Клара Қабылғазина



Pdf көрінісі
бет48/115
Дата11.05.2022
өлшемі2,41 Mb.
#141932
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   115
Байланысты:
Тіршілік.pdf

12-қаңтар
Бұл кісімен танысқаныма да әжептәуір уақыт болыпты. Енді 
міне, ерлі-зайыптылық өмірге жол салғандаймыз. Өзі қызық кісі. 
Ақжарқын, қалжыңбас, тапқырлығы да бар. Аялы, ыстық алақандарын 
айтсаңшы... Құшақтап, аймалауға да уақыт тауып тұрады. Талайдан 
бері еркектің шын сүйген құшағын сезінбеген едім, бір түндік ермек 
қып кететіндерден шаршап, шын ілтипат көрмеген басым қатты ай-
налды. Әңгімесі де таусылмайды, небір күлдіргі жайларды айтып, 
көңілім таң нұрындай ашылды. Оқығаны да, өмірден тоқығаны да 
бар адам. Байқастырсам, әкемнен мүшел жас үлкен екен... Бірақ, оған 
қарайтындай емеспін. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   115




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет