Классикалық (феноменологиялық) термодинамикада энергияның әр түрінің өзара түрлену заңдары оқылады. Техникалық термодинамика жылу мен жұмыстың өзара түрлену заңдылықтарын қарастырады


ІІ ТАРАУ ИДЕАЛ ГАЗДАР КҮЙІНІҢ ТЕҢДЕУІ



бет10/68
Дата08.02.2022
өлшемі1,72 Mb.
#123524
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   68
Байланысты:
Классикалы (феноменологиялы ) термодинамикада энергияны р т р
1-апта. Ерікқызы М, 1-апта. Ерікқызы М, Тілдер күні тәрбие сағаты, химия вариант№1, химия вариант№1

ІІ ТАРАУ ИДЕАЛ ГАЗДАР КҮЙІНІҢ ТЕҢДЕУІ




    1. Идеал газдардың негізгі заңдары


Бойль-Мариотт және Гей-Люссак заңдарына толық бағынатын газдарды идеал газдар деп атайды. Идеал газдарда молекулалар арасында өзара тартылыс және тебу күштері болмайды, ал молекула көлемі газ көлемімен салыстырғанда өте аз болады.
Барлық нақты (реалды) газдар жоғары температура мен аз қысымда
«идеал газ» түсінігіне толығымен келеді жәнеде қасиеттері бойынша ешқандай айырмашылық болмайды. Идеал газ күйі – бұл қысым нөлге ұмтылған кезде реалды газдың шекті күйі (р →0).
Идеал газ туралы ұғым енгізу дене күйін сипаттайтын шамалар арасында қарапайым математикалық тәуелділіктерді құруға және идеал газдар заңдары негізінде термодинамикалық процестердің үйлесімді теориясын құруға мүмкіндік берді.
Бойль-Мариотт заңы тұрақты температура кезіндегі процесте идеал газдың меншікті көлемі мен абсолютті қысымының арасындағы тәуелділікті орнатады. Бұл заң тәжірибелік жолмен, 1664 ж. ағылшын физигі Бойльмен және оған тәуелсіз 1676 ж. француз химигі Мариоттпен ашылған. Бойль-Мариотт заңы бойынша: тұрақты температура кезінде идеал газ алатын көлем оның қысымына кері пропорционал:

v1/v2 = р21 (13)


немесе тұрақты температура кезінде меншікті көлемнің қысымға көбейтіндісі тұрақты шама:
р1v12 v2; р v = const. (14)
Графикалық түрде рV – координаталар жүйесінде Бойль-Мариотт заңы теңқырлы гиперболамен кескінделеді. Бұл қисық изотерма деп, ал тұрақты температурада өтетін процесс изотермиялық деп аталады.
Гей-Люссак заңы қысымның тұрақты кезіндегі меншікті көлем мен абсолютті температура арасындағы тәуелділікті белгілейді. Бұл заңды, эксперименттік жолмен, француз физигі Жозеф Луи Гей-Люссак 1802 жылы ашты. Гей-Люссак заңы бойынша: тұрақты қысым кезінде идеал газдың бірдей мөлшеріндегі көлем абсолютті температураға тура пропорционал өзгереді:
v1/ v2 = Т12 (15)
рv- координаталар жүйесінде Гей-Люссак заңы абсцисса өсіне параллель түзумен беріледі. Бұл түзуді изобара, ал процесті – изобаралық немесе тұрақты қысымда өтетін процесс деп атайды.




    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   68




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет