Клара Қабылғазина
Әйел жауап бермеді. «Маған үйлен, сонан соң талап ет, «жәлап»
деген атпен жүре алмаймын» деп айтайын деді, бірақ айта алмады.
Өйткені, оның өзіне үйлене алмайтынын сезеді. Жап-жас жігітті жолы-
нан тайдырған өзі емес пе?! «Сен әлі үйленбеген, бетің ашылмаған жігіт
екенсің. Ата-анаңның үміт күтіп отырған, өмірлік жар болар, әдемі де,
әдепті келін іздеп жүрген ұлы екенсің... Жасың да менен көп кіші. Мен
бір күйеуден ажырасқан, балалы-шағалы әйелмін. Сондықтан, жолың
әне! Жолама!» десе жоламайтын еді ғой... «Тана көзін сүзбесе, бұқа
бұйдасын үзбейді» деп қазекең тауып айтқан ғой... Өзім ғой көзімді
сүзген... Сондықтан мен оған ешқандай шарт, талап қоюға бетім жоқ.
Оның осы ыстық махаббатын пайдаланып, біреуге үйленіп кеткенінше
жүре тұрайын» деген ойдың жетегімен қарсы сұрақ қойды:
– Сен мені тастап кетпейсің бе?
– Жоқ, ешқашан. Біз өле-өлгенше бірге боламыз, мен сені сүйемін...
Сонымен келіншектің жаны жай тапты. Өлімге дейін алыс. Күнде-
лік ті тірлігі осы жігітпен көркейіп тұрса болды емес пе...
Ал, Айқынның ата-анасы жақсы бір тәрбиелі текті, зиялы отбасының
қызын іздеп жүрген болатын. Тапты да. Оның аты – Сабрина. Жасы
жиырмада. Мінезі сынық. Топ-толық кеудесі мен балтырлары ерек-
ше көзге түседі. Айқынға қыз көрген жерден ұнап қалды. Сабрина
жиырмада, өзі отыз алтыда, Салиха қырық екіде. Қырық екідегі әйел
енді бала туа қоймайды, болғанын алғызды, жиырмадағы толып,
пісіп тұрған қыз бір емес бірнешеуін туады. Айқынның бала сүйгісі
келгеніне бірталай уақыт болған. Анасының да немерені аңсағаны
қашан... мұсылманның отбасында ананың тілегі алдымен орындала-
тыны тағы бар ғой...
Сонымен, неке үйіне барып Айқын мен Сабринаның некесі қиылды.
Той өтті. Алғашқы төсек қатынасы Сабрина үшін алғашқы әрине,
сәтті өтті. Айқын ғана түсінде жылап оянды. Талайдан бері Салиханың
құшағына өзінің бірден құлаған себебін енді түсінгендей... Оның
тәжірибесі мол екен ғой... Екеуінің жақсы дуэті есіне түсе кетті. Мына
төсектен безіп, айдалаға қашқысы келді.
– Сен анаған айттың ба?
Ұлының сыртқы өмірін жақсы білетін анасының алғашқы сұрағы
осы еді. Ешқашан жолбике әйелдің атын атамайтын. Бірнеше жыл-
дан бері баласының басын қатырып жүрген жәлаптың жолын өстіп
жапқаны үшін өзіне өзі риза болып тұрды.
– Жоқ, – деді Айқын.
– Бар да айт. Бәрібір біледі ғой... Бұдан былай одан құтыл, ол сенің
13
Тіршілік
теңің емес... Ойнап, күлдің... жетеді енді... Сондай арсыздар талай
еркектердің отбасын бұзып, түбіне жетіп жүр...
Жігіт қаланың шет жағында орналасқан Салиханың мектебіне бет
алды. Ол «Сен он күн ғана білетін қызға үйлендің, мені он жыл білесің...
Өле – өлгенше менімен боламын дегенсің, мұның не?» десе не деймін?!
Мектептен жас мұғалім шығып келе жатыр екен, содан Салиханы
шақыртты. Келіншек сәлден соң-ақ шықты. Күздің қоңыр салқынынан
тітіркеніп, үлпілдек орамалына қымтана түскен түрі әйелдік нәзіктігін,
қорғансыздығын білдіргендей... Жігіттің көңілі құлазыды. «Қалай та-
стап кетемін?... Көзіне жас келді. Тіпті еңіреп, көздерінен сорғалаған
жас еріксіз бірін-бірі қуалай кетіп жатты... Келіншек оның сырын
жақсы білетін. Аса көңілшек, тым мейірімді жігіт соңғы келмей кеткен
он күндік жолсапардан кейінгі сағынышын білдіріп тұрғаны ғой деп
ойлады. «Басын құшақтап, әдеттегідей қос омырауына басар еді, оған
мына жерде болмайды ғой, әйтпесе...» деген ойдың артынша:
– Кешке келесің бе? – деді.
– Келем...
– Онда менің қосымша сабағым бар еді, кеттім...
Бұрылып ішке кіріп кетті. Ештеңені сезбеді. Ол әдетте Айқынның
ішкі жан тебіреністерін біліп қоюшы еді. Бұл жолы білмеді. Шынында,
неге келмеймін, келемін... Сонша жылғы қатынасты бір-ақ күнде үзу
оңайлыққа соқпас...
Кешкісін қолында сый-сияпаты бар Айқын Салиханың табалдыры-
ғын аттады. Әбден сіңісті болған әрекеттері тағы қайталанды. Бірақ,
түнгі он бір-он екілер шамасында Айқын қайтуға жиналды. Түсінбей,
қонып, таңертең бірақ қайтатын көңілдесінің әрекетіне таңырқай
қараған оның жүзінде сұрау тұрды.
– Анам ауырып қалыпты, қайтуым керек.
Осылайша оның анасы ұзақ ауырды. Бір жыл, екінші жыл... Мүмкін,
үлкен адам, ауырса ауырып жатқан шығар... Енді Салиха оның қонбай
кетіп қалатынына да үйренді. Бара –бара аптасына екі күн ғана келетін
болды. Балалар өсіп келеді, туған әкелерінен қайыр жоқ.
Бір жолы Айқын жұмыс бабымен Ресейге кетіп қалды. Өйткені қыз-
меті өсіп, беделі үлкейіп келе жатқан. Бірнеше күннен соң Мәскеу ден
телефон шалды.
– Екі-үш күннен соң қайтамын..., – деді.
– Не дайындап қояйын, – деді Салиха.
– Менің не жақсы көретінімді білесің ғой...
– Ол жақта қалайсың?
|