Класс Time. 2013. №16. 17 сәуір Асық ойнап, арқан тарттық



Дата28.01.2018
өлшемі20,15 Kb.
Класс Time. - 2013.- №16.- 17 сәуір

Асық ойнап, арқан тарттық

12 сәуір – Қазақстандағы Ғылым күні, осы кәсіби мереке аясында С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті Ұлыстың ұлы күні - Наурыз күні мейрамын атап өтті.

Әз-Наурыз жыл басы, сондықтан өткен жылдың есебін шығарып, жаңа жылдың белесін бағамдар уақыт. Сондықтан да, мереке аясында Отандық ғылымның дамуына, ғылымды инновациялау-коммерцизациялауға зор үлес қосқан ғалымдарды, үздік факультеттерді марапаттау рәсімі өтілді. Университеттің ғылыми кеңесінің ұсынысымен ғылыми салада марапаттауға лайық деп танылған, университтегі он факульттетің ішіндегі үздіктері «Агрономия», «Ветеринария және мал шаруашылығы», «Техника» факультеттеріне С. Сейфуллин атындағы ҚазАТУ-дың ректоры, профессор А.Қ. Күрішбаев атаулы сыйлықтарды тапсырды.

Наурызды атап өту арқылы университет ұлттық құндылықтарды насихаттап, ата-бабадан жеткен мол рухани мұраны жаңғыртып отырады. Бұл орайда, Қазақ агротехникалық университеті өзіндік үрдісті, салт-дәстүріміздің кейбір жоғалып бара жатқан түрлерін жаңғыртуды қалыптастырды. Өткен жылы көнеден жеткен «Ақсүйек», «Амал» мерекелерін атап өтті. Биылғы жылы факультеттердің Наурыз мейрамын тойлау барысында да ұмыт қала бастаған салт-дәстүрді жаңғырту шаралары басымдық алды, олардың қатарында «Сәукеле кигізу», «Ат тергеу», «Ашамайға мінгізу» сынды игі дәстүрлеріміз болды.

Наурыз мейрамы аясында ұлттық асық ойынын жаңғырту мақсатымен «Асығыңыз алшысынан түссін» атты спорттық сайыс ұйымдастырылды. Сайыста құрамына беделді журналистер енген «Халық сөзі» газетінің құрама командасы мен Қазақ агротехникалық университетінің «ҚазАТУ қырандары» студенттер командасында асықты алшыдан түсіріп, тәйкіден қағатын, қолдары орамды, қимылдары епті сегіз студент бақ сынады. Ойын қорытындысы бойынша бас жүлдені ҚазАТУ студенттер құрамасы иеленді.

Наурыз мейрамын атап өту барысында ұлттық асық ойынымен қатар, «Қазақша күрес», «Арқан тарту» сынды ұлттық ойындардан жарыс өтті, мерекелік концерт болды.

Жалпы саны 600 адам қатысқан батырлар, шешендер, ертегі кейіпкерлері қатысатын «Керуен» тарихи прологынан қойылым болды.



Көк байрақты егемен еліміздегі ұлтаралық келісіммен тілді, салт-дәстүрді насихаттайтын, рухани бірлікке үндейтін Наурыз мейрамына келген университеттегі 50-ден астам ұлт өкілдері өздерінің ұлттық киімдерімен киіп, рухани құндылықтарын насихаттады. Университеттегі «Қыз сыны» байқауының бас жүлдегері, «Сәулет өнері» факультетінің студенті Ажар Сыздықова, «Жігіт сұлтаны» атанған КЖжКББ факультетінің студенті Абылайхан Аппазхан да Наурыз мейрамында марапатталды.

Ұлыстың Ұлы күні наурыз мейрамының мерекелік шарасы кешкі уақытта арнайы бағдарламамен жалғасын тапты. Кешкі уақытта «Аграрка сарбаздары» КТК командасының көңілді әрі тапқыр жігіттерінің ұйымдастыруымен «Ақсүйек» ойыны ұйымдастырылды.
Каталог: docs
docs -> Рефераты қызылорда, 2013 ж
docs -> Ұлы пайғамбар ( с. ғ. с.) ұлықталған ғибратты кеш Наурыздың 11-і, қасиетті жұма күні Елордамыздағы Конгресс-Холл сарайында «Нұр Астана»
docs -> "Псюхе" ұғымы келесі мағынаны білдіреді
docs -> C мінез-құлық d санадан тыс
docs -> Бердіқожа назгүЛ бердіқожақызы зейнолла Шүкіров өлеңдерінің жанрлық, көркемдік ерекшеліктері
docs -> Анықтама басылымдар 070(574) Қ 17 Қазақ телевизиясы
docs -> Мадиева жансая қойшыбайқызы абай Құнанбаев, Мұхтар Әуезовтің шығармаларындағы педагогикалық идеяларының сабақтастығы
docs -> Сабақ Мұхтар Әуезов «Біржан сал Абай ауылында»
docs -> Мұражай-қорық коллекцияларына жаңадан алынған бұйымдар (ақын Төлеу Көбдіковтің 140 жылдығына орай) «Әдебиетті дарынды тұлғалар жасайды. Ал тұлғаны жарататын халық»


Достарыңызбен бөлісу:


©engime.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

енгізу | тіркеу
    Басты бет


материалдарды жүктеу