Клара Қабылғазина
Балалардың, тұрмыстың тауқыметімен жүріп өмірдің зулап өткенін
байқамай қалдық. Оспанхан Әубәкіров ағамыз айтқандай «тапқанымыз
танауымызды сүртуге жетпей» жүрген заман басымыздан өтті. Сөйтіп,
біресе қызметке, біресе үйге, біресе мектепке, біресе балабақшаға
жүгіріп жүрдім. Қазіргі келіндердегідей (бір бастарына қажеттің бәрі
бар заманда өмір сүріп отыр ғой) жағдай жоқ. Балалар туғанда пам-
перс деген нәрсе жоқ, жаңбыр жауғанда кептіру деген бір машақат,
үйдегі бар төсек жапқы, жастықтың тысы дегеннің бәрі жөргек бо-
лып кететін. Ауыстыратын киім болмағандықтан, жетпегендіктен
түнімен кір жуып, оны үтіктеп кептіріп, соны кигізіп, бірін мектепке,
бірін балабақшаға жіберіп, бір нәрсені үнемдеп сатып әкеліп, оларды
тамақтандырғанша, ыдыс-аяғын жуып, шайғанша түн ортасы бола-
ды. Таңертең қайта сол тіршілік басталады. Сөйтіп жүріп балалардың
өскенін де білмей қалыппыз. «Өзім үшін өмір сүремін» деген түсінік
болмаған менде ешқашан. Мен ерім үшін, балаларым үшін жан аямай
өмір сүрдім. Төрт баланы ауыздан жырып асырап, түн ұйқыны төрт
бөліп, арқа етіміз арша болып жүріп өсірдік бір Алланың арқасында.
* Балалар есейген соң ғана, ғылымға бет бұрып, диссертация
қорғадым. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне
жұмысқа кіріп, ұстаздық деген ұлы жолдың бойында келе жатқаныма
қырық жылға жуықтапты. «ҚазҰУ-дың үздік оқытушысы» деген атақ
алдым, филология ғылымдарының кандидаты, (Associate Professor)
ассистент профессор ғылыми дәрежесіне ие болдым, Ақпарат және
Мәдениет Министрлігінің тапсырысымен «Қоғам және әйел» деген
сериямен мен туралы бір сағаттық деректі хабар түсірілді, EURASS
деген еуропалық мекеменің Алматыдағы өкілі болдым, ҚР Жур-
налистер Академиясының дипломымен, Құрмет грамоталарымен,
«ҚазҰУ-ға 80 жыл» мерекелік медальімен марапатталдым. Мен тура-
лы «Қазақстан» арнасында жеке бағдарлама арналған («Сырғалым»),
«Білім», «Мәдениет», «Асыл арна» және «Хабар», «Еуразия» арнала-
рында сюжеттер түсі ріл ген, БАҚ беттерінде мақалалар жарияланған,
Шығыс Қазақстан облыстық, «Қазақстан білім саласы үздіктері»,
«Қазақстан ғалымдары» атты энциклопедияларға ұсынылдым, ҚазҰУ
Ғылыми-педагогикалық қауымдастығы өкілдерінің «Аманат» атты
жинағына шықтым. Ыбырай Алтынсарин атындағы және «Ерен еңбегі
үшін» медальдарының иегері болдым, сол сияқты біраз майда-шүйде
қызметтерді атқарып, еленіп жүргенім үшін бақыттымын. Бельгияның
Брюссель қаласында өткен «Open Euroasian literature festival» де-
ген шарада «Short stories» номинациясы бойынша 2-орын алып,
189
Тіршілік
халықаралық деңгейде еңбегім еленді. Ең бастысы – шәкірттерімнің
«Біз сіз үшін мақтанамыз, апай!» деген бір ауыз сөзін кеудеме тағылған
марапат етіп келе жатқаныма ризамын. «Осы саған ешнәрсе керегі
жоқтай мәз-мәйрам болып жүресің», – дейді бірде Қосылған деген
әріптесім. «Шүкір, менде бәрі бар», – деймін. «Қашан болсын тап-
тұйнақтай, әдемі болып жүресіз», – деп жастар айтады. «Әрине, сен-
дерге үлгі көрсетуім керек қой, сол үшін тырысамын», – деймін оларға.
Көкіректе көмескіленіп жатқан ойларды жарыққа шығарайын деп,
көркем прозамен шұғылданадым, жас ұрпаққа үлгі – тәрбиені наси-
хаттайтын әңгіме, новеллаларым сирек болса да республикалық басы-
лым беттерінде жарияланды.
* Осылайша өмір өзінің есігін жақсылыққа қарай айқара аша бер-
генінде сатқындық, опасыздыққа тап болдым. Үш ұйықтасам түсіме
кірмеген жағдай алдымнан шыққанда есеңгіреп қалдым. Қатты уай-
ымдап, қайғырдым. Екі күн, екі түн көз ілмеген жағдайды бастан
өткердім.
* 2001 жылдың 2-қаңтарында әкем қайтыс болды, бір жұма өте са-
лысымен ортаншы ұлым аса қатты жол апатына түсіп, бір жылдай төсек
тартып, бірнеше қайтара ота жасалып, әйтеуір Алла қолдап, тірі қалды.
Сондай ауыр күндерде пайда болған асқазан жарасы тәуір болып кет-
кен еді, күйзелістен сол қайта ашылып, қан қысымы қатты көтеріліп,
не керегі бар аурудың да астында қалдым. Балаларымның рухани
көмектерінің арқасында соның бәрін жеңіп, қазір жер басып жүрмін,
соған шүкіршілік етемін. Уақыт- емші, өмір -өзен өзінің бір қалыпты,
сабырлы арнасына бұрды. Осы күніме, тірлігіме, ұрпақтарымның
амандығына, елімнің тыныштығына күніне неше мәрте ризашылық
білдіріп, жүріп жатқан жай осындай... (жалғасы бар...)
190
Достарыңызбен бөлісу: |