Күлдіреген жерді тесуге болмайды. Вазелинді қайнатып стерилдеп, оны стерилдеген дәкеге жағып, күйік шалған жерге салады. Егер вазелин жоқ болса, күйікті ашық күйде үстау керек. Күйік шалған жерге ешуақытта тоң май немесе басқада майларды жағуғу болмайды. Таңғыш салмай ашық емдеу әдісі ауада инфрақызыл сәулелері бар бөлмелерде, арнайы аэротерапевтік қондырғыларды (АТҚ) немесе залалсыз жылы ауа ағыны бар изоляторларда жүргізіледі. АТҚда 30-32°С қа дейін жылытылған залалсыз тік ламинарлы ауаның ағыны жіберіледі. Осы әдістерді қолданғанда жараның бетінде қабыршақ жылдам түзіліп, ІІ және ІІІ дәрежелі күйік болсада, жара жазылғанға дейін сақталады немесе оданда терең күйіктерде демаркациялық жолақ пайда болғанда хирургиялық жолмен кесіліп алынады.