Су буының is - диаграммалары
Ылғалды будың is – диаграммасын алғаш рет 1904 жылы Молье ұсынды. Диаграмма Тs-диаграммасына қарағанда есептеуге ыңғайлы. is - диаграммасы- ның жақсы жағы, процесте болатын техникалық жұмыс пен жылу мөлшері сызықтар арқылы көрсетіледі, ал Ts-диаграммада олар ауданмен көрсетілген. is - диаграммасын құрғанда (13 сурет) ордината осімен энтропия орналасқан.
Бұл жерде
s'0 0 ,
i'0 0
тең болады. Су буының кестелерін пайдалана отырып,
біріншіден сұйықтың және будың шекаралық қисықтарын енгізеді, олар К нүктесінде жиналады. Сұйықтың шекаралық қисығы координаттардан шығады, себебі осы нүктеде энтальпия және энтропия нөлге тең болады. Изобара сызықтары ылғалды, будың ауданында тек сызықтармен беріледі. Изобаралық
процесте
ds dq p / T di / T
немесе
(i / s) p T .
сурет. Су буының is - диаграммасы.
Изобараның еңкіштік бұрышының коэффициенті әрбір диаграммасының нүктесінде абсолюттік температураға тең болады, себебі ылғалды будың ауданында изобара изотермиямен тең болады, ол соңғы теңдеу бойынша ылғал буының изобарасы тік сызықтар болып келеді. Ылғалды будың ауданында құрғақ будың тұрақтысы (х = const) сызықтары көрсетіледі, олар К сындық нүктесінде кездеседі. Ылғалды бу ауданында изотермиялар изобаралар тең болады. Аса қызған бу ауданында олар айырысады. Изобаралар жоғарыға, ал изотермиялар төменге қарай орналасады.
Қайтымды адиабаталық процесс is - диаграммасында вертикалдық түзумен көрсетіледі. Сондықтан is - диаграммадағы барлық вертикалдық түзулер адиабатаны көрсетеді. Изобаралық үштік нүктесінен төмен жатқан ауданда, әр түрлі қосылыстың күйлері «бу+мұз» көрсетіледі. Қазіргі кезде жылу процесін зерттеген кезде is -диаграмманы және су буының кестесін пайдаланады, өйткені ол жұмысты әлдеқайда жеңілдетеді.
Достарыңызбен бөлісу: |