Абсолюттік температура әр қашанда оң шама. Абсолюттік нөл темпера- тура кезінде (Т=0) молекулалардың жылулық қозғалысы тоқтайды (w = 0). Бұл шекті минимал температура болады және абсолюттік температураны есептеудің бастамасы болып табылады.
Техникада температураны өлшеу үшін денелердің әртүрлі қасиеттері қолданылады: сұйықтықты термометрлерді
қыздырудан денелердің кеңеюі; газды термометрлерде көлемнің тұрақты кезінде қысымның өзгеруі немесе қысымның тұрақты кезінде көлемнің өзгеруі; кедергілі термометрлерде қыздыру кезіндегі өткізгіштің
электр кедергісінің өзгеруі; терможұп тізбегіндегі электрқозғаушы күштердің дәнекерлерін қыздыру немесе суыту кезіндегі өзгеруі. Жоғары температураларды оптикалық пирометрлермен өлшеу кезінде қатты денелердің сәулелену заңы мен зерттелетін материалмен аса қыздырылған сымды салыстыру әдісі қолданылады.
Судың үштік нүктесі деп аталатын нүктеде, яғни сұйық, газ тәріздес және қатты фазалар тұрақты тепе-теңдікте болатын нүктеде, Кельвин бойынша температура 273,16 К (өте дәл), ал Цельсий градусы бойынша 0,01
оС-ға тең болады. Демек, кельвин мен градус Цельсияда белгіленген температуралар арасында келесі қатынас болады: Т, К = t °С + 273,15.