. Сондықтан анықтамаға сәйкес көбірек келетін бір ғана атауды таңдап алып орнықтыру керек.
Енді қолданылып жүрген балама сөздерді саралап көрейік. Мысалы, “оқушылардың өздері істейтін жұмыс” дегенді алайық. Бұл атаудан жұмыстардың түрлері де, сипаты да, оған оқушылардың қатысы да айқын танылмайды. Ал “өз бетімен істейтін жұмыс” десек, онда бұл жұмыс түріне ешкімнің басшылығынсыз, тапсыруынсыз оқушылардың ойларына келген, кез келген уақыттағы өз еркімен істеген жұмыстарының барлығы жатады екен деген ұғым тууы мүмкін . Бұл, әрине, бір жақты түсінік. Сондай-ақ өздіктерінен орындайтын жұмыстар дегшенді алсақ, онда өздігінен шешуге оқушының алдына міндет қойылатыны және оны шешу үшін оқушы саналы түрде өзінің ақыл-ойын жұмсап, қимыл-әрекет жасайтыны ескерілмей қалуы ықтимал.
Сондықтан оқушыларға өздігінен жұмыс істеу әдісінің анықтамасы мен шарты ескере отырып, оны оқыту пройцесіндегі оқушылардың өздігінен істейтін жұмыстары деп атаған жөн деп білеміз.
Оқушылардың өздігінен істейтін жұмыстары
педагогикалық процестегі екі жақты мәніне байланысты сабақты ұйымдастыру формасы ретінде де, оқушылардың саналы білім алу мен қажетті жұмыс дағдыларына үйренуінің тәсілі және мінез-құлықты қалыптастыру жолы ретінде де қызмет атқара алады.
Дидактикамен айналысушы ғалымдар оқушылардың
оқыту процесіндегі өздігінен істейтін жұмыстарын танымдық әрекет тұрғысынан талдай келе әрбір оқу пәнінің мазмұндық-логикалық ерекшелігіне қарай оның төрт типін анықтайды. Бұл типтер жоғары кластарда қазақ әдебиеті пәнін оқыту методикасына ьтолық жауап береді. Олар:
Бірінші, үлгі бойынша өздігінен істейтін жұмыстар . Бұл жұмыстар – мазмұны әр-түрлі материалдарды пайдаланып ұйымдастырлатын жаттығулар.
Екінші, өзгертіп, қайта құрап жинақтайтын тәжірибенің, білімнің, дағдының негізінде орындалатын практикалық-интелектілік жұмыстар.
Үшінші, өздігінен істейтін вариантты жұмыстар. Бұлар ғылыми білімді қолдана білуге арналады. Проблемалық мазмұнды болады. Жаңадан білім алу, логикалық қорытынды шығару талаптарын тудырады. Оқушылардың бұл жұмыстары тақырып аралық, пән аралық сипатта болып келеді.
Төртінші, өздігінен істейтін творчестволық жұмыстар. Ол ой мен іс-әрекеттің толық дербестігін қажет ететін жұмыс түрі, яғни өздігінен жұмыс істеудің ең жоғары сатысы болып табылады.
Бұл аталған өздігінен істейтін жұмыстарды әрекет сипатына қарай жаттығу, зерттеу, творчестволық жұмыстар деп топтастыруға болады.
Достарыңызбен бөлісу: |