Клара Қабылғазина



Pdf көрінісі
бет46/115
Дата11.05.2022
өлшемі2,41 Mb.
#141932
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   115
Байланысты:
Тіршілік.pdf

Тіршілік
Тәжірибесі мол, сен бейшара жастай тиіп, көргенің сол және оның 
бала-шағасы. Сондықтан, мен сенің еркек сымағыңды оған құл ғып 
бердім. Ал, сен талай қызықтан мақрұм қалған әйелсің. Сен өміріңді 
соған арнап жүріп талай дүниеден құр қалдың. Ал, ана әйел оны мақтап 
қойып, білгенін істей береді. Өйткені, өзін болашақта бағатын балала-
рын баққызып, өз тұрмысын жақсартуы керек. Мына сайқал заманның 
әйелі де сондай сайқал болады. Ал, сен ақымақ әйелсің! 
– Болды, жетер енді! Қажама мені сен сайтан! Құрт көзіңді, кет 
аулақ!
Дірілдеп, өн-бойы қалшылдаған әйел орнынан тұруға қарекет жа-
сап еді, қол-аяқтарын жерге шегелеп тастағандай қозғала алмады. 
Астындағы орындықты сайтанға қарай лақтырмақ болып ұмтыла 
беріп, шалқасынан тағы құлады. 
Әдеттерінше түске қарай жиналып келген балалар ес-түссіз жатқан 
шешелерін қаумалай көтеріп, жатын бөлмесіне апарды. Бірі дәрігер 
шақыруға жүгірді. Әкелерінің телефоны өшірулі болып шықты. 
Әлдеқандай жамандықты сезгендей еді олар. 
Дәрігер ем-домын аяқтап бола: – ол қатты күйзеліске түскен, 
оны медицинада стресс деп атайды, содан талып қалған. Біраз уақыт 
тыныштықта ұстау керек, – деді. Шамалы уақыттан соң өз-өзіне кел-
ген аналары болған жайды баяндап берді балаларына. Түсі сұрланып 
кеткен кішісі:
– Шаңырақты шайқаған ол әйелді мен атып өлтіремін де, әкемді 
алып келемін, – деп тұра ұмтылды. 
– Ойбай, қой құрысын! Одан әрі кетсін! Сенің басың бәлеге қалма-
сын! Қоя қой, қой, – деп жаны шығардай тіксініп, анасы айқайлады. 
– Болмайды, күнаһарлардың жазасын Құдай өзі береді, сен 
қолыңды былғап қайтесің..., – деді үлкені. 
– Енді көзімізге көрінбесін, «әке» демейміз, – деді қызы. 
Жан күйзелісі деген биологиялық құбылысқа санаң, денең, ойың, 
болмысың, жанарың, қозғалыс әрекетіңнің бәрінің қатысының бар 
екенін Күміс енді ұққандай. Ойында тек қана ол, бүкіл тұла бойы сал 
болғандай икемге көнбейді. Ешнәрсе ойлауға құлқы жоқ. Жанары 
күңгірт, солғын, қол-аяқ сананың бұйрығына көнбейді. Ілгері басқан 
аяқ кейін кеткендей. Сөйлер сөз таусылып, ертеңгі күннің шырағы 
әлсіз ғана жылтылдап сөніп бара жатыр. 
Жасау-жабдығы келіскен өзінің хан сарайындай көретін үйі енді 
жат, жабырқау, сұр, көлеңкелі. Шетелден әкелген анау аспа шамда-
ры көздің жауын алып, сан құбылып, жарқырап тұр. Соған неменеге 


100
Клара Қабылғазина
жүгіріп, анау алыстан әкелдім?! Керегі не? Мынау дүниеден бір зат 
мұның күйзелісіне демеу бола ала ма? Жоқ, әрине... Сонда осы дүниенің 
бәрін не үшін жинаған?! Бұрын жатын бөлменің сәнін келтіріп тұратын 
жиҺазы, киім толы сөрелері де жүйкесіне тиді. Осының бәрінің қажеті 
қанша? Үлкен залда жиі бас қосатын қонақтардың жүздері келе қалды 
көз алдына. Оларды күтіп, не үшін шақырып, әуре болдым?! Не үшін... 
Не үшін... ? Кім үшін... Кім үшін? 
«Күлкі мен құлқында ар жоқ», – деп көсемсіп отыр еді ғой анада 
біреу... Кім айтып еді?... Дегенмен, рас-ау..., ішегі шұрылдап, азық 
сұрағандай болды. Не жеп едім?! Әрі ойлап бері ойлап есіне түсіре ал-
сашы. Қашан, не жедім? Құдайым-ау, есте сақтауым мықты еді ғой... 
не болды маған? Қашан, не іштім? Су да татпадым ба? Қой, бірдеңе 
ішкен сияқтымын... 
Ас үйге барайын. Құдайым-ау, қол-аяғым қозғалмайды ғой... Алла 
сақтай гөр! Балаларға масыл болып қалмайын. Олардың күндері 
өзімен- бірі қызметіне, бірі оқуына, бірі бақшасына дегендей... тарап 
кеткен. Енді қайттым?»
Ұмтыла беріп сылқ етіп отыра қалды. Шынымен-ақ аяқтары жұмыс 
істемей қалған. Қаталап барады. Енді жүйке жүйелерінің бәрінде 
қаталаған қапас тұрды. Өмір деген қасиетті ұғымның құдіреті жеңе 
бастады. Өлмеу үшін қарекет басталды. 
Есіне Ұлы Отан соғысының ардагері болған әке әңгімесі түсті. 
Бір майданда қатты жараланған ол ұрыс даласында қалып қояды. 
«Көзімді ашсам түтін, тұман араласқан дала тып-тыныш. Жақын 
маңда тірі жан бар екені сезілмейді. Қол-аяғы қозғалмайды, ша-
масы сол жақтан жараланған болуы керек. Енді қайттым?! Суықтан 
да үсіп қалғандаймын. Бір-екі қадам жерде жатқан неміс солдаты 
жақында ғана о дүниелік болған секілді, денесінің жылуы бар екен... 
Жан-дәрмен қолымды жылытып, жан шақырдым. Сонан соң, далада 
қалып өлмейін деген қорқыныш бойымды билеп, екі қолымды тіреп 
алға қарай сүйретіле бердім, сүйретіле бердім... Өліктерге үйірілген 
қарғалар шүйіліп-шүйіліп кетеді. «Құдайым-ай, осыларға жем қылмай-
ақ қойшы...» деп жалына-жалына жылжи бердім. Қанша жылжығаным 
есімде жоқ. Естен танып қалған жерімнен медсанбаттың адамдары та-
уып алыпты. Аллаһым, сендерді көрсін, жар сүйсін, өмірдің дәмін тат-
сын деген ғой, қарақтарым» деп әңгімелеуші еді. 
Сол әке қасиетті жан екен ғой... Өмірді қандай сүйген? Әке рухы 
дем берген әйелдің де өмір сүруге құштарлығы оянды. 


101
Тіршілік
Жан-дәрмен аунап түсіп, бұл да екі қолын жерге тірей еңбектей 
бастады. Сұлбасын сүйрете-сүйрете асүйге жетіп, сүйеніп, шынтағын 
тіреп орнынан тұрды-ау, әйтеуір. 
«Түу-у, бір жұтым су-ай! Сарайым ашылып, санам оянып, көз 
шырақтарыма сәуле қосқандай болды... Өмір дегенің бәрінен мықты 
екен ғой... Жан үшін, жарық сәуле үшін ұмтылдым-ау! Яғни, өмір деген 
ең қасиетті, ең қымбат, ең керек осы екен... Тағы да жылжып-жылжып 
диванға жетіп құлады. Сусыны қанып, шәрбат суын ішкендей рахатта-
нып, көзі іліне берді. Сол жатқаннан мол жатты. 
Көзін ашса терезеден түскен күн сәулесі үй ішін нұрға бөлеп, төгіліп 
тұр. Айнала жап-жарық. Өн бойына қуат қосылғандай. Сал болмаған 
екен, аяқтары жаңа қадамды еркін бастауға икемделгендей... Шүкір, 
Алла! 
Өмір дегенің бір сәттік сәуле екен ғой, – деген өлең жолдары сана-
сына сап ете қалды. – Жоқ, есім ауыспапты... Ендеше, алға, жаңа күнге 
қадам аттайын! 


102
Клара Қабылғазина


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   115




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет