Клара Цеткин



Дата10.03.2022
өлшемі20,08 Kb.
#134978
Байланысты:
8-наурыз Құттықтау


1857 жылдың 8 наурызында Нью-Йорк қаласында тігін және аяқ киім фабрикасының жұмысшы әйелдері наразылық шарасын өткізді. Олар басшылықтан 10 сағаттық жұмыс күнін, жарық әрі таза жұмыс орындарын, еңбек ақыларының ер-азаматтардың жалақысымен бірдей болуын талап етті. Себебі, олар тәулігіне 16 сағат жұмыс істеп, шағын ғана айлық алатын. Көптеген Америка мекемелерінде кәсіби одақтар пайда болған. Олардың қатарына 1857 жылы 8 наурызда тағы бір кәсіби одақ қосылды. Бұл одақтың мүшелерінің барлығы әйел азаматтар еді, олар өз құқықтарының қорғалуын көздеді.
1910 жылы Копенгагенде жұмысшы әйелдердің қатысуымен 2-халықаралық конференция өтеді. Социал-демократ партиясының әйелдер тобының көшбасшысы Клара Цеткин 8 наурыз Халықаралық әйелдер күнін жыл сайын белгілі бір күнде тойлау керектігі жөнінде өз пікірін білдірді. Оның ұсынысы әйел құқығын қорғауға бағытталған үлкен ұран ретінде қабылданды. Бұл ұранға өзге елдердің әйел-азаматтары қосылып, кедейшілік, татулық, құрмет үшін күреске қосыла бастады.
Клара Цеткин
Алғаш рет бұл мереке 1911 жылы 19 наурызда Австрия, Дания, Германия және Швейцария елдерінде аталып өтілді. Мерекені атап өту 1912 жылдың 12 мамырында өз жалғасын тапты. Кейінгі жылдары Еуропа әйелдері 8 наурызды соғысқа қарсы наразылық білдірумен өткізген болатын.
Кеңес Одағы құрылған жылдан бастап 8 наурыз мемлекеттік мейрам мәртебесіне ие болды. 1965 жылы бұл күн демалыс болып жарияланды. Жыл сайын 8 наурызда мемлекет әйел құқығының қорғалуына байланысты жүргізілген шаралар туралы есеп беретін. Уақыт өте келе бұл мереке саяси келбетін жоғалтты.

1975 жыл "Біріккен Ұлттар Ұйымы жылы" болғаннан соң, кеңес идеологтарының ықпалымен ресми түрде 8 наурыз Халықаралық Әйелдер күні болып жарияланды. 



Бұл күні алты құрлық нәзік жандыларды төл мерекесімен құттықтап, оларға игі тілектер айтады. Көктем мезгілімен қатар келетін 8 наурыз мерекесі ТМД елдерінің барлығында кең көлемде аталып өтіледі.


Аяулы Аналар! Қымбатты қыздар! Құрметті ұстаздар! Барлық Қазақ Елінің әйел-қыздары!
8 наурыз Мерекелі күніменен,
Құттықтаймын сіздерді.
Көру қандай керемет,
Жаздай жарқын жүздерді.
Жүріңіздер шат куліп,
Шұғылалы таңдардай.
Мынау байтақ әлемде,
Ең бақытты жандардай!

Құрметті ақ жаулықты әжелер, ардақты аналар, қаракөз қыздар ! Сіздерді .. «Авимед»көпсалалы ұжымының атынан жыл мезгілінің ең көрікті де қуанышты мезгілі көктемнің алғашқы мерекесі – 8 Наурыз Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймын! Отбасыларыңыз бен өздеріңізге амандық, дендеріңізге саулық, ұзақ әрі шаттыққа толы ғұмыр, шаңырақтарыңызға құт-береке тілеймін. Өңір халқының әл-ауқатын жақсарту жолында атқарып жатқан еңбектеріңізде табыстарға жетіп, үлкен биiктерден көрiнулерiңiзге шын жүректен тілектеспін.
«Күннің шуағы – жылы,
Ананың құшағы – жылы», – дегендей,
дүниеде ананың балаға және барша азамзатқа деген мейірімі мен махаббатынан асқан құдірет жоқ. Ананың аялы алақаны мен жылы құшағын сезініп өскен сәбидің арманы не?!
Сіздерге биылғы жылы да қуанышы мен қызығын ала келген төл мерекелеріңізді шадыман көңіл күймен қарсы алып, құшақтарыңыз гүлге толсын деген ақжарылған тілегімді білдіремін.
Мұғалімсіз білім дұрыс болмайды,
Мұғалімсіз білім орны толмайды.
Жасай берші мұғалімдер, сіздермен,
Білім нәрі қанат байлап самғайды.

Құтты болсын мерекеңіз кеп жеткен,
Айналаны нұрға бөлеп, гүлді еткен.
Мұғалімдер абыройың асқақ боп,
Еңбектерің жана берсін, тербеткен.

Жадыраңыз, жайнаңыз да күліңіз,
Мұғалімдер амандықта жүріңіз.
Биіктерді бағындырып шәкіртің,
Жақсылығын, қуанышын көріңіз.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет