Кластан тыс жүмыстың ұйымдастыру әдістері және оны қолдану



бет1/2
Дата09.04.2023
өлшемі25,79 Kb.
#174037
  1   2
Байланысты:
Қазақ тілі ОБӨЖ-5


Кластан тыс жүмыстың ұйымдастыру әдістері және оны қолдану
түрлері.
Жас үрпақтың дүниетанымының дүрыс қалыптасуы, ой- өрісінің биік болуы мектепте өткізілетін пәндердің мазмүны оқу эдістемелік жүйесіне байланысты. Қазақ тілі пэнін оқыту барысында оның тиімділігін арттыруда, оқушылардың ақыл-ойын, әдеби қабілеттерін дамытып жетілдіруде ерекше екенін тэжірибеміз дэлелдей түсті. "Единства урочной и внеурочной работы - залог успеха в преподование литературы",- дейді эдебиетші ғалым Ж.Э.Кушнарева. (223)
Қазақ тілін талапқа сай оқып білуге, оның идеялық, эстетикалық мэн-мағынасын терең ойлап, еркін қабылдауға қажетті біліммен, біліктілікпен қаруландыру оқырмандық мәдениетті көтеру мэселесі тек сабақпен ғана шектелмейді, ол үздіксіз жүргізіліп отырылатын кластан тыс жүмыстарға да тікелей қатысты, байланысты болып табылады. Алайда қазақ тілі пэніне байланысты атқарылатын сан түрлі кластан тыс жүмыстардың үйымдастырудың үтымды жолдары, оның эдістемесі ғылыми түрғыдан қарастырылып қазақ мектептерінің жағдайында толық шешімін тапты дей алмаймыз. Бүл жүмыстарда жүйесіздік байқалуы көп жағдайларда эр мектептегі мүғалімдердің өзіндік іс-эрекетіне байланысты жүргізіліп, нақты белгілі мақсат көзделмейтінін көреміз. Әдіскер ғалым Н.И. Болдырев : " Кластан тыс жүмыстардың көп жағдайда оқушыларға ықпал етіп, іс-эрекеттерін үйымдастыруда жалпылама, жаппай түрлері басым",-деген сездері ойымызды бекіте түседі. (62)
1991 жылы 27-29 мамырда шығармашылықпен жүмыс істейтін мүғалімдердің республикалық бірінші слеты болып өтті. Мүнда республика мектептерінің, мектептен тыс мекемелердің, мектептке дейінгі қоғамдық тэрбие орындары жүмыстарындағы кемшіліктер қазіргі күн талабынан кейін қалып отырғаны туралы айтылды. "Мектеп жүмысында үраншылдық басым. Кеп мүғалімдер жоғарыдан нүсқау күтеді. Қағаз кеп, жоспар, шара жеткілікті, формальдық басым, мүғалімдер оқушыларды кластан тыс жүмыстар барысында қалай тәрбиелеуді білмей дағдарысқа үшырады", - деп ашық айтылған пікірлер кәп болды. (325)
Оқушылардың сабақтан тыс іс-әрекеті неғұрлым мазмүнды болған сайын, олардың жеке басының қалыптасуы да соғүрлым ойдағыдай өтеді. «Когда учащийся в свободное от уроков время занимается интересным и разным делом в кружке, клубе, факультативе и в других творческих объеденениях, то это влияет на формирование его личности»,-деп эдіскер ғалым Т.В.Сорокина орынды көрсетеді (279).
Қазақ тілі эдістемесі педагогика ғылымы мен қазақ тілі сабақтарындағы оқу-эдістемелік процесс жэне қазақ тілінен жүргізілетін кластан, мектептен тыс уақыттағы жүмыстар арқылы байланысады. Өйткені эрбір кластың бағдарламасына сэйкес білім беру, соның негізінде тэрбие беру мектептің негізгі міндеттерінің бірі болса, оқу мен тэрбие бірінен-бірі ажыратылмайтын біртүтас процесс болып табылады.
Қазақ тіліне байланысты кластан тыс жүргізілетін жүмыстардың қандай түрі болмасын оқушылардың ой-өрісін дамытып, білімдерін тереңдетіп , қазақ тілінің ғылыми - теориялық жағын жете түсініп, оны өмірмен байланыстыруға ынталандырады.
Біздің негізгі сөз етер нысанамыз қазақ тілі болғандықтан, "кластан тыс оқу" мәселесін жеке тарау ретінде бердік. Кластан тыс жүмыстарды үнемі толықтырып өткізу, үйымдастыру жолдары түрлендіріліп отырады, оған белгілі бір шек қоюға болмайды, мүғалім ізденісіне сай үнемі дамуда болатыны белгілі.
Уақыт озған сайын жаңа талап, сан-салалы міндеттер туындайтыны белгілі. Демократия тағылымдары нәтижесінде үлттық дэстүрге, тэлім-тэрбие бастауларына ден қою, оған жаңаша көзқараспен қарап, байыптауға бет бүрылды. Біз бүл бөлімде қазақ тіліне қатысты кластан тыс жүмыстардың ең негізгі түрлеріне тоқталып, мектеп жағдайында эксперименттік сынақ тәжірибеден өткізілген үйымдастыру барысында қолайлы деп тапқан кейбір түрлерін үлгі ретінде үсынамыз. Ал мектептен тыс жүргізілген жүмыстардың ішінен тек қазақ тіліне қатысты жағын ғана алып, белгілі бір жүйемен сабақтастыра беруге тырыстық. Барлығын түгел қамту бір еңбек көлемінде мүмкін емес екені белгілі.
Демек , біздің негізгі мақсатымыз: қазақ тіліне байланысты жүргізілетін кластан тыс жұмыстар барысында тоқырау кезінде кеңінен өріс алған, келеңсіз құбылыстарды жоя отырып, мектептердегі тәрбие жұмысына ұлттық ерекшіліктерді ескеру негізінде сезімталдық, әдептілік, қабілеттерді қалыптастыра отырып, бір ізге түсірілген қазақ тілі пәніне байланысты кластан тыс жүйелі жұмыс түрлерін ұйымдастыру керек екенін күн талабының өзі қажет етіп отыр десек артық емес.
Мектеп тәжірибесінде қазақ тілі пәніне байланысты кластан тыс уақытта жүргізілген жүмыстың негізгі бір саласы - түрлі үйірмелер болып табылады. Бұл аталған үйірмелердің әрқайсысының өз алдына көздейтін мақсаты, соған қарай жұмысының мазмұны мен формалары, ұйымдастыру принциптері бар.Осы үйірмелердің бэріне ортақ ерекшеліктер: үйірменің қай-қайсысы ерікті түрде үйымдастырылады, оған оқушылар да өз еркімен жазылады.Бүл жөнінде мектеп экімшілігі, қоғамдық үйымдар, мүғалімдер ұжымы, үйірме жетекшісі тарапынан ешқандай қысым, зорлық болмау керек. Қай үйірмеге қатысатынын оқушы өзі шешу керек. Әрбір үйірменің өзіне тән ерекшілігін, мақсат-міндеттерін түсіндірген жөн. Оқушының қабілеті, икемі, бейімі, таланты, әуестігі қандай дәрежеде екені пэн мүғалімі, класс жетекшісі назарынан тыс болмау керек. Кімнің қандай үйірмеге жазылуы жайын ұйымдастырып, белгілі мақсатқа бағыттау, олардың өз қалаған өнеріне қызығуын арттырады, жан-жақты дамуының негізін қалайды.
Класс жұмысынан кластан тыс жұмыстың айырмашылығы: мұнда оқушылар аз жазып, көп сөйлейді. Оқушылар ауызша «әңгімелер, докладтар дайындайды. Мәнерлеп өлеңдер оқуға үйренеді, сахна ойындарын ұйымдастырады т.б.
Кластан тыс жұмыстардың тағы бір ерекшілігі - оның формалары мен әдістерінің сан алуандылығында және оның бұқаралығында.
Кластан тыс жұмыстардың тәрбиелік құндылығы, олардың тиімділігі осындай бірқатар талаптарды сақтауға байланысты. Бұл жұмыстардың мазмұны мен ұйымдастыруы мектептің оқу –тәрбие міндеттеріне бағындыру қажет. Кластан тыс жұмыстардың тиімділігі - егер олар анда-
санда емес, жүйелі, үнемі өткізілген жағдайда едәуір артады. Мектепте сабақ кестесі ғана емес, кластан тыс жұмыстардың да кестесі болуы пайдалы. Онда үйірмелік жэне басқа кластан тыс жұмыстардың күндері және сағаттары көрсетілуі қажет.
Мүғалім кластан тыс жұмыстарға оқушыларды түгелдей қатыстыра отырып, ұялшақ, бұйығы , нашар үлгеретін балаларды танып біледі, оларға нақты көмек көрсетуге, қабілетін арттыру үшін іске үздіксіз жаттықтыруға мүмкіндік алады. Оқушылардың үнемі пікірлесіп отыруына, жеке істер жүргізуіне, еркін үсыныстар айтуына шек қойылмауы керек. Кластан тыс жұмыстарды жүргізгенде оған оқушыларды көптеп қатыстырып отыру керек.
Бастауыш класта қазақ тілінен кластан тыс жұмыстарды жүргізу үшін мұғалімнің білімі терең, жан-жақты дамыған, педагогикалық шеберлігі болуы басты мәселе. Сабақтан тыс уақытта жұмыстарды жүргізу кезінде мұғалім оқушылардың талап - тілегін, қызығатын мәселелерін жан-жақты дамытуға мүмкіндік алады.
Әдетте, кластан тыс жұмыстарды төменгі класс оқушыларымен өткізу жоғарғы кластарға қарағанда әлдеқайда күрделі болып келеді. Өйткені, төменгі класс оқушылары жұмысқа «лі де болса төселіп ысылмаған, дағдыланбаған.
Қазақ тілі сабағында жүргізілетін оқу-тәрбие жұмысы және кластан тыс жұмыстар өзара тығыз байланыста болады, себебі бұлар бірін-бірі толықтырады.
Қазір жаңа бағдарлама талабына сай оқушылардың өздігінен оқуына үлкен көңіл бөлініп отыр, сондықтан да сыныптан тыс оқу әдістемесінің алдына қойылып отырған негізгі мақсаты - жалпы білім беру жүйесінде оқушылардың өздігінен оқу дағдысын қалыптастыру.
Оның міндеті оқушының жас ерекшіліктеріне қарай балалар қалай оқи білуге, оқығанын саналы түрде түсініп, зердесіне тоқуға үйретумен қатар, сол оқу барысында оның айналасындағы өзін қоршаған өмірді тани білуіне, өзінің элі де білмейтінін білдіруге жәрдемдеседі.
Қазақ тілінен кластан тыс жүргізілетін жұмыстар деп- мұғалімнің оқушылармен сабақтан басқа уақытта жүргізілетін жұмыстар жүйесін айтамыз. Қазақ тілінен кластан тыс жүргізілетін жұмыстарды 2 түрге бөлуге болады:

  1. Бағдарламадағы материалды толық түсінбеген оқушылармен
    жүргізілетін жүмыстар.

  2. Қазақ тілінен қабілеті жоғары, қазақ тілі пәніне асқан
    қызығушылықпен қарайтын оқушылармен жүргізілетін жүмыстар.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет