Клара Қабылғазина



Pdf көрінісі
бет54/115
Дата11.05.2022
өлшемі2,41 Mb.
#141932
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   115
Байланысты:
Тіршілік.pdf

10-мамыр
Өстіп жүргенде уақыт зымырап өте берді. Баяғы көкжиекте жүрген 
ескі таныстар қайта келіп, кетіп жүр. Отыздан жаңа асқан жас ағза 
ер адамның иісіне де елітіп, нәпсі құрғыр шыдатпай, кейбіреулерін 
«қабылдап» та жібердім. Бұрындары ана кісі көріп қалар, сезіктеніп 
жүрер деп, бейкүнәлік қалыппен көрінейін деп ешкімді жолатпаған 
едім... Олар да бірдеңені сезгендей бірінен кейін бірі телефон шалып, 
«көрген жерде ауыл бар» деп жүргендей... Енді не болды?
15 маусым
Қыз кетті қаңғырып. Өзім теледидар көріп отырғанмын. Кенет дик-
тор: «Ендігі әңгімеміз ұлын ұяға, қызын қияға қондырып, немере өсіріп, 
келіндер, күйеу бала тәрбиелеп, бұтағын алысқа жайған бәйтеректей, 
әдемі қартайып отырған отбасы жайлы болмақ», – дегені сол еді, 
бүкіл бала-шағасының ортасында отырған Ерекемді көрдім. Келмей 
кеткенінің себебін енді түсінгендеймін... «Яғни, қандай сүйіспеншілік, 
қандай махаббат, қандай уәде болса да өз жанына жақын адамда-
рынан артық болмайды екен-ау, «ер айналып елін табар, ат айналып 
үйірін табар» деуші ме еді?...» деген түйін көкірегіме келіп кептелді. 
Көз алдыма алаңқайдағы қанден елестеді. Соның ұлып, шәуілдеп 
қалған кейпі... Қаншалықты жолшыбай қанден жабысса да өзінің 
үйреншікті жұбымен кете барған иттер жолжөнекейдің жол бойында 
қалатынын тағы бір дәлелдегендей болды.. 
Көз жасым кеудеме тамшылады. Егер о баста арымды аяққа 
бастырмаған болсам, ата-ана тәрбиесіне көнсем, мен де әжептәуір от-
басын ұстап отыратын едім-ау... Ата-ана демекші, анам мектепте, ба-
стауыш сыныпта ұстаз ғой.., енді ел-жұрт оны кінәлап жатқан көрінеді. 
«Өзінің қызы ауылда жезөкшелікпен айналысады, басқалардың бала-
ларына қалай ол тәлім-тәрбие бермек?» дейтін көрінеді... 


108
Клара Қабылғазина
Ұяттан айырыла салу оп-оңай екен де, қайтадан жиып алуға бол-
майтынын түсіндім... Бірақ, бәрі кеш... Тек жаратқаннан сұрайтыным 
– менің тағдырымды бойжетіп келе жатқан қызым қайталамаса 
екен. Нәпсінің күңі болғанымды енді мойындап отырмын. Біреудің 
шаңырағын шайқалтып, отбасын бұзып, бақытқа жету де мүмкін емес 
екен... Еркектің аты еркек, маған не жорық? Басы бос біреу де емес, бір 
әулеттің ақсақалына жабысқаным не?! Кейіннен әйелі естіп қойыпты
ұрыс-керіс болып жатыр екен оларда дегенді естіп едім... Бірақ, мына 
отырыстарына қарағанда еш ың-шың болмағандай... Қайта айналып 
үйіріне барды, «адасқанның айыбы жоқ» деген емес пе... 
* * *
Қызым мүлде тыңдамайтын болды. Түні бойы қаңғырып, күні бойы 
ұйықтап, оқуына да бармайды... Қайтсем екен ?.. Шарасыздықтан ба-
сым қатып отыр едім... 
Кенет... есікке әлдекім келгендей, сығалағандай болды. Баланың 
оянып жылағанына қарамастан есікке жүгіріп барып қарасам, ешкім 
де жоқ.. Сөйтсем, тағы да сығалап жүрген жалғыздық екен... 
2008 ж. 


109
Тіршілік


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   115




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет