Клара Қабылғазина



Pdf көрінісі
бет94/115
Дата11.05.2022
өлшемі2,41 Mb.
#141932
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   115
Байланысты:
Тіршілік.pdf
241, С.Сарғасқаев «Тәмпіш қара», 143088-21-265761, 239687-143088-22-334472, 317 (1), 239705-143088-22-334499, 239725-143088-22-334529, 2 5350324877561697439, math-sol, 239716-143088-22-334512, math-sol-kaz, Саба ты та ырыбы Жыр кейіпкерлері (Бірінші тарау) Сынып 7 «А», math-tasks-kaz, murat-monke-5640ecbd4690d
БИБI-БАТИМА ЖАЗБАЛАРЫ
Адамзат – бүгін адам, ертең топырақ, 
Бүгінгі өмір жарқырап, алдар бірақ. 
Ертең өзің қайдасың, білемісің, 
Өлмек үшін туғансың, ойла, шырақ. 
Абай. 
Өмірдің алды – ыстық, арты суық
Алды – ойын, арт жағы мұңға жуық. 
 Абай. 
Күлдіргіштеу, күлкішіл, қалжыңға ұста, 
Кезеген ит тым-ақ көп біздің тұста. 
Өз үйінен жиреніп қашып жүрген, 
Антұрғанға қосылма қапылыста. 
 Абай. 
Бибi-Батима – қарапайым әйел. Көрер көзге ешкiмнен ешқандай 
артықшылығы, ерекшелiгi жоқ. Ел қатарлы көркi, жұрт қатарлы сым-
баты бар. Соншалықты сұқтанарлықтай болмағанымен де, алғаш 
көрген адамға бiрден ұнай қалатын, кiмдi болса да жақсы пiкiрде 
қалдыратын. Өсек, өтiрiк айту, қызғаныш, iш тарлық бiлдiру, бiреудiң 
сыртынан ғайбаттау сияқты пендешiлiк қасиеттiң бiреуi де жоқ оның 
бойында. Арамдық, титтәй жалғандық көрсе-ақ, кiмнiң болса да бетiне 
айтып салатыны да бар. Айналасында жүрген пенделердiң iшкi жан-
дүниесiнде қандай да бiр бөтен ой, жат пиғыл бар екенiн Алла-тағала 
сыйлаған қасиетiнiң арқасында сезiп қояды, сонан соң-ақ «сен сондай 
адамсың, сенiң тазаруың керек, немесе осы сенi жақтыртпай тұрмын» 
деуге мәжбүр болады. «Керек едiң, жақтыртпайтындай немесе сондай 
ескерту жасайтындай сен кiм едiң» деп жұрт бет қимылдарын жасап, 
мазақ ететiн. «Шындығында, кiм едiм, неге өйтiп айттым» деп бұл да 
ойланып жатпайды, «өйткенi, шындығын айтамын» деген қасиеттi 
қара сөздiң тiркесi жанына қуат берiп, дәрмен ететiн. 
Жан-дүниесi таза, арамдық, алалықтан ада адамдарды тез тани-
ды, көңiлi өсiп жүрсiн дегендей «бiр жақсы адам екенсiң, құдай рахым 
етсiн» деп кейбiреулерге рахмет айтса, олар иықтарын қиқаң еткiзiп, 


194
Клара Қабылғазина
«оны неге айтып тұрсың» дегендей кете барады. Кей-кейде жанын 
жабырқатып, көңiлiн жүдеткен кейбiр жайларды жазып қоятын әдетi 
бар едi. Ендi соған құлақ түрiңiз... 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   115




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет